Жоғары құқық мектебі


Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты



бет63/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77
Байланысты:
103

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.
Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен), соның ішінде лицензиардың фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ лицензиаттың кәсіпкерлік қызметінде пайдалану үшін шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілерін (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент және т.б.) беруге міндеттенеді.
Конкурстық міндеттемелер – ол көпшiлiк алдында уәде беруден туындайтын және тендер, аукцион әрі саудаластықтың өзге де нысандары негізінде туындайтын мiндеттемелер
Тендер нысанындағы конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы (ұйымдастырушысы) өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға (сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б. ретінде) міндеттенеді.
Аукцион нысанындағы конкурстық саудаластық кезінде сатушы аукционның затын ол үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын аукционға қатысушыға сатуға міндеттенеді.
Моральдық зиян – жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалу салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялу, түңілу, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.).
Авторлық құқық объектілері – ол шығармашылық қызмет нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындылары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет