382
командалармен жұмысты жоспарлау. Жоспарлау құжаттары. Жаттығу сабақтарын жүргізу
әдістемесінің ерекшеліктері.
4.3 Спорттық дәрежелерге қойылатын талаптар. Дәрежелік талаптар мен бақылау
нормативтерінің ғылыми-әдістемелік негіздемесі. Спорттық разрядтар мен атақтар беру үшін
волейболшылардың техникалық-тактикалық даярлығы бойынша разрядтық талаптар мен
нормативтер.
4.4 Жаттықтырушылар мен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Волейболшыларды жаттықтырудың тиімді техникасын, тактикасы мен әдістемесін анықтау
үшін жекелеген зерттеу әдістерін пайдалану.
4.5 Жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу.
Жаттығу жиындарының міндеттері мен түрлері. Жетекшілер мен жаттықтырушылар
құрамының жиынды ұйымдастыруды даярлауы.
Жаттығу жиынының жалпы күнтізбелік жоспары. Жиынға қатысушылардың кестесі
мен тәртібі. Апталық тәртіп бойынша жаттығу сабақтарының саны.
Жиындағы оқу-жаттығу жұмыстарын жоспарлау құжаттамасы. Жаттығу жиынына
қатысушылармен сабақ өткізу ерекшеліктері. Бақылау ойындары мен жарыстары. Жаттығу
кезіндегі мәдени-тәрбиелік жұмыс. Жиын қорытындыларын шығару.
Жарыс алдында жиын өткізу ерекшеліктері.
Волейбол бойынша мектепте спорттық олимпиадалар өткізу. Сыныптар, мектепаралық
жарыстар.
4.6
Спорттық жарыстардың маңызы мен жоспарлануы. Жарыстар туралы
бағдарламалар: мақсат, міндеттер, өткізу орны мен уақыты, қатысушылар мен қатысқандар.
Қатысушы командалар арасында жеңімпаздарды және одан кейінгі орын алушыларды
анықтау, ұйымдастыру, марапаттау.
4.7 Жарыстарды өткізу түрлері мен тәсілдері: дөңгелене, шығару арқылы, араластық.
Ұпайларды есептеу және жарыс нәтижелерін ресімдеу жүйесі: техникалық есеп (хаттама),
нәтижелер кестесі, Бас төреші мен Бас хатшының қорытындылар шығаруы және өткізілген
жарыстар туралы есебі. Жарыс орнын даярлау, төрешілер арасындағы міндеттерді бөлісу,
жекелеген жарыстар өткізу бойынша төрешілер бригадасын жұмыспен қамтамасыз ету.
4.8 Жарыс барысында командаға жетекшілік жасау. Жарыс үдерісіндегі басшылықтың
маңызы. Алдағы жарыстарға даярлану. Болашақ бәсекелестің командасын бақылау. Болашақ
бәсекелеспен болатын ойынның жоспарын құру. Жарыс алдында жаттығулар өткізу (ойын
залын алдын-ала тексерістен өткізу). Команданың ойын жоспарын талқылау және жарыс
алдында ойыншыларға қойылатын талаптарды белгілеу.
Шартты дабылнаманың көмегі арқылы командаға жетекшілік жасау, үзілістер мен
ауыстыруды пайдалану. Жарыс барысында ойын әрекеттерін тіркеу және бейнежазбаға түсіру
және алынған мәліметтерді талдау.
Өткізілген кездесуді және бүкіл жарысты талдау. Талдау жолдары мен тәртібі. Талдау
мазмұнын және ойын әрекетінің жазбасын пайдалану. Жаттықтырушы-мұғалімнің
қорытынды пікірі.
Достарыңызбен бөлісу: