Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Дивизионалдық құрылымының кемшілігі



бет19/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

Дивизионалдық құрылымының кемшілігі:
- Өнімнің алуан түрлері бойынша бірдей жұмыстардың қосарлануы салдарынан шығынның көбеюі.
18.Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың жалпы схемасы.
Кәсіпорындағы өндірісті басқару процесі басқару аппаратына ұйымдастырылған жұмысшылар ұжымымен жүзеге асырылады. Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады. Әрбір кәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:
техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі);
ұйымдық - экономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі, басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар сипаты);
сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі, климаттық және табиғи жағдайлар);
• ұйымдық – құқықтық қатынастар (ЖШС, АҚ).
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы– бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.
Басқару звеносы – бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау, есепке алу, реттеу және т.б.), оның бір бөлігін немесе бірнеше функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.
Басқару сатысы – бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты басқару, өндірістік учаскелерді басқару және т.б.).
Басқарудың ұйымдық құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару функцияларынан тұратын өндірістік – аумақтық принцип жатыр.
Өндірістік – аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді.
Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады. Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет