Жұмысты таратпауды қатаң ескертемін! 024-2025 оқу жылы бойынша 34 тәрбие сағатына арналған жылдық тәрбие сағаты қмжсы сұрақтар болса 87053828847


Кітап – шебер ұстаз , тілсіз мұғалім



бет39/52
Дата23.09.2024
өлшемі0,68 Mb.
#204960
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
2024-2025 ж бастауыш қмжсы тәрб

Кітап – шебер ұстаз , тілсіз мұғалім .
Кітап – адал пейіл , асыл дос .
Кітап мұхит , сол мұхиттан не терең ?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем !







презентация

Мектеп атауы


Тәрбие сағаты тақырыбы:
«Ұлттық киім ұрпаққа мұра»
Сынып жетекші:

2024-2025 оқу жыл


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағаты

Ұлттық киімдер

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы білімін молайту, ұлттық киімдермен таныстыру
Дұрыс сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру
 Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақтың тарихына, салт - дәстүріне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Ұлттық киімдерге байланысты фотосуреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу  Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Психологиялық дайындық
2) Оқушыларды бүгінгі күнмен таныстыру
II. Өткен тақырыпты қайталау
Алдыңғы сабақта өтілген тақырыпты қайталап пысықтау.

III. Жаңа сабақ
Балалар бүгін біз киім жайында оның ішінде Қазақтың ұлттық киімдері туралы өтіп олармен танысамыз. Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын жасанды жамылғы, тұтыныс бұйымы. Қазақ халқының ұлттық киімдері өзіндік өзгешелікке толы. Ұлттық киімдерге біз тақия, қалпақ, сәукеле, мәсі, саптама етік, кимешек, жейде, көйлек, камзол, шапан, ішік тағы сол сияқты киімдерді жатқызамыз. Біз бүгін олардың әрқайсысына жекелеп тоқталамыз.
Тақия - сәтен, шұға сияқты матадан кестелеп тігілген баскиім. Тақияның үлгілері көп: үкілі, оқалы, шошақ төбе, тікше, қатипа, т. б.
Қалпақ - ақ киізден қалың матадан тігілген, биік төбелі баскиім. Төбесі шошақ биіктеу етегі кең келген бұл баскиім күннің сәулесін, суық өткізбейді, жауын-шашыннан пана сәнді киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді.
Сәукеле - қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән - салтанатының, салт - дәстүрінің, мәдениетімен шеберліктің озық үлгісі.
Кимешек - қазақ әйелдеріне тән. Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.
Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.
Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.

Кимешекті ақ матадан, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп әшекейлеп дайындайды. Салт бойынша әйелдер балалы болғаннан кейін киеді.
Ішік - әрі жылы, сәнді, сырт киім. Ішікті еркектер де әйелдер де киеді. Ішікті әшекейлеп, ою, кестелеп, зерлеп тігеді.
Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімдерінің бірі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, шұға сияқты әдемі мықты матадан қапталып тігіледі.
Жейде - түймелігі жоқ ішкиім. Алдыңғы екі өңірі өте ұзын, камзол тәрізді төменге салбырап тұрады. Жейде қайырма жаға, тік жаға, қақпақ жағалы боп бөлінеді.
Камзол - орны ерекше, әрі жылулық, сәндік міндет атқаратын киім. Камзол астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындармен әшекейленген, бойтұмар қадап, әртүрлі әткеншектер ілген.
Саптама етік - қонышы ұзын, киіз байпақпен шалбардың балағын ішіне салып киетін етік. Оны ертеде қолдан иленген көңнен адамның аяғы мен тізе буынын суықтан бейімдеп киіз байпақтың сыртынан киген.
Мәсі - өкшесіз, жұмсақ, аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқкиім. Мұны көп жерлерде іш байпақ, іш етік, былғары байпақ, көзел, жұмсақ былғарыдан тігіледі.

Слайд

Сабақ басы (13 мин)



Сергіту жаттығу
Бойды бүкпей тік ұста
Оң қолыңды оң жаққа
Сол қолыңды сол жаққа
Дәл осылай қайтала

Оқушыларға киімдердің суретін көрсете отырып олардың атын жеке және хормен атату.
1) тақия
2) қалпақ
3) мәсі, саптама етік
4) жейде
5) кимешек
6) көйлек
7) камзол
8) шапан
9) ішік

Слайд

Ортасы (20 мин)



Кимешек» атты сөзжұмбақты шешу.

1. СәуКеле
2. КИім
3.Мәсі
4. ЖЕйде
.Шекпен
6. Тү йЕ[/b
7. Еш[]К
 і

1) Қызды ұзатқанда киетін аса қымбат бас киім
2) Денені суықтан сақтайтын, жасанды жамылғы тұтыныс бұйымын ата
3) Өкшесіз жұмсақ аяққа жеңіл тігілетін қонышты аяқ киім
4) Түймелігі жоқ іш киім.
5) Ұзындығы тізеден сәл төмен болып келетін, жеңінің ұшы саусақ ұшын жабатын ұлттық киім.
6) Қай түліктің жүнінен шекпен тоқып, шуда жіп алынған
7) Қай түліктің түбіті түйе жүнінен де қымбат, жібекпен теңдес саналып, шәлі, шұлық тоқыған

презентация

Соңы



Қазақтың ұлттық киімдерінің атын жаттап келу, сипаттама беру




Слайд

Мектеп атауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет