БЕКІТЕМІН
«Қуаныш» бөбекжайы балабақшасының
КМҚК директоры
__________С.Ж. Тусупбекова
Жоба
Тақырыбы:
«Ұйымдастырылған оқу қызметінде робототехниканы қолдану»
Орындаған:
Оспанова Б.А.- тәрбиеші
Акатаева Г.Б.- тәрбиеші
Дырымбетова А.П.- әдіскер
Қарағанды 2021 ж.
Рецензия
«Ұйымдастырылған оқу қызметінде робототехниканы қолдану» атты жобаға
Орындаған тәрбиешілер: Оспанова Б.А.,Акатаева Г.Б., Дырымбетова А.П.
Жоба құрастырушылар: Оспанова Б.А.,Акатаева Г.Б., Дырымбекова А.П.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы бүгінгі күні білім саласының басты нысанасына айналып отыр. «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деп айтқан болатын. Балабақшадағы робототехника мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл тек қана құрастыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық болжаудағы дағдыларын, мақсатқа жету үшін жұмысты құру қабілеті және ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамыту болып табылады.
Балабақшадағы робототехника бірнеше міндеттерді шешеді.
Танымдық: физика, ақпараттану, робототехникаға деген қызығушылықты дамыту. Білімділік: механикадағы конструкторлық есептерді шешудегі алғашқы тәжірибені меңгеру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: шығармашылық қызметтің дамуы, әртүрлі жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдаудағы дербестік, зейін, жедел жады, қиял, ойлауды қалыптастыру. Тәрбиелік: жауапкершілікке, жоғары мәдениеттілікке, ұқыптылыққа, коммуникативтік қабілеттіліккке тәрбиелеу.
Балабақшада бұрыннан жобалау, құрастыру іс-әрекетінің болғаны белігілі, бірақ егер бұрынғы басымдықтар сындарлы ойлауға және ұсақ моториканы дамытуға бағытталса, енді жаңа талаптар бойынша заманауи тәсіл қажет. Балабақшада жобалау, құрастыру барлық мектепке дейінгі жас кезеңдерінде қарапайымнан күрделіге өту негізінде қолжетімді ойын формасында жүргізіледі. Құрастыру әрекеті бас пен қолдың бірдей жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады, сонымен қатар мидың екі жартысы жұмыс істейді, ол баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Бала ауызша есептеу мен санның құрамын біліп, қарапайым арифметикалық әрекеттер жасайды. Қарапайым кубиктерден бала бірте-бірте қарапайым геометриялық фигуралардан тұратын конструкторларға ауысады, содан кейін алғашқы механизмдер мен бағдарламаланатын конструкторлар пайда болады, бағдарламалау компьютердің арқасында ғана емес, сонымен қатар арнайы бағдарламалар негізінде жасалады. Білім берудегі робототехника өз алдына жаңа, өзекті педагогикалық технологияны ұсынады. Робототехникалық құрал-жабдықты қолданумен балаларды оқыту бұл бір мезгілде ойын барысындағы оқыту мен техникалық шығармашылық болып табылады. Ол белсенді, жігерлі, өзін-өзі қамтамасыз ететін жаңа түрдегі адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді Білім берудің міндеті балаға өзінің әлеуетін ашу қабілетін жеңілдететін ортаны қалыптастыру болып табылады, ал осы орта арқылы қоршаған ортаны танып білуге мүмкіндік беруі керек. Мұғалімнің рөлі тиісті білім беру ортасын ұйымдастыру, жабдықтау және баланы танымға, жобалау-құрастыру қызметіне ынталандыру болуы тиіс. Конструктивті іс-әрекеттің негізгі формаларына мыналар жатады: - білім берушілік; - дербес; - жеке; - демалыс; - түзету; - ересек пен баланың бірлескен шығармашылығы. Білім беру әрекеті барысында балалар құрылысшылар, архитекторлар болып ойнап, олар өз ойларын іске асырғысы келеді.
Қарапайым фигуралардан бастап, бала одан әрі қарай жылжиды, ал өзінің жетістіктерін көре отырып, өзіне деген сенімділікті арттырып және келесі күрделі жаттығу кезеңіне көшеді. Әдетте, робототехника бойынша құрастыру ойынмен аяқталып, балалар сюжеттік-рөлдік ойындарындағы театрлық қойылымдарында роботтарды пайдаланады. Конструкторлар баланың үйлесімді және жан-жақты дамуына байланысты маңызды міндеттерді орындай алады. Конструктілеу мен робототехника жаңа заманауи бағыт. Бұл әрекеттің түрі балаға сындарлы, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, ал балабақшаға мектеп жасына дейінгі балаларды техникалық шығармашылыққа тартуға керемет мүмкіндік. Құрастыру мен робототехниканың тағы бір тартымды,ұтымдылығы бір құрал-жабдықтың балабақшаның барлық жас тобында қолданылуы мүмкін, тек мақсаттары мен міндеттері жасына байланысты өзгереді.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі робототехника коммуникативтік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін, өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатын, шешім қабылдаудағы дербестікке ие болатын, балалардың шығармашылық әлеуетін ашатын 21 ғасыр технологиясын ұсынады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жобалауға жүйелі түрде оқыту мектепке даярлауда үлкен рөл атқарады. Бұл оқуға қабілеттігін қалыптастыруға, нәтижелерге қол жеткізуге, айналасындағы әлем туралы жаңа білім алуға, білім беру қызметінің алғашқы алғышарттарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |