Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.
Ортақ сақтандыру – ол сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы бірлескен бір шарт бойынша сақтандырылуы
Қайта сақтандыру – ол сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуі
Өзара сақтандыру – ол азаматтар мен заңды тұлғалар қажеттi қаражатты өзара сақтандыру қоғамдарына бiрiктiру жолымен өзара негiзде өз мүлкiн және Азаматтақ Кодекстiң 809-бабының 2-тармағында аталған өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыру
Суброгация – ол егер мүлiктiк сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға, сол төленген соманың шегiнде, сақтандыру нәтижесiнде өтелген залалдар үшiн жауапты адамға қоятын сақтанушының (сақтандырылған адамның) талап қою құқықтары ауысуы. Алайда қасақана залал келтiрген адамға қойылған талап қою құқықтарының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болады.
Тапсырма шартыбойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді.
Комиссионердің үнемі - егер комиссионер мәмiленi комитент көрсеткеннен гөрi тиiмдi жағдайлар бойынша жасаған болса, түскен олжа, шартта өзгеше көзделмесе, тараптарға тең бөлiнедi.
Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу кезінде сенімгер басқарушы, егер шартта немесе заңда өзгешекөзделмесе, өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.