Жобаның ақпараттық картасы Номинацияның атауы: «Оқу шаттығы»


IV. Мектепішілік,қалалық және облыстық семинарлар



бет2/2
Дата21.07.2017
өлшемі1,21 Mb.
#21784
1   2

IV. Мектепішілік,қалалық және облыстық семинарлар



Тақырыбы

Уақыты

Жауаптылар

Қорытынды

1

Мектепішілік оқу күні

2012-2013 о/ж

2014-2015 о/ ж



Бастауыш сынып мұғалімдері

Мен оқыған кітаптар жинағы,логикалық тапсырмалар,мақал -мәтел жинағы.

2

«Кітап құмар,жас ұрпақ» қалалық оқу күні

2-4 сыныптар



наурыз

Асанова Б.Е

Естекбаева З



Мониторинг шығару,әдеби шығармалар тізімі

3

«Отбасылық оқу-ұрпақтардың рухани байланыс» облыстық семинар

2015 сәуір

Асанова Б.Е

Искендерова Т

Джамалова Д


Жоба қорғау,әдістемелік жинақтары.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

Семинарда сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар көрсетіліп, келген әріптестерімізбен әдіс алмастық.



ІІІ бөлім

Күтілетін нәтиже:

  • Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы, дағдысы қалыптасады;

  • Оқырман белсенділігі артады;

  • Балалар оқуын қолдау және дәріптеу жайында мектеп оқушыларының оқырман қоғамы құрылады; (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар).

Оқушыларға арналған сауалнама «Менің өмірімдегі кітаптың алатын орны»

Мақсаты: бастауыш сынып оқушы білім деңгейіне талдау жасау.

Міндеттері: кітап оқитын, аз оқитын және мүлде оқымайтын балалардың байланысын айқындап алу; оқығысы келмейтіндердің себебін анықтау; мектеп оқушыларын кітап оқуға тарту ұсынысын жасау. Баланың оқуын дамытудың басты мақсаты – ойланғыш оқырманды тәрбиелеу, оқырмандық талғамның дамуы, мәтінді түсіне білу мен ондағы негізгі ойды ажырата алу және ойлана білуінде.

Жұмыс бағыты:

Бағдарлама бойынша білуге міндетті шығармалардың оқылуы;

Еркін оқу, яғни өз қалауы бойынша.

Зерттеуге қатысушылар:

3-4 сыныптар.



Зерттеу уақыты:қараша,желтосан,ақпан

1.Сенің сүйікті жазушың________________________

2.Сенің жақсы көретін кітабың___________________

3.Ұнататын журналың _________________________

4.Жақсы көретін жанрың_______________________

Классикалық повесть пен әңгімелер

Өлеңдер

Ертегілер



Шытырмандар

Қылмысты істер

Қиял-ғажайыптар

Энциклопедиялық әдебиеттер

5.Кітапханаға жиі барасың ба (мектептің кітапханасымен қоса?)

Жиі


Анда-санда

Кейде


Ешқашан

6.Жазда не оқыдың?

7.Қалай ойлайсың, неге балалар кітапты аз оқитын болды?

8.Балалар кітапты көп оқуы үшін не істеуге болады?

Барлығы –93 оқушыдан сауалнама алынды.

Оқушылардан қараша,желтоқсан,ақпан айларында сауланама алынып зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы алынған сауланамада оқушылардың көпшілігі қойылған сұрақтарға иә, жоқ деген қысқа жауаптар қайтарған болса, соңғы сауалнамада нақты кітаптың аты мен авторын айтып кітап оқу деңгейлерінің өскендігін көрсетті.



Оқу жылының басында 1-2 кітап қана оқыған болса , жыл соңында оқыған кітаптарының саны 15-20-ға дейін жетті. Оқу мәдениеті қалыптасып, кітапханаға аптасына міндетті түрде сыныппен келіп кітап оқу дағдыларына айналды.

Оқу шаттығы жобасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдықтарының сапасы көтерілді.



2014-2015 оқу жылының басында оқу жылдамдығы 67% көрсетсе, оқу жылының соңында 89% өсті. Яғни бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығы 22% көтерілді.


Қосымша 2

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Алатау. Жамбыл Жабаев.
Сабақтың мақсаты:. Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстыру,«Алатау» тауы туралы мәлімет беру. Өлеңдегі ақынның идеясымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларды мәнерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

2.Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік:Жамбыл Жабаевтың фотасы,оқулық, «Алатау» тауының суреті,постер арқылы кластер қорғау.

Сабақтың барысы:
1.Қызығушылықты ояту (2 мин)
А)Амандасу.

Ә) Психологиялық дайындық.



2.Үй тапсырмасын сұрау ( 7 мин)

«Бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге» тарауын қайталау

(Әрбір оқушыға сұрақтар беріледі,оқушылар бір-бірін бағалайды.)

1.Абылай хан кім болған?

2.Өзі-дана,өзі –дара кім?

3.Қазақтың қос жұлдыз қыздары кімдер?Олар туралы не білесіңдер?



4.Гиннес рекордтар кітабына енген қазақ кім?Ол туралы әңгімеле.

3.Мағынаны ашу. ( 15 мин)
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Сөз жұмбақты шеш.
1. Үлкен - үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (тау)
2. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап. (ағаш)
3. Сылдыр қағып,
Таудан құлап,
Жатыр ағып Мөлдір... (бұлақ)
4. Үлкен балық суда жүзген
Таба алмас тұрақ жерден (кит)
5. Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы. (найзағай)
6. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта - ақ. (бұршақ)
7. Қанаты бар тышқан
Жасырынып күндіз
Қараңғыда ұшқан. (жарғанат)

Жабайұлы Жамбыл


Жабайұлы Жамбыл

Туылған күні

28 ақпан 1846

Туылған жері

Жамбыл облысы

Қайтыс болған күні

22 маусым 1945 (99 жас)

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақынжазушыжырау,жыршы

Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген.


Оқулықпен жұмыс. «Алатау»
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс

Сыр сандық
Ну – қалың
Мұнар – бұлыңғыр
Кептес – тілдесу, сөйлесу.

Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.



                Берілген сөз

 Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су
Таудағы жемістер:

Өрік,алма,алмұрт

Таудағы аңдар:

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін, жолбарыстар

Тау суындағы жәндік:

балық


Дыбысы, қимылы:Дариядай тулап тасып.

Олардың дәмі

Ауызыңнан дәм кетпейді

Олардың қимыл-қозғалысы

мекен етіп, өніп- өсіп, түнде жортып

 

Оның қимылы: Асаудай ойнақ салар



Сергіту сәті. ( 1 мин)

Қорытындылау ( 9 мин)
Шығармашылықпен жұмыс.
1. Берілген суретке зер сал.
Суретпен жұмыс:
– Суреттен не көріп тұрсың?
– Таудан су қалай ағады?
– Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?
– Жемістің дәмі қандай?
– Таудан аққан бұлақта не кездеседі?
– Оның қимылы туралы не айтар едің?
2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.
3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?

Бекіту (3 мин жазу,2 мин оқу)
Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?

(5 мин эссе жазу)


Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқуға дайындалу,жаттау.
Бағалау. (смайликтер арқылы) (2 мин)

Рефлексия

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы : Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Мақсаты : Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.

Міндеттері:

1. Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2. Талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3. Ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Абай суреттері, қыс мезгілі , Абай балалық шағының бейнесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен, жұппен жұмыс, ой қозғау, сөздік.

Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Күліп шықты күніміз, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Бәріміз күндей жарқырайық, бәріміз тату дос болайық!
- Балалар біз қандай тарауды аяқтадық? (Ата-бабам тарихы – менің тарихым)
- Бұл тарауда тақырыптар не жайында жазылған? (Батырлар)
- Қандай оқиғаларды қамтиды? (жоңғар шапқыншылығы, Ұлы Отан соғысы,
- Желтоқсан оқиғасы, аштық, репрессия жылдары )
Ал, енді балалар мына бір жұмбақтарды шешіп көрейік:
1. Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар)

2. Құлағы мен көзі жоқ,


Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
(аяз)
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты –ақ.
(мұз)
4. Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
(боран)

-Балалар ұалай ойлайсыздар?Бұл қай жыл мезгіліне қатысты?

-Қыс мезгілі
III.Мағынаны тану. 
Жақсы балалар, олай болса бүгінгі жаңа тарауымыз «Туған жерге қыс келді». Сол тараудың бірінші тақырыбы Абай Құнанбаевтың

«Қыс» өлеңімен танысамыз.

-Оқушылар Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

Автор туралы мағлұмат. Абай Құнанбаев


Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абайдың көптеген шығармалары бар. Ол өз шығармаларында жастарды өнер-білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.
2. Өлеңді мұғалім оқып түсіндіреді.
3. Өлеңмен жұмыс. Өлеңнің мазмұнын ашу. Өлеңнің шығу тарихынан. - Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең сол кезеңде жазылған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
4. Өз бетінше, тізбектей оқу.
5. Сөздік жұмысы.
Соқыр, мылқау - ештеңені көрмейді, естімейді.
Домбығып - суықтан ісіп, қызарып.
Шидем - қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
6. Дәптермен жұмыс. Қиын сөздерді дәптерге талдауымен қоса жазып алу.

Сергіту сәті
7. Ұйқасын тап
Ойнайық деп...Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып...Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан ....Борандатқан табиғат,
Далаға ән...Далаға ән салғандай.
8. Топтастыру
9. Топпен жұмыс
1 – топ: Қысқы еңбек

2 – топ: Қысқы ойын

3 – топ: Қысқы мерекелер
IІІ.Ой толғаныс 

1. Автор қысты кімге теңейді?

2. Шалдың киімдері қандай?

3. Киім деп отырғаны не?

4. Малшы туралы не делінген?

5. Балалар туралы не делінген?



6. Қыс несімен көңілді?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі ызғарлы суық қана емес көңілді де, қызықты екен. Ал қане сол қысты көңілді ету сендердің қолдарыңда.
Қорытынды. 
- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық? - Авторы кім? - Оның тағы қандай өлеңдері бар жыл мезгіліне арналған, үзінді атып жіберейік? - Жыл мезгілдерінен басқа тағы қандай өлеңдерін бар
IV. Бағалау. 
Мұғалім бағалайды.
V. Үйге тапсырма. Қыс өлеңін жаттау. Қыс тақырыбына сурет салып келу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет