Жоғары құқық мектебі



бет60/77
Дата06.04.2023
өлшемі172,84 Kb.
#173867
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77
Байланысты:
103

Мердiгердiң үнемi – ол мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтауы. 
Өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгiлi бiр iс-әрекет жасауға немесе белгiлi бiр қызметтi жүзеге асыруға) мiндеттенедi, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi. 
Жүктi тасымалдау шарты бойынша бiр тарап (тасымалдаушы) өзiне басқа тараптың (жүк жөнелтушiнiң) сенiп тапсырған жүгiн белгiленген мекенге жеткiзуге және жүктi алуға уәкiлеттi тұлғаға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшiн шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге мiндеттенедi.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген тұлғаға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде - теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тiкелей аралас тасымалдау – ол көлiк ұйымдарының жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi әртүрлi көлiк түрлерiмен бiрыңғай көлiк құжаты бойынша (тiкелей аралас қатынас) тасымалдау
Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi. 
Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін және басқа тараптың (клиенттің – жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға міндеттенеді.
Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шарукашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен анықталған заттарды береді, ал заңда немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет