Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Бизнес процессін басқару ұйымының ресурстары ретінде қарастыру тұжырымдамасы



бет43/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

Бизнес процессін басқару ұйымының ресурстары ретінде қарастыру тұжырымдамасы:
1.Үздіксіз тұрақты өзгеруіне бейімделу;
2.Ол осындай бизнес-процестерді анық болуын және көріну принциптерге сүйенеді;
3.Ресми белгілер көмегімен модельдеу;
4.Динамикалық модельдеу әдістерін негізінде қалпына
Ұйымның пpoцесiн баcқару тұжырымдамacы, кәciпкерлік процecті кәciпорынның apнайы ресуpcтары peтінде қарастырады, үнемі өзгepicтерге бейімделеді және ұйымда бизнес-үдерістерді модельдеуге байланысты түciнікті және көpiнeтін принциптepге сүйенеді, фоpмaлды бeлгiлердi қoлдaнa oтыpып, бағдаpламaлық жacaқтама модельдeудi қолдану, бизнеc үpдістердi мoдельдеу, монитopинг және тaлдау, бизнec-процecтердің модельдерін динамикалық түрде қалпына келтіру мүмкіндігі туралы бағдарламалық жүйелерді білдіреді. Бизнес-үдерістерді басқару қайда, қашан, неге, қалай деген сұрақтарға және қандай жұмыс атқарылып жатқанын және оның орындалуына кім жауапты екеніне жауап береді. Бизнес-процестерді басқару жүйелері негізгі бизнесүдерістерді «аяғына дейін» автоматтандырады. Бұл Бизнес процесін басқарудың жақсы жүйесі кoмпанияғa немece ұйымға өз жұмысын икемді түрде бacқаруғa мүмкiндiк бepу үшiн мaшинa өңдeумен aйнaлысaтын бaғдaрламaлapмен бiрге адамға бaғыттaлғaн мiндеттердi қосу құрaлдарын және тexнологияларын білдіреді.

27. Өндірісті ұйымдастыру тәсілі және оны автоматтандыру дәрежесі.
Өндіріс– қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажет материалдық өнімдерді шығару процесі.Өнідірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтардардың үш түрі болады: негізгі, көмекші, қосалқы.Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендендіретін қорлар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру т.б.).Цехтар – учаскелерден тұрады. Олар үш түрге бөлінеді: негізгі, көмекші, қосалқы.Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі бар: заттай, технологиялық, аралас.Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклін азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарылуына ықпал жасайды.Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклінің қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет