Мүлік жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Лизинг шартыбойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.
Прокат шарты бойынша тұрақты кәсіпкерлік қызмет ретінде қозғалатын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы үшiн кәсiпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсiпорынды толығымен бiртұтас мүлiк кешенi ретiнде пайдалануға, оның iшiнде құқық иесiнiң фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгiсiне, қорғалатын коммерциялық ақпаратқа құқығын, сондай-ақ жалға берушiнiң басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтағы объектiлердi - тауар белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн және т.б. (айрықша құқықтар кешенiн) беруге мiндеттенедi.
Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.
Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктiң қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір мүлікті атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтжесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын) міндеттенеді.