Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін


Тақырып 10. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



бет62/98
Дата12.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#131607
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98
Тақырып 10. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Дәріс 10
Қарастырылатын мәселелер
1. Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер.
2. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы.
3. Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі.
4. Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары.
1. «Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық. Мысалы:
«Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету немесе билікке қатысуға ұмтылысты білдіреді» (М. Вебер).
«Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу» (Д. Истон).
«Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер күресі. Жеке бастың пайдасы үшін қоғамдық істерді басқару» (А. Бирс).
«Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат» (О. Шпенглер).
«Саясатты зерттеу – ықпал мен ықпал етушіні зерттеу, басқаша айтқанда, кім не пайда табады, қашан және қалай» (Г. Лассуэл).
«Саясат онымен айналысқан адамдардан ақыл шеберлігін талап етеді; ол тәртіпке мәңгі берілген өзгермейтіндерді білмейді» (Г. Плеханов).
Саясаттың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.
Саясаттың ғылыми талдауы басқа саяси мағыналардан айырмашылығы логикалық негіздерге сүйеніп, саясатың генезисі мен даму тенденциясында жатыр. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің пайымдауынша, саясат – кең мағыналы бола отырып, адам өмірінің бүкіл аспектісін жеке дара бақылауға ықпалын тигізеді. Банктің ақша саясаты мен Империялық банктің дисконт саясатынан бастап, шерулердегі кәсіподақтардың саясаты, қала немесе ауылдық мектептерінің саясаты, корпорация басқаруындағы саясат болсын, ақылды әйелдің ер азаматын басқаруына дейін, барлығы адам өміріне әсерін тигізеді.
Америкалық әлеуметтанушы Т. Парсонс саясатты бірегейлік пен келісімділікті сақтаудағы, қоғамды біріктірудегі, оның интеграциялық мүмкіндіктерін арттыру мен алдағы мақсаттарға жетудегі рөлін атап көрсетеді.
Саясат мемлекеттің мүдделерінен туындайды. Мемлекеттердің мүдделері:
егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу және бекіту;
қоғамдық үдерістерді реттеу;
ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;
құқықтық, демократиялық және азаматтық қоғамның тұрақты негіздерін қамтамасыз ету;
қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
конституциялық құрылымды және құқық қорғауды қамтамасыз ету;
тиімді сыртқы халықаралық қатынастарды қамтамасыз ету;
ішкі және сыртқы қауіптерден қорғану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет