Жобалауға кіріспе. Жобалау инженерлік қызметтің түрі ретінде. Жобалаудың құқықтық негіздері



бет11/27
Дата24.01.2023
өлшемі372,04 Kb.
#166311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Байланысты:
Проектирования ответы

Конструкторлық құжат[1] (Конструкторский документ) —

  1. Графикалық және мәтіндік құжаттар, ол бұйымды жасауға, дайындауға, қадағалауға, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті мәліметтерден тұрады. Конструкторлық құжатқа сызбалар, жинақтау бұйымдарының тізімі, сұлбалар, есептеулер, түсіндірме жазбалар, техникалық шарттар жөне т.б. жатады. Конструкторлық құжаттың түрлері және жинақтаулары стандартен қадағаланған, ал орындау (рәсімдеу) — ережелері Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне келтірілген;

  2. Бұйымдарды жасап дайындауға, бақылау және пайдалануға қажетті ақпараттары бар мәтінді жөне графикалық құжаттар.

  • Графикалық конструкторлық құжат (Графический конструкторский документ) — конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, ол сызбалардан, сұлбалардан, аксонометриялардан және т.б. тұрады.

  • Жобалау конструкторлық құжат(Проектный конструкторский документ) — конструкторлық қүжаттардың жиынтығы, ол негізгі өндіріс бұйымдарын жасап шығару және олардың құрылымы жайында қажетті мәліметтер береді, сондай-ақ келесі кезендегі жұмыстык, конструкторлық құжат жасау үшін қолданылады.

  • Жұмыстық конструкторлық құжат (Рабочий конструкторский документ) — бұл құжат бойынша бұйымдардың үлгісі жасалады немесе өндіріледі.

  • Мәтіндік конструкторлық құжат (Текстовый конструкторский документ) — конструкторлық құжаттардың бір бөлігі, сипат-тізімдерден, есептеулерден, сипаттамалардан, кестелерден, түсіндірме жазбалардан және т.б. тұрады.



КҚБЖ (ЕСКД) стандарттар комплексі өнімнің өмірлік кезеңінде /жобалау, дайындау, пайдалану, жөндеу т.б./ әзірленетін және қолданылатын конструкторлық құжаттарға өзара байланысқан ережелерді, нормаларды орнатады. 
ЕСКД стандарттары ГОСТ 1.0 стандарттарында орнатылған ережелер бойынша белгіленеді. Стандартты белгілеу келесідегідей:
1) Стандарт категориясының индексі, яғни ГОСТ;
2) ЕСКД стандарттар комплексімен берілген сан келтіріледі;
3) Кестеге сәйкес стандарт тобының нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
4) Аталынған топтағы стандарттың реттік нөмерін белгілейтін сан келтіріледі;
5) Стандарттың бекітілген жылын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет