Жұмыстың тақырыбы



бет3/12
Дата23.11.2023
өлшемі3,2 Mb.
#193121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
537 Орынбай Айзере (Дарын1) оригинал
1, trigonometricheskie tablicy, ах рп 2010 соң, 1, Абайдың шығармашылығы
Зерттеу мақсаты: Кәрікен тұзының сапалық және сандық құрамын, тағамдық құрамын, тазалау жолдарын, өндіру жолдарын, тұздың табиғатта кездесуін, физико-химиялық қасиеттеріне толық сипаттама беру.


Зерттеудің міндеттері:
1.Созақ ауданыңдағы Кәрікен тұздың құрамындағы элементтерге сапалық және сандық талдау жүргізу.
2.Кәрікен тұзын қазіргі халық көп тұтыынп жүрген "Арал" ас тұзымен салыстыру және талдау жүргізу.


Зерттеу нысаны: Созақ ауданы, Қаратау ауылындағы Кәрікен табиғи тұздың құрамындағы элементтерді зерттеу және талдау жүргізу.


Ғылыми болжамы: Кәрікен тұз кенінің құрамындағы нақты элменттердің мөлшері анықталады. Тұздың сапасына талдау жасалады. Практикалық маңыздылығы келтіріледі.


Өзектілігі: Бүгінгі күні елімізде өнеркәсіптің дамуымен қатар халықтың тұзды қолданылуы жыл сайын өсіп келе жатыр. Осылай, әлемде өндірілетін тұздың 6% адаммен, ал 94% химиялық өндірістің басты ингредиенттері - «үлкен бестіктің» құрамына күкірт, көмір, әктас пен мұнайдың қатарына кіріп, негізінен өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Осы тұзды шикізат ретінде қолданушы ең үлкен өнеркәсіп болып, хлор, күйдіргіш сода және адам тіршілігі үшін қажетті пластмасса, қағаз, сабын, жуғыштар, инсектицидтер мен әйнектер дайындайтын содалы күл өндіретін хлорлы-сілтілі индустрия болып табылады. Тамақ өнеркәсібі тұзды консервілеу, пісірулер, ұн мен басқа да өнімдерді өңдеу, етті сақтау, балықты тұздау, май өндіру мен тамақ өнімдеріне дәм келтіру үшін қолданады. Тұз тағы басқа салаларда да қолданылады, мысалы: былғары өнеркәсібі, жолдарды мұздан тазартуда, мұнай ұңғымасын бұрғылауда, бояғыштар мен тоқыма өндірісінде. Химиялық өнеркәсіптің дамуы тұздың және оның туындыларының одан да көп қолданылуымен байланысты, әлбетте оның болашақта рөлі арта түседі. Сондықтан ас тұзының құрамындағы зиянды заттардың болмауы шартты. Осы мақсатта аз зерттелген Кәрікен тұз кенінің құрамындағы элементтерге талдау жүргізу өзекті мәселе деп есептеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет