Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16



бет22/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class
31. «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы»
2004 жылғы 26 қарашадағы № 16
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 14; 2017 жылғы
31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

1) 2-тармақтағы «сондай-ақ куәнің» деген сөздер «куәнің, сондай-ақ қорғауға құқығы бар куәнің» деген сөздермен ауыстырылсын;


2) 3-тармақтағы «бірінші және екінші бөліктерінде» деген сөздер «бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;





  1. 4-тармақтағы екінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Бұл ретте айыптау шегінің кеңеюіне әкеп соғуы мүмкін мән-жайларды анықтау үшін сараптама тек айыптау тарапының өтінішхаты бойынша тағайындалады.»;

4) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:


«11-1. ҚПК-нің 273-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың (сот сараптамасы органдарының қызметкерінің; лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамның; заңда көзделген тәртіппен және шарттарда сараптама жүргізу біржолғы тапсырылған өзге де адамның) сараптамалық қорытындыларының бір-бірінің алдында қандай да бір артықшылығы жоқ.»;
5) 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. ҚПК-нің 111-бабына сәйкес маманның қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады.
Маманның қорытындысы, сарапшының қорытындысы сияқты, басқа дәлелдемелерден және алдын ала белгіленген күштен ешқандай артықшылығы жоқ, іс бойынша басқа дәлелдемелермен бірге талдауға, салыстыруға және бағалауға жатады.».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет