Жоғары педагогикалық білім



Pdf көрінісі
бет3/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый
03422017
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ 
Қазақстан Республиканың білім беруді дамыту бағдарламасының мақсаты - 
Қазақстанның орта мектептерінде зияткерлік, дене бітімі жағынан және рухани дамыған 
азаматты қалыптастыру, құбылмалы әлемде оның білім беру саласындағы табысты болуын 
қамтамасыз ететін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, елдің экономикалық әл-ауқаты үшін 
бәсекеге қабілеті бар адами капиталды дамыту болып табылады. 
Типтік оқу бағдарламасы 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 
бойынша «Білім туралы» Заңына сай және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім 
беру стандарты негізінде жасалған.
Пәнді оқытудың 
мақсаты
болашақ мұғалімдер дене шынықтыру және спорт 
саласындағы педагогиканын мәні, ерекшелігі, заңдылықтары туралы хабардар болуының 
тұтас көрінісін қалыптастыру, оқыту технологиялары туралы білімдерін жүйелеу және 
тереңдету, олардың дағдыларын іске асыру.
«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы» пәнін оқып, зерттеу барысында кәсіби 
дағдыларды дамыту бірқатар 
міндеттерді
қамтиды: 
1.
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің мәні мен мазмұны, заңдылықтары 
туралы білімді қалыптастыру. 
2.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын, дене шынықтыру 
педагогикасының ұғымдарын толық ұғындырып, біліктіліктерін қалыптастыру. 
3.
Дене шынықтыру педагогикасы пәні мен оның ғылыми-педагогикалық зерттеу 
әдістерін жетік меңгеруге бағыт беру.
4.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдердің таным белсенділігінің дамуы негізінде 
дене шынықтыру және спорт ерекшелігіне байланысты қарым-қатынастық және 
дидактикалық біліктілігін қалыптастыру және оны арттыру, оқыту үдерісін жобалай білу
оның элементтерін сауатты түрде жүзеге асыру, 
5.
Студенттерді педагогикалық үдерістің құрылымындағы дене шынықтыру тәрбиесі 
туралы біліммен қамтамасыз ету. 
6.
Білімгерлердің тұлғалық қасиеттерін (ізгілік, толеранттылық, коммуникативтік 
дағды, педагогикалық ойлау, педагогикалық әдеп, және т.б.) жетілдіру. 
7.
Болашақ мұғалімдердің өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық 
ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту. Үйлесімді ұйымдастырылған кәсіби 
қызметінің тәжірибесінде инновациялық оқыту идеяларын қолдануға дайын болуға 
ынталандыру. 
8.
Педагогикалық әдістерді, оқыту үдерісін ұйымдастыру т.б. негізгі мәселелерді 
түсіндіріп, оларға сипаттама беру арқылы дүниетанымның әдістемелік негізінің өзара 
байланыстылығын дәлелдеуде, студенттердің өздігінен жұмыс істеп, білім алу ынтасын 
қалыптастыру. 
Бұл бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінің құзыреттілікті - бағдарланған 
мазмұнда едәуір қажетті кәсіби білімді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыруды білдіреді. 
Кәсіби білім берудің нәтижесі ретінде дене шынықтыру оқытушысының және спорт түрі 
бойынша жаттықтырушының кәсіби құзыреттілігі қарастырылады. 
«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы» пәнін оқу барысында болашақ мамандар
төмендегідей құзыреттіліктерін қалыптастыруы қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет