Жоба ұғымының анықтамасы. Жоба


Матрицалық құрылымның кемшілігі



бет31/79
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162835
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Байланысты:
ПРОЕКТ НАКТЫЫ

Матрицалық құрылымның кемшілігі:
- Қатар бағыну құрылымының күрделілігі, оның нәтижесінде мәселелер басымдылығын белгілеумен оларды орындауға уақыт бөлу бойынша проблемалар туады;
- бағдарлама жетекшілерінің арасында келіспеушіліктің болуы;
- мақсаттар бойынша басқару мәселелердің арасындағы күштердің ара қатнасын тұрақты бақылау қажеттігі;
- жаңа бағдарлама бойынша жұмысқа қажетті дағдыларға ие болу қиындығы.
Дивизиондық құрылымның негізін салушылар Пьер С. Дюпон мен Альфред П. Слоун болды.
Девизионалдық құрылым бойынша ұйымды элементтер менблоктарға бөлу тауарлар мен қызметтер түрлері, тұтынушылар тобы және географиялық аймақтарға байланысты болды. Бұл құрылым фирманың көлемі, диферсификациясы, техналогиямен сыртқы орта өзгерісі сияқты мәселелердің шешімі тетінде пайда болды.
Өнімдік құрылым. Фирманы дамытудың кең тараған әдісінің бірі өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейту болып табылады.
Бұл құрылым бойынша қандайда бір өнімді немесе қызметті өндіру және өткізуді басқару өкілеттілігі бір басшыға жүктеледі және ол осы өнім түрі бойынша жауапты болады. Егінші функционалдық қызмет басшыларға осы өнім бойынша басқарушыға есеп беру керек.
Өнімге бағытталған құрылым ірі фирмаға нақты өнім түріне азғана өнім өндіретін кішігірім фирмамен шамалас көңіл бөлуді қамтамассыз етеді. Гарвард университетінің жүргізген зерттеулері бойынша өнімге бағытталған құрылымға ие фирма басқа ұйымдастырушылық құрылымына қарағанда жаңа өнімді өндіруге және өткізуге табысты жұмыс істейді.
Дивизионалдық құрылымының артықшылықтары:
- Бұл құрылымда табысты алуға кім жауапты екендігі нақты және дәл анықталған;
- функционалдық құрылымға ие фирмаларға қарағанда бәсеке жағдайы, технология және тұтынушы сұранысының өзгерісіне бейім болып келеді;
- нақты өнім түрі бойынша басқарудың бір адамның қолында болуы жұмысты үйлестіруді жақсартуға алып келеді.
Дивизионалдық құрылымының кемшілігі:
- Өнімнің алуан түрлері бойынша бірдей жұмыстардың қосарлануы салдарынан шығынның көбеюі.
Тұтынушыға бағытталған құрылым.
Мұндай құрылымның мақсаты барлық тұтынушы топтардан бір ғана топқа қызмет көрсететін ұйыммен теңдес қанағаттандыру болып табылады. Мысалы,үлкен баспалар үлкендергк арналған, жасөспірімдерге арналған, орта және жоғарғы мектептерге арналған оқулықтар мен айналысатын жекелеген бөлімшелерден тұрады және әрбір бөлімше өз алдына жеке бір компания секілді қызмет атқарады. Олардың әрқайсысының редактор бөлімі маркетинг және қаржы бөлімі, өткізу бөлімі болады.
Аймақтық ұйымдық құрылым.
Егер ұйымның қызметі үлкен географиялық зонаны, әсіресе халықаралық масштабта қамтитын болса, онда аймақтық құрылымды қолдануға болады. Аймақтық құрылым жергілікті заңнамамен, салт - дәстүрмен және тұтынушы қажеттіліктермен байланысты мәселелерді шешеді, жеңілдетеді. Бұл құрылымға мысал ретінде ірі фирмалардың өткізу ұйымдастырушылығын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет