Жоғары педагогикалық білім


Гимнастика жаттығуларын үйрету сатылары: үйретудің реттілігін анықтау



Pdf көрінісі
бет253/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

3.2. Гимнастика жаттығуларын үйрету сатылары: үйретудің реттілігін анықтау 
мақсаттары, міндеттері, әдістері және тәсілдері.
Үйретуді аяқтау белгілері: жаттығулар 
мен дайындалу кезеңінен өтіп, тиімді дағдыны жүзеге асыра алатындай дәрежеге жету. 
Үйренген қимыл дағдыларын жоғалтпау.
3.3. Түрлі сатылардағы гимнастика жаттығуларын үйрету әдістері:
алдыңғы 
сатыда қимыл- әрекетті зерттеу, оқушының негізгі даярлығын бағалау, функционалдық 
даярлыққа болжам жасау, дидактикалық бағдарламалар, басты сатыда – қимыл әрекетері 
туралы алдын-ала түсінік беру, ауызша әдіс, көру, есту, қимыл және жанасу талдағыштарына
қосымша әсер ету әдісі, жаттығуларды үйрету әдістері (бүтіндей, тұтасымен, бөлшектеп
ұқсас жаттығулармен, жеке, дара қимыл міндеттерін шешу); қорытынды сатыда- стандартты 
қайталану әдісі, жарысты және ойын түрінде жүргізу әдістері, қайталау шарттарын 
түрлендіріп жасау әдісі.
3.4. Оқыту барысының нәтижелілігін анықтайтын басты факторлар: 
гимнасшының даярлығы
(оның шеберлігі, күрделі жаттығуларға шамасының сәйкестігі), 
жаттықтырушының біліктілігі, оның жаттықтыру барысын басқару шеберлігі.
4 МОДУЛЬ. ЖАРЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 
4.1. Жарыстардың гимнастикамен шұғылдану сабақтарын ұйымдастырудың 
бақылау түрі ретіндегі сипаттамасы. 
Гимнасшыларға, жаттықтырушыларға, төрешілерге, 
ұйымдастырушыларға жарыс міндеттерінің орындалуына бағытталған талаптар. Жарыс 
ережелерінің басты бөлімдері және олардың мазмұны.
5 МОДУЛЬ. ГИМНАСТИКАМЕН ЩҰҒЫЛДАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
ЖҮЙЕСІ 
5.1. Жаттығуды ұйымдастыру – оның әдістемелері мен қауіпсіздік шараларын 
қамтамасыз ету.
Гимнастикамен шұғылдану кезінде жарақат алудың басты себептері. 
Жарақаттанудың алдын алуға бағытталған әдістемелік және ұйымдастыру шаралары. 
Гимнастикамен шұғылдану орындарына және жабдықтарға қойылатын басты гигиеналық 
талаптар. Жаттығуды орындау барысында сақтандыру мен көмектесудің мағынасы, олардың 
түрлері. Сақтандыру мен көмектесу әдістерін үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет