Жобалауға кіріспе. Жобалау инженерлік қызметтің түрі ретінде. Жобалаудың құқықтық негіздері



бет12/27
Дата24.01.2023
өлшемі372,04 Kb.
#166311
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Проектирования ответы

Бұйым түрлері.
Бұйым деп –өндірісте өндірілген, жеке бір бөлшекті немесе оның жиынтығын айтамыз. Бұйымды тағайындалуына байланысты негізгі өндірістік бұйым және қосымша өндірістік бұйым деп бөлеміз.
Негізгі өндірістік бұйым деп – саудаға таратылуға әзірленген бұйымды айтамыз.
Қосымша өндірістік бұйым –тек өндірістің ішінде ішкі қажеттілігіне ғана арнайы өндірілген бұйымды айтамыз.
Бұйымның келесідегідей түрлері бар:
1. Бөлшектер
2. Құрастырма бірліктері
3. Комплекстер
4. Комплектілер
Егер бұйымның құраушы бөліктері бар немесе жоқ болса, онда оларды келесідей жіктейді:
1. Спецификациялық емес /бөлшек/. «Құраушы бөліктері жоқ»
2. Спецификациялық /құрастырма бірліктер, комплекстер, комплекті/. Екі не одан да көп құраушы бөліктерден құралған.
Бөлшек деп – біртектес материалдан, маркадан жасалынған атауы бірдей, қосымша құрастыру операцияларын қажет етпейтін бұйымды айтамыз.
Құрастырма бірліктері – бұл құрастыру бірліктері, өзара өндіруші кәсіпорында дайындалған , бұйымдарды айтамыз. Сондай-ақ құрастыру бірліктеріне қажеттілікке қарай келесілерді жатқызамыз:
1. Құраушы бөліктері өндіруші кәсіпорында қарастырылған бұйымдар.
2. Жалпы функционалды тағайындалуы бірдей, бірлескен өндіруші кәсіпорындармен орнатылған құрастырма бірліктерінің жиынтығы.
3. Функционалды тағайындалуы бірдей өндіруші кәсіпорындармен қалыптасқан бөлшектер , құрастырма бірліктер жиынтығы.
Комплекс – өндіруші кәсіпорындарды біріктірмейтін бірақ өзара байланысқан эксплуатациялық функцияны орындауға тағайындалған екі немесе одан да көп спецификациялық бұйымды айтамыз. Бұл әрбір спецификациялық бұйым жалпы комплекске орнатылған бір немесе бірнеше функцияны орындауға қызмет етеді.
Комплексте негізгі функцияны орындаумен қатар қосымша функцияларды орындауға арналған бөлшектер ,құрастырма бірліктен болуы мүмкін.
Комплект – өндіруші кәсіпорындарды құрастыру операциялары боынша біріктірмейтін жалпы эксплуатациялық сипатқа ие екі немесе одан да көп бұйымдар жиынтығы . Комплектіге жалпы құрастырма бірліктерінің жиынтығымен бірге пайдаланылатын бөлшек немесе құрастырма бірліктері де кіруі мүмкін.
Бұйым мен оның түрінің жалпы кескіні келесідегідей:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет