күрделі тақырыптағы талқылау, пікірсайыс мазмұнын еркін түсіну;
мәтіндегі астарлы ойды түсіну;
диалогтар мен полилогтардағы күрделі ой желісін түсіну;
радио және телебағдарламалардың түрлі материалдарын еркін түсіну;
мәтін көлемі 220-300 сөз.
|
түрлі тақырыптармен берілген көлемді, күрделі мәтіндердеің мазмұнын жетік түсіну;
хат алмасу барысында кез келген күрделі мәтіннің мазмұнын еркін (кейде ғана сөздіктің көмегімен) түсіну;
көлемді, күрделі мәтінді тез оқып шығып, оның басты бөліктерін ажырата алу;
кәсіби сипаттағы күрделі мәтіндерді оқи отырып, өзекті мәселелерді анықтау;
қызмет барысында қолданылатын жаңа құрал-жабдықтарды қолдануға арналған нұсқаулықтарды түсіну.
мәтін көлемі 300-350 сөз;
оқу түрі – таныса оқу, зерттей оқу
|
ой-пікірлер мен көзқарасты жазбаша нақты және жүйелі жеткізу;
хат, эссе, баяндамаларда көтерілген күрделі мәселелердің негізгі түйіндерін көрсете жазу;
адресаттың ерекшелігіне сәйкес тілдік стиль қолдану.
|
сөздерді қиындықсыз таңдай отырып, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізу;
қарым-қатынас барысында айтылатын астарлы ойды түсіну;
күнделікті қарым-қатынаста және кәсіби тақырыпта сөйлеу барысында түрлі тілдік құралдарды еркін пайдалану;
күнделікті өмірге қатысты және кәсіби тақырыпта адамдармен еркін әңгімелесу, өз пікірін білдіру;
кәсіби және ғылыми қызмет барысында тілді тиімді пайдалану;
айтылым көлемі 20-25 сөйлем.
|