Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1



бет21/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class
30. «Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1:
1) 6-тармақтағы «күзетпен қамауға алуды» деген сөздер «күзетпен ұстауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-тармақтағы бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚПК-нің 48-бабы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес күзетпен ұстау мерзімі нақты ұсталған кезден бастап есептеледі, осыған байланысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулыда: осы мерзімді есептеудің басталуы минутына дейінгі дәлдікпен; осы бұлтартпау шарасы санкцияланатын мерзім; осы мерзімнің аяқталу уақыты бір минутқа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Сотта іс жүргізу кезінде сотталушыны күзетпен ұстау мерзімін есептеу іс сотқа келіп түскен мерзімнен бастап ҚПК-нің 342-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға, сот талқылауын кейінге қалдыруға, соттылығының өзгеруіне байланысты істі бір соттан басқа сотқа беруге қарамастан, сотталушыны сотта іс жүргізу кезінде күзетпен ұстаудың жалпы мерзімі іс сотқа бірінші келіп түскен күннен бастап және үкім шығарылғанға дейін есептеледі және
ҚПК-нің 342-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзімдерден аспауға тиіс.
ҚПК-нің 342-бабының екінші және үшіні бөліктерінде көрсетілген күзетпен ұстау мерзімдері өткеннен кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге бұлтартпау шарасына өзгертуі тиіс.»;
3) 15-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы қаулысында осы бұлтартпау шарасы ұзартылған мерзім, сондай-ақ осы мерзімнің аяқталу уақыты минутына дейінгі дәлдікпен көрсетілуге тиіс.»;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет