Қазақстан – замануи әлем мойындаған ел Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтары. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы және егемендігі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы. Белсенді, сындарлы және үйлестірілген сыртқы саясатты жүзеге асыру. Жаңа геосаяси жағдайдағы Қазақстан Республикасының бағыты – халықаралық қатынастарда қауіп-қатерді азайтуға ұмтылу.
Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (2003 ж.). Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. ЕҚЫҰ позициясының нығаюы, ұлттардың әлемдік қауымдастығы тарапынан осы басты саяси ұйымға сенім мен құрметтің күшеюі. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға.
Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Еуразиялық экономикалық одақ: теория және шындық. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру. БЭК-тің келешегі. Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына кірудегі перспективалары.
Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемаларын іргелі теориялық және әдіснамалық зерттеулер топтамасының қорытындысы болып табыладыҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі. Н. Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары. Соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күресу жөніндегі бастамалар.