Терминдер
Ауа шлюзі (air-lock)–мысалы, оларға кіру қажет болғанда орын-жайлар арасында ауа ағынын бақылау үшін қызмет ететін, тазалық класы әртүрлі екі немесе бірнеше орын-жайлар арасында орналасқан екі немесе бірнеше есіктері бар шектеулі кеңістік. Ауа шлюздері қызметкердің өтуіне де материалдарды жылжытуға да арналады және пайдаланылады.
Таза аумақ(clean area) Олардың эксплуатациясы кезінде таза орын-жай және таза аймақтардың ағымдағы мониторингін жүргізу керек. Ағымдағы мониторингі үшін іріктеу сынамасы нүктесін таза орын-жай және (немесе) таза аймақтарды жіктеуде алынған нәтижелер және қауіп талдауы негізінде таңдайды.
Орынжайлар және құрал-жабдықтар
Қағидаты
Орын-жайлар мен құрылғыларды олар өткізілетін операцияларға сәйкес болатын сипатта орналастырады, жобалайды, салады, жабдықтайды және пайдаланады. Олардың орналасуы мен құрылысы қате кету қаупін жоққа тән азайтып, айқаспалы контаминацияны, шаң-тозаңның немесе ластың жиналуын және өнім сапасы үшін жайсыз факторлардың кез келгенін болдырмау мақсатында тиімді тазалау және қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
Орын-жайлар. Жалпы талаптар
3.1. Орын-жайлардағы өндіріс ортасында, өндірісті қорғау шаралары түгел ескерілгенде, материалдардың немесе өнімнің контаминациялану қаупі аз болады.
3.2. Жөндеу мен қызмет көрсетудің өнім сапасына ешқандай қауіп төндірмейтініне кепілдік беріліп, орынжайлар тиянақты техникалық қызметпен қамтылады. Орынжайлар толық жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес жиналады, тиісті жерлері зарарсыздандырылады.
3.3. Жарықтандыру, температура, ылғалдылық және желдету оларды өндіру мен сақтау кезінде өзара сәйкесті болады және дәрілік препараттарға да, құрылғылардың тиісті қызмет атқаруына да теріс (тікелей немесе жанама) әсерін тигізбейді.
3.4. Орынжайлар оларға жәндіктер немесе жануарлардың өтіп кетуінен барынша қорғалуы қамтамасыз етілетіндей сипатта жобаланады және жабдықталады.
3.5. Кіруге құқығы жоқ тұлғалардың орынжайларға кіруіне жол бермеу шаралары қабылданады. Өндіру, сақтау және сапаны бақылау аймақтары оларда жұмыс істемейтін тұлғалардың жүріп-тұруына пайдаланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |