Жоба Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы



Дата10.06.2017
өлшемі319,01 Kb.
#18736
Жоба

Мамандандырылған білім беру

ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік

қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны сәйкес:

1) Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектептер, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия, (мамандандырылған мектеп-гимназия)) түрлері қызметінің үлгілік қағидалары;

2) Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары;

3) Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.



3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген



Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) түрлері қызметінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия, (мамандандырылған мектеп-гимназия)) түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

2. Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицейлер (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі – мамандандырылған мектептер) – білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3. Мамандандырылған мектептер қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

4. Мамандандырылған мектептердің негізгі мақсаты - элитарлық білімді, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мен мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыру.

5. Мамандандырылған мектептердің міндеттері:

1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

2) дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

3) дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту;

4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, қосымша және кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға дайын, мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлі тұлғаны қалыптастыру;

5) Оқушылардың негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы және саралаған оқуды меңгеруін қамтамасыз ету;

6) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

6. Мамандандырылған мектептердің ерекшелігі – жеке басқа тиісті қабілеттерді, шығармашылық негіздерін ертерек дамытумен, қазіргі заманғы ғылымның өзекті бағыттарында өз бетінше бағыт алуға үйретумен іргелі білім беруді байланыстыру.

7. Жалпы орташа білім берудің қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету, оқу үшін қолайлы жағдайларды жасау, дарынды балаларды олардың бейімділіктеріне, қабілеттеріне, мүдделіліктеріне байланысты тәрбиелеу және дамыту мақсатында мамандандырылған мектептердің келесі түрлері құрылады:

Мамандырылған мектеп – білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей) –оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) – оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

8. Мамандандырылған мектептерде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


2. Мамандандырылған мектептер қызметінің тәртібі

(мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия))
Қызметті ұйымдастыру
9. Мамандандырылған мектептердің мәртебесі (үлгісі, түрі) нормативті-құқықтық актілердің талаптарын, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын ескере отырып, оның жарғысында көрсетіледі.

10. Мамандандырылған мектептерді мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

11. Мамандандырылған мектептер іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізу нысандарын, құралдары мен әдістерін, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

12. Мамандандырылған мектептерде келесі бағыттар болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

13. Мамандандырылған мектептер қосымша білім беру қызметтерінің түрлерін, нысандарын, оның ішінде ақылы қызметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте көрсетеді.  

14. Мамандандырылған мектептерге оқуға қабылдау конкурстық негізде балалардың жалпы интеллектуалдық даму деңгейін, оқытудың тиісті бағытына сәйкес арнайы қабілеттерін анықтауға бағытталған медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Мамандандырылған мектептерге жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық, өңірлік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары және жүлдегерлері білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

15. Мамандандырылған мектептер оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Аралық және қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

17. Бітірушілерге белгіленген үлгідегі жалпы орта білімі туралы аттестаттар беріледі.


18. Республикалық маңыздағы мамандандырылған мектептерді материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мамандандырылған мектептерін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Дамуында мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды оқытуда олардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес қажетті жағдай жасалады.
Білім беру үдерісі
19. Мамандандырылған мектептер білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1) бірінші деңгей - бастауыш білім беру;

2) екінші деңгей - негізгі білім беру;

3) үшінші деңгей - жалпы орташа білім беру.

20. Мамандандырылған мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыру білім беру саласында уәкілетті орган бекітетін бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген жұмыс істейтін оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

21. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

22. Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

23. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болуы мүмкін. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

24. Мамандандырылған мектептерде пәндерді терең оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына

1500 сағат есебінен біліктілігі жоғары мамандармен шарт негізінде өткізілетін жекелеген курстар және дәрістерге төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

25. Мамандандырылған мектептер олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

26. Мамандандырылған мектептер ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

27. Мамандандырылған мектептерден сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

28. Мамандандырылған мектептердегі сыныптар-топтарының саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

29. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

30. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.


Басқару және кадрлық қамтамасыз ету
31. Мамандандырылған мектептерді басқару және кадрлық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржыландыру
32. Мамандандырылған мектептерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.

34. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

35. Мамандандырылған мектептердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

36. Мамандандырылған мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.
Халықаралық ынтымақтасу
37. Мамандандырылған мектептер халықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған мектептер қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес қатысады.
Құру, қайта құру және тарату
38. Мамандандырылған мектептерді құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

___________________


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген



Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің

үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тәртібін айқындайды.

2. Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Мектеп-интернаттар) - білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған және оқушыларды тұратын орынмен қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3. Мектеп-интернат өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

4. Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты – дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.

5. Мектеп-интернаттың міндеттері:

1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;

2) тұратын орнын қамтамасыз етумен қоса дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлілігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

3) дарынды балалардың жеке бағдарланған білімін дамыту;

4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, қосымша және кәсіптік білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға дайын, мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлі тұлғаны қалыптастыру;

5) Оқушылардың негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы және саралаған оқуды меңгеруін қамтамасыз ету;

6) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу.

6. Әртүрлі мектеп-интернаттар нақты міндеттерге, білім берудің мазмұнына қойылатын талаптарға, білім беру процесінің ерекшеліктеріне, қызмет режиміне және қаржыландыру жағдайларына байланысты құрылады.

7. Мектеп-интернаттар қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті нормативті-құқықтық актілермен реттелетін республикалық, облыстық маңызда бола алады.

8. Жалпы орта білім берудің қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету, дарынды балаларды олардың бейімділіктеріне, қабілеттеріне, мүдделіліктеріне байланысты оқыту, тәрбиелеу, дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Мектеп-интернаттардың келесі түрлері құрылады:

Мамандырылған мектеп-интернат-тұратын орын ұсынумен қоса жаратылыстану-математикалық немесе қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша қабілеттердің жоғары деңгейін немесе жеке пәндер бойынша ерекше дарындылықты көрсететін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған мектеп-лицей-интернат – тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат - тұратын орын ұсынумен білім алушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық немесе көркемөнер-эстетикалық бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандырылған музыкалық мектеп-интернат – тұратын орын ұсынумен қоса музыкалық дарынды балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған спорттық мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса спорт саласындағы оқушылардың дарындылығын дамытуға бағытталған қосымша оқу бағдарламаларын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Мамандандырылған әскері мектеп-интернаты – тұратын орын ұсынумен қоса, оқушылардың әскери істі терең игеруіне бағытталған қосымша білім бағдарламаларын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Қазақ-түрік лицейі (интернат) – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыратын (тұратын орын ұсынумен қоса) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

9. Мектеп-интернатта саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


2. Интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім берудің ұйымдары түрлері қызметінің тәртібі
Қызметті ұйымдастыру
10. Мектеп-интернаттың мәртебесі (үлгісі, түрі) нормативті-құқықтық актілердің талаптарын, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын, Мектеп-интернат қызметінің үлгілік ережелерін ескере отырып оның жарғысында көрсетіледі.

11. Мектеп-интернат Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және нормативті-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.

12. Мектеп-интернат іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізу нысандарын, құралдары мен әдістерін, ұйымдастыратын, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

13. Мектеп-интернатта келесі бағыттар болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

14. Мектеп-интернатқа оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мектеп-интернатқа жалпы білім беру пәндері бойынша, республикалық, өңірлік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың), жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

15. Мектеп-интернаты оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

16. Аралық және қорытынды аттестаттау «Оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

17. Бітірушілерге белгіленген үлгідегі жалпы орта білімі туралы аттестаттар беріледі.

18. Республикалық маңыздағы Мектеп-интернатты материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың Мектеп-интернатын материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Білім беру үдерісі
19. Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру;

2) екінші деңгей – негізгі білім беру;

3) үшінші деңгей – жалпы орташа білім беру.

20. Мектеп-интернатта білім беру үдерісін ұйымдастыру білім беру саласында уәкілетті орган бекіткен бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген жұмыс істейтін оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

21. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

22. Мектеп-интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

23. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болуы мүмкін. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

24. Мектеп-интернатта пәндерді терең оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына 1500 сағат есебінен біліктілігі жоғары мамандармен шарт негізінде өткізілетін жекелеген курстар және дәрістерге төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

25. Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін дербес белгілейді.

26. Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

27. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мектеп-интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

28. Мектеп-интернаттардағы топтастырылған сыныптар саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

29. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

30. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

31. Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы.


Басқару және кадрлық қамтамасыз ету
32. Мектеп-интернатты басқару және кадрлық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржыландыру
33. Мектеп-интернатты қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Мектеп-интернат ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетуге тыйым салынады.

35. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

36. Мектеп-интернатының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

37. Мектеп-интернатының педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.
Халықаралық ынтымақтасу
38. Мектеп-интернаты халықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес қатысады.
Мектеп-интернатты құру, қайта құру және тарату
39. Мектеп-интернатты құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

___________________

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген

Мамандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары


  1. Жалпы ережелер

1. Осы мамандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы №499 қаулысына сәйкес әзірленді және оның меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оның қызмет тәртібін айқындайды.

2. Мамандандырылған мектеп-кешені (бұдан әрі – Мектеп-кешені) - білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

3. Мектеп-кешені өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

4. Мектеп-кешенінің негізгі мақсаты – элитарлық білім беруді жүзеге асыру, мектепке дейінгі, орта білім беру саласындағы қабілетті және дарынды балалардың ғылыми зерттеулерін дамыту, осы бағыттағы Мектеп-кешені қызметінің ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуі мен білім берудің үздіксіз қызметі негізінде дарынды балалармен жұмыс бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді құру.

5. Мектеп-кешенінің міндеттері:

1) үздіксіз білім беру жүйесінде жалпы ғылыми басшылықты дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша дамыта оқыту саласында ғылыми-зерттеу қызметімен және тәжірибелік-эксперименталды жұмыстармен қамтамасыз ету;

2) білім беру қызметінің инновациялық технологияларын әзірлеу, қолдану және енгізу;

3) тәрбиеленушiлер мен білім алушылардың жеке тұлғалық ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене шынықтыруын дамытуға қажетті жағдайларды жасау, олардың жекелеген қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен қосымша білім беруді меңгеру негізінде ғылыми көзқарасты, жалпы адамгершілік, ұлттық құндылықтар мен шығармашылық ойлауды қалыптастыру;

5) тәрбиеленушiлер және білім алушылардың мектепке дейінгі оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, шығармашылық қиялын, оқушылардың теориялық және шығармашылық ойлауын дамыту негізінде білім беру бағдарламаларының міндетті мазмұнының меңгерілуін қамтамасыз ету;

6) өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру және адамгершілік қарым-қатынастарды дамыту негізінде қазақстанның патриоттық сезімін, адамгершілік қасиеттерін, жеке тұлғалық азаматтық сезімін тәрбиелеу;

7) тәрбиеленушiлердің оқу іс-әрекетіне деген психологиялық алғышарттарын, мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейін зерттеу;

8) тәрбиеленушiлерде шығармашылық қиялдың, білім алушыларда шығармашылық және теориялық ойлаудың даму деңгейін, дарынды балалардың жеке тұлғалық өсу деңгейін психологиялық зерттеу;

9) білім алушыларда оқу мотивациясының сапалы ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтарын, оқу қызметі компоненттерінің даму деңгейін, білім алушылардың дайындық сапасын зерттеу;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дарынды балаларды мектепке дейінгі, мектеп алды, мектеп және жоғары оқу орындарына дайындаудағы вариативті және бейінді оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлеу;

6. Мектеп-кешенінде саяси партиялардың қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдарды құруға және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


  1. Мамандандырылған мектеп-кешенінің қызмет тәртібі

Қызметті ұйымдастыру


7. Мектеп-кешені құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді: мектепке дейінгі мекемелер, оқушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мамандандырылған білім беру ұйымдары.

8. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лицензия берілген сәттен бастап, Мектеп-кешені білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.

9. Жарғы мектеп-кешенімен әзірленеді.

10. Мектеп-кешенін мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіпке және нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

11. Мектеп-кешені іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізу нысандарын, құралдары мен әдістерін, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

12. Мектеп-кешені қосымша білім беру қызметтерінің түрлерін, нысандарын, оның ішінде ақылы қызметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте көрсетеді. 

13. Мектеп-кешенінде оқушыларға (тәрбиеленушілерге) медициналық қызмет қызмет көрсету штаттық немесе денсаулық сақтау органдарының арнайы бекіткен медициналық қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі, олар әкімшілік және педагогикалық қызметкерлермен қатар оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығына, дене дамуына, емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізуге, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтану режиміне және сапасына жауапты. 

14. Мектеп-кешеніне оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Мектеп-кешені оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Республикалық маңыздағы мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз етуді, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы уәкілетті орган, облыстық, республикалық маңыздағы қаланың және астананың мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз ету, жарақтауды және жабдықтауды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Білім беру үдерісі
16.Мектеп-кешені білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орташа білім беру

4) жалпы орташа білім беру.

17. Мектеп-кешендірінде білім беру үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бірізділігі және үздіксіздігі негізінде жүзеге асырылады.

Мектеп-кешенінің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

18. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруге, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

19. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

20. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болуы мүмкін. Біріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

21. Мектеп-кешенінде пәндерді терең оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына 1500 сағат есебінде біліктілігі жоғары мамандармен шарт негізінде өткізілетін жекелеген курстар және дәрістерге төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

22. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

23. Мектеп-кешені оның жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және әдісін өздігінен таңдай алады.

24. Мектеп-кешені ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

25. Мектеп-кешенінен сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

26. Профильді пәндер тереңдетілген курс бағдарламалары бойынша зерттеледі және ең аз дегенде қажетті оқу уақытымен қамтамасыз етіледі. Профильді пәндерге қосымша сағаттар оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен бөлінеді.

27. Мектеп-кешенінің вариативті оқу жоспары тұлғаның интеллектуалдық және адамгершілік дамуын қамтамасыз ететен пәндер жиынтығы және әрбір модуль курстары есебінен, біріктірілген тәсілдерді пайдаланатын және оқу жоспарының жеке компоненті шегінде зертттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаларды енгізумен іске асырылады.

28. Мектеп-кешеніндегі сыныптар-топтарының саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

29. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, профильді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

30. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-кешеніне психологтың 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-кешені көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

31. Мектеп-кешені оның бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы.


Басқару және кадрлық қамтамасыз ету
32. Мектеп-кешенін басқару және кадрлық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржыландыру
33. Мектеп-кешенін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Мектеп-кешені ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді.

35. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.

36. Қосымша қаражаттарды тарту мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкелмейді.

37. Мектеп-кешенінің материалдық-техникалық қорын дамыту оған бекітілген бюджеттік және жеке меншік қаражаттары шегінде жүзеге асырылады.

38. Мектеп-кешенінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оларды материалдық ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

39. Мектеп-кешенінің педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;



2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.
Халықаралық ынтымақтасу
40. Мектеп-кешені халықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес қатысады.
Құру, қайта құру және тарату
41. Мектеп-кешенін құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

___________________
Каталог: files -> infootdelov
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
infootdelov -> Vі облыстық «Күй тартыс 2014» сайысын өткізу ережесі
infootdelov -> «Еңбек адамын ардақтайық!» Республикалық балалар сурет және шығармалар байқауының өткізу ережесі Жалпы ережелер Осы «Еңбек адамын ардақтайық!»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет