«Жолда жүрудің,балаға берер пайдасы»



Дата28.01.2018
өлшемі353,35 Kb.
#34400
«Жолда жүрудің,балаға берер пайдасы»

Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата - ананың міндеті.

Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу қызметтері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс - әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс - әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ - жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.

Әдіскер Г.Т.Шукулова



Әдіскер - балабақша жүрегі

Жарияланды 12-01-2015, 19:51 Категориясы: Бала-бақша 

Әдіскер – балабақша жүрегі
«Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін»
Өз сөзімді бастай келе жаңашыл әдіскер қандай болу керек?- деген сұраққа жауап бергім келеді.
Жаңашыл әдіскер
- Әдіскер - технолог
- әдіскер - басқарушы
- әдіскер - педагог
- әдіскер - зерттеуші
Бірінші орында балаға жан тәнімен жылуын беру, өз мамандығын сүйетін жан болу керек.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауым балалармен жұмыс жасау, балалардың қуанышымен күлкісінен нәр алу. Ғұлама ұстаз Әл - Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер» - деген екен «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз - өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында балабақша педагогтарын жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып білімдерін жетілдіріп отыруда. Біздің балабақшамызда мамандардың өз шеберлігін арттыру мақсатында төмендегідей формада жоспарға сәйкес жұмыстары жүргізіледі.

Біріншіден педагогтарымызды міндетті түрде біліктілікті арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру.


Екіншіден педагогтарды көптеген Республикалық, Қалалық семинарларға жіберіп тәжірибе алмасу жұмыстары.
Үшіншіден балабақшамызда ата - аналармен ынтымақтаста жұмыс жүргізу мақсатында «ашық есік» күндері, сонымен қатар «Жігіт сұлтаны», «Қош келдің, әз Наурыз!» «Әжелер сайысы», « Аналар сайысы», спорттық «Толағай сайысы» атты байқаулар, конкурстар, ертеңгіліктер дәстүрімізге айналдырып, балаларды қуанышқа бөлеу.
Төртіншіден инновациялық ізденіс, түрлі тақырыптарда тәжірибе алмасу мақсатында семинар кеңестер өткізіп отыру.
Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп, білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Әдіскердің яғни менің ұстанымын өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, барынша жан жақты ізденіп ақпараттар алып, балабақша тәжірибесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіріп ұсынамын.
Менің әдістемелік қызметімнің жетістігі өз педагогтарымның өзін - өзін тануға ықпал жасау. Әрбір педагог маман шеберлігін, шығармашылығын, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен мәртебе. Балабақша тәрбиешілері барлық балабақшалар секілді келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне барынша қызмет етуде. Ашылғанына бес жыл толады. Аз уақыт ішінде көптеген жетістікке жетіп, әдістемелік кітаптарды жаңарттық, әлі де талай тәжірибе жинап еңбектенеміз. Сөзімді қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Балалар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой - өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан - жақты ой - өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт - дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелесек нұр үстіне нұр болады.

Әдіскер портфолиосы 4 бөлімнен тұрады:

 

1.     Құжаттар портфолиосы



2.     Жұмыс портфолиосы

3.     Жетістіктер портфолиосы

4.     Пікірлер портфолиосы

Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969 ж.ж - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 ж.ж - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж.ж - Қармет комбинаттың партком хатшысы. 1977-79 ж.ж – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979-1984 ж.ж – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 ж. ж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991ж.ж – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 ж ақпан – сәуір айларының аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды болды. 1990 ж сәуірінен – Қазақ КСР президенті 1991 ж желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29- ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігі 2000 ж дейін ұзартылды. 1999 ж қаңтардың онында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып., Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж желтоқсанның төртінде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Елбасымыз жазғанын ұмытпаған жөн. Нұсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр. Осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.

Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикамызда ауылдарды, шағын қалаларды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі мерзімде оқуға жіберуге және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырылуда. Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды.

Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.

Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Назарбаев көбінесе мәдениеттердің, өркениеттердің дамуына көп көңіл бөлді.

Елбасымыздың бастамасымен көптеген оқу орындар ашылды. Олар: Еуразия Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университеті, лицейлер мен колледждер, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарда білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» орденімен, сонымен қатар көптеген елдердің жоғары наградаларымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді.



Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз!

Балабақшадағы тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы. Бүгінгі таңдағы білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі бұл - балалардың дарындылығын да-мыту мәселесі. 
Дарынды бала қандай? Сәбидің дарынды бала екенін қалай байқауға болады? 
Бала-өмірдің мәні. Қанша шаршап жүрсең де, сәбидің тәтті қылықтарын көргенде жүрегің жадырап сала береді. Алланың сыйы - бала екенін түсініп оған қызмет етуіміз қажет. 
Балаға қызмет ету, оны ел қатарына қосу дегенді ең алдымен ата-ана дұрыс түсіне білгені жөн. 
Балаға қызмет ету оның бойындағы құдай берген қабілет қасиетті дамытып, оның бала қуанышына айналуына жағдай жасау, міне, бұл ақылдының ісі. Бала-ның бәрін білгісі, көргісі келетін құштарлығына тосқауыл қоймаңыз. Сәбидің миы үшін жан-жақты мәлімет те соншалықты қажет нәрсе, тағы бір маңызды жағдай – бала миының көп нәрсені білуі үш жасқа дейінгі керемет қасиеті. Сондықтан бала өссін, сосын өзі түсінеді деп жүре берсеңіз кеш қаласыз. Бала өз ата-анасына жа-қын болмаса, өзі қызықтырған нәрсені сұрай алмаса, өмірдің несі қызық? Баланың сөйлегені дұрыс, бұл оның адамдармен араласа білуін ашады. Әрі ғылымдардың пікірінше бұл кішкентай дарынды баланың бір қасиеті деп танылады екен. 
Бұл баланың белсенді өмір сүру қабілеттілігі, керемет қызығушылығы, есте сақтау қабілетінің ерекше екенін байқауға болады. 
Дарынды баланың батылдығы – жасына қарамай, әлі келмейтін қиын мәселелерді шешу. 
Сонымен сәбидің дарынды бала екенін қалай байқауға болады? 
Ол баланың ойлау, есте сақтау қабілетінің күштілігі, байқампаздығы, әр нәрсені білуге құштарлығы, өзі әуестенген нәрсеге бар ынтасымен берілуі, өз ой-ларын жақсы жеткізе білуі, қандай мәселе болса да оны шешкісі келетін жауап-кершілігі болуы оны өз ортасынан ерекшелеп тұрады. 
Н.Ожеговтың сөздігінде «Табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсінді-ріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілерге мүлдем жарытпай тарататыны анық. 
Дарындылықты дамытуға өмір сүретін орта, берілетін тәрбие көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Тамаша кәсіби ұстаз кез келген ерекше қабілетті баланы дарындыға айналдыра алады. 
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта қарастырған жөн. Ал, уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көресетіп дәрежеге, мазмұнға ие болады. Дарынды баланы тәрбиелеудің қатаң үл-гісін ұсыну қиын, дегенмен баласын түсінгісі келген әр ата - ана оның әр ерекше-лігіне мән беріп, оны дамыта білген жөн. 
Балалардың көркем шығармаларға, кітаптағы суреттерге қарап қызығушы-лығы артып, танымы оянады. Оқып бергенді ұнатады, зейін қойып тыңдайды. 
Жеңіл тілмен кейіпкерлердің рөліне кіре отырып баяндап берсеңіз балаңыз-дың кітапқа, ертегіге керемет қызығушылығын арттырамыз. 
Болашақта дарын болатын бала сәби кезінен бастап айналадағы құбылысқа бейтарап қарамайды. Табиғат құбылыстары жайлы білгісі келіп сұрақтар қояды. Қалайда жауабын тауып беруді ойлаңыз. Сұрақтарға өзінше жауап айтуы, себеп пен оның салдарын өзінше түсінуге тырысатын ерекшелігі деп қабылдауымыз керек. Мұндай балалар ойын ісінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тыңнан бір нәрсені ойлап, оның өзіндік шешімін тауып отырады. Сурет салуға бейім ба-лаға да қағаз, қарандаш беріп, өз ойын қағаз бетіне бейнелеуіне жағдай жасау керек. Сәби шақта баланың ерекше қабілеттерін, бейімділіктерін байқап, бұлар-дың қабілеттерін дұрыс арнаға бағыттай білсек деген тілек туады. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру ата-ананың, балабақшада тәрбиешінің міндеті қа-білеттілігіне байланысты үйірмелерге қатыстыру қажет, жеке жұмыстар жүргізу керек. Ән мен би, музыка сәбидің ең керемет бір әлемге жетелегендей болады. Музыкалық қабілеттілік құдай берер ерекшелік десек те бала қуанышы үшін оның бойындағы қызығушылыққа кедергі қоймай, жанына сыйлар әсемдікке жол аша білу керек. Балабақшада сурет салуға бейімділігі немесе дене қимыл қозғалыста-рына бейімділігі биге, ән салуға бейімділігі байқалса одан әрі дамытуға жағдай жасалады. 
Балабақшамызда ұйымдастырылған сурет көрмесінде, көңілді кештерде, жарыстарда балалардың жетістіктерін шыңдап биіктерден көрінулеріне жол аша-мыз. Сурет салуға бейімді Өмірсерік Софияны, ән салуға қабілетті аудандық «Ай-гөлек» байқауында ІІорын алған Сағиданов Рамазанды, биден «Айгөлек» байқа-уында ІІ орынды иемденген Жеткергенова Ақеркені, облыстық «Балдаурен» байқауына қатысып сертификат алған Сағиданов Рамазанды атап өтуге болады. Спорттық жарыстарға қатысып, көзге түскен Қуанов Әлиді, Нағиева Жанерке, 
Ардағали Аңсағанды айтуға болады. Яғни бұл жетістіктер біздің балабақшада дарындылықты дамыту жолдарының нәтижелері. 
Бұдан «Не ексең соны орасың» деген халық даналығының іс жүзіндегі нәтижесін көреміз. Бала бүгінгі күні сіздікі болғанымен азамат болғанда ертеңгі күні халықтың баласы болады. Әр адам өз отбасынан бастап өз баласына дұрыс көңіл бөліп, бұлақ көзін ашқандай, шынайы қабілетті дамытуға қызмет етсе, біз ешбір ұлттан кем емес дарынды балаларды тәрбиелей алатынымызды дәлелдей-міз. 

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру. 

Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, 
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз бен ата – ананың қолында» Н.Назарбаев. 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. 
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. 
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл –қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы-өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады.Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты- балалардың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. 
Балабақша мен ата – ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары: - педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру; 
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі тәрбие шаралар) және қосымша қызмет көрсету; 
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау; 
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу; 
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету; 
Бұл міндетті орындау тек балабақшаның емес, отбасының да игі ісі. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. 
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. 
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. 
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы. 
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. 
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау. 
І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру. 
Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те болдырмау керектігін түсінеді. Ата аналар балаларына портфолио дайындағанда балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып қоюға болады. 
Ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен танысып, сауалнамалар толтырады. 
ІІ. Іс - әрекеттің түрлі формалары 
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады». 
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін тәрбие шараларына қатысып отырады. Кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысты. Ата-аналармен өткізілген іс-шаралар: «Алтын күз» мерекесі «Күз кереметі» көрмесі, «Жаңа жылым жарылқа», «Айналайын анашым» «Наурыз –думан» ертеңгілігі, «Қыстың айы тамаша, Кел ойнайық балаша» ерте жас пен ІІ кіші топтың қысқы сауықтыру шарасы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында 4 топ бойынша ата-аналармен дөңгелек үстел, «Айгөлек» балалар шығармашылық фестивалы, «Туған күнің құтты болсын, балақай!» сынды шаралар балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етті. 
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. 
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Елбасы Жолдауы- жарқын болашақтың айқын кепілі. 

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдаған жолдауын барша қазақ жұрты ел болып тағатсыздана тосты десек те болады. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» атты ұстанған ұлттық идеясы- біздің шамшырағымыз,жарқын болашағымыздың айқын кепілі іспетті. Президентіміздің халыққа жолдаған әр жолдауы,қазақ халқының өткен жолы,тарихы,тағдыры сынды. Барлық жолдауында келелі мәселелерімен қатар тың жаңалықтарымен халықты бір серпілтіп тастайды.Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында еліміз өркендеп, көркейіп, қарқынды дамуда.Елбасымыздың Қазақстан жолы - 2050 «Мәңгілік Ел» атты жолдауы жүйелі түрде іске асыруда бағыт-бағдар беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға айрықша көңіл бөліп нақтылады.Солардың ішінде экономикалық-әлеуметтік даму бағыты,ғылым,білім саласы жайлы да сөз етті.Мемлекет басшысы осы Жолдауында мұғалімдердің еңбекақысының 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 29 пайызға көтерілетіні туралы айтып,барлық мұғалімдерді қуантып тастағаны айдан анық. Елбасымыз : «Мәңгілік Ел» өзіміздің қолымызда. Бұл үшін үнемі өзімізді қамшылап,ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да,бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек»,- деген сөздері көптеген Қазақстандықтарға ой тастады. 
Мектеп оқушыларына қазақ,орыс және ағылшын тілін меңгертсек,өзіндік ізденістері мен сындарлы ойлау қабілеттері дамитынын айта өтті. «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес,ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,- деп мемлекеттік тілдің мәртебесін бір асырып тастады. Елбасымыздың «Ол – елдігіміз бен бірлігіміз,ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын,сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан» деген ойға қонымды, оралымды ұйқасы жаныма қуат,бойыма ерекше серпін берді.Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ елі әрқашан көк туын көктен желбірете берсін.Алар асуымыз,шығар биігіміз көп болғай..

Тақырыбы: «Сәби тілін дамыту жолдары»

 

Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2030 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.



Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.

Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.

Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.

Ең тиімді әдістерінің бірі «Ойлап табу теориясының шешімінің міндеттері» әдістемесі. Бұл әдістеме бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс. Қысқаша осы әдіске тоқталып кетейін.

ОТТШМ – балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді.

 

Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық  ізденіс болып табылады. Мектепке дейінгі балалармен оқу – тәрбиелік іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыру қажет, қазақ тілі сабағында ОТТШМ технологиясы бойынша әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамыз.



 

ОТТШМ - ұраны -  «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.

 

ОТТШМ  технологиясы бойынша «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс әр түрлі қызметте кеңінен тараған. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.



Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

Мысалы: “Ой шабуылы”.

«Егерде ... , не болады?»

« ... жаңбыр толастамай жауады».

«... адамдар құстар сияқты ұшып үйренеді».

«... иттер адамдар сияқты сөйлей бастайды».

«... барлық ертегі кейіпкерлері тіріледі».

«... су құбырының шүмегінен апельсин шырыны ағады». Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді.

 «Ой шабуылының» жемісі психологиялық  және талдау белсенділігіне

байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз.

Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз.          Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз.

 Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа  қоямыз.                                            Бұл ауызша ойын.



Мысалы,«Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе - жаман»
Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу.
Ойын:«Керісінше»(доппен ойнайды).
Мұғалім балаға допты лақтырып, сөз айтады, ал бала мағынасына қарай қарама – қарсы сөзбен жетекшіге допты қайтарады (жақсы – жаман, құру – бұзу, кіру – шығу...,). 
     Мұғалім балалардан керісінше сөйлеуді сұрайды. Мен “кішкентай” деймін, балалар “жоқ, үлкен” – деп жауап қайтарады. (Жуан – жіңішке, қара – ақ, кәрі – жас, жеңіл – ауыр, жылы - ..., ұзын - ...).
Ойын: «Хайуанаттар үйі»

Үлкен ақ қағаз бетінде әр түрлі пішінді көп терезелері бар үйдің суреті бар. Балалар бұл үйде қандай аңдар тұратынын айтады, суретін салады. Оларға ат қояды. Содан кейін балалар бір күні осы үйде болған бір жағдай туралы әңгіме құрайды.
Сабағымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол

сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Қазіргі заман талабы – жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілі  пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол.  Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып,балалардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.

1.Қазақ тілі сабағында қолданылған  аудиокітаптар  балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.

2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы  кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.

3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын  т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.

4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.

Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.Ойын дегеніміз не? Ойындар, жаттығулар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бақылауға, зейін қоюға, білуге құмарлығын арттырады.

Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Сенсорикалық, дидактикалық, дамыту ойындарын көп қолданамын.Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың маңызы зор. Осы арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды.Тіл үйренуде ең басты міндет –балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті- Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:Түсіндіру әдіс  - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін   жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.



Көрнекілік әдіс – Сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .

Мысалы:«Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы немесе  кәдімгі киімдерді көрсету арқылы жүзеге асып отырады.   Ы. Алтынсарин  Натуральды әдіс туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. 

Мысалы: «Алма» сөзін алманы көрсету, немесе дәмін татқызып арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс –  «Жеміс-жидектер», «Оқу құралдары», «Ойыншықтар», «Тағамдар» ,   тақырыптарында жүзеге асады.

Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде тәжірибемнің көрсеткіші бойынша бірнеше тиімді әдіс-тәсілдерді атап өттім: Баланың ерекше бір өзіне тән қасиетті – бапылдап сөйлеуден жалықпау. Осы ерекше қасиетін пайдалана отырып, орыс тілді отбасы болсын, балабақшасы болсын, жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады. Дәл осылай басқа тақырыптарды да қозғауға болады: мысалы: Кеше күн қандай болды? Бүгін күн қандай? Бала орыс тілінде айтқан шағын сөйлемдерін қазақшаға келтіріп айтады. Диалогтық сөйлеу балалардың анық және мәнерлі сөйлеуін қамтамасыз етеді. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі ойынмен ұштасып келеді. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Сондықтын сабақтарда сюжетті мазмұнды ойынды пайдалануға болады.

Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкенге кіріп амандасады, қазақша айтуға тырысады. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.

Орыс тілді балаларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету барысында біздің мекемеде «Болашақ» үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеге өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысады. Үйірменің мақсаты: халық ауыз әдебиеті арқылы балалардың тілдерін дамыту, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.

 «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте– деп ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада ары қарай жүзеге аспақ. Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» деген мақал бар. Демек, біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек, еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.

“Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны  меңгеруі  тиіс.

Елбасы    Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Бұл үдерісті де тәуелсіздіктің жемісі деп білеміз.



Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде. 
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады. 
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 
Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады. 
2-3 жаста баланың дене және психикалық дамуы одан әрі жүзеге асады. Ай сайын салмағына 170,0-190,0 г, бойына - 1 см қосып отырады. 2-3 жастағы баланың салмағы орташа есеппен 12,0-12,7 кг, бойының ұзындығы 85,0-86,0 см жетеді, 20 сүт тісі болады. Сергектік уақытының ұзақтығы: бірінші жарты жылдықта 3 сағаттан бастап 4 сағатқа дейін, екінші жарты жылдықта 4 сағаттан бастап 5,5 сағатқа дейін. Тәуліктік ұйқы мөлшері 14 сағаттан 12,5 сағатқа дейін қысқарады. 
Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады. 
Екі жасында - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды. 
Тілді түсіну біртіндеп болатын процес. Бұл процестің дамуы үшін бір жарым жасқа дейін заттар, қимылдар мен олардың атаулары арасындағы байланыс қарқынды орнай бастайды, бұл байланыстар алдымен әлсіз болады, оларды нығайту үшін арнайы жағдайлар қажет. Жекелеген анализаторлардың (қозғалыс, көру, есту қабілеттері) арасындағы байланыс тым берік болмайды, бала ересектерді түсінгенімен, оларға назар аудармауы мүмкін. 
Бірінші жарты жылдықта тіл айтарлықтай қарқынмен дамиды; сөйлеуге еліктеу қабілеті жетіледі, былдыры күрделенеді; бір жарым жасында белсенді сөздік қоры 30-40 сөзге жетеді. 
Екінші жарты жылдықта белсенді тіл дамуында айтарлықтай өзгерістер болады: белсенді сөздік қоры 200-300 сөзге дейін артады. Бала тілінде зат есімдердің септік және көптік жалғаулары, етістіктің бұйрық райы мен өткен шақ пен келер шақ түрлері пайда болады. Бала кейбір дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтады. 
2 жастың соңына қарай тіл өзінің негізгі қызметі - қоршаған ортамен қарым-қатынас қызметін атқара бастайды. Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына жауап бере алады. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. 
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше. Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен айналысуды жалғастырады: алмалы-салмалы ойыншықтармен ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып, олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды, «үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді. 
Балалардың тілін дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. 
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. 
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. 
Балалармен «Кім қалай дабыстайды?», «Кім шақырды, тап!» тіл дамытуға арналған ойындар, «Шарды үрле» атты дем алу жаттығуларын ұйымдастыру. Пейзаж, натюморт, портрет жанрларымен суреттерді қарастыру. Үлкендердің көмегімен «Төлдерін тап және ата» дидактикалық ойынын ойнау. Балаларға арналған: дүкен, ойыншық, отбасы, бақша жемістері, орман, көл, бассейн, үй және дала жануарлары мен олардың төлдері, үй құстары, гүлдер, сонымен бірге құмырсқа, көбелек, ара сияқты жәндіктер туралы кітапшаларды қарастыру. 
«Алақай», «Бесік жыры», «Әлди-әлди», «Түлкі», «Шырша», «Қыс», «Қоян», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр» өлеңдерін жатқа айтуға үйрету. 
«Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Шалқан», «Түлкі мен тауық», «Үш аю» атты ертегілерді тыңдап сахналауға баулу. 
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. 
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. 
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». 
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». 
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. 
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. 
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 
3 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз, ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау қабілетінің негізі қалыптаса бастайды. 
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес, сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді, епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере бастайды. 
Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді. 
Екі жастағы бала музыка мен көркем сөзге әуес келеді. Балалар би және байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды. Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады. 
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. Үш жастағы балалардың дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Тәрбиешіге қажет қасиеттер: 

1. Жылылық 
2. Түсінушілік 
3. Сезімталдық 
4. Кең ойлай білу 
5. Баланы шабыттандыра білу 
6. Балаға, өзге адамдарға қадірлі болу 
7. Шығармашылық ізденісте болу 
8. Ойын-сабақты қызықты, пайдалы өткізу. 

Тәрбиешінің түрлі мұраты: 

1. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау. 
2. Шығармашылық қасиетін дамыту 
3. Кісілік, адамгершілік қасиетін дамыту. 
4. Дүние танымдылық қасиетін дамыту. 

Тәрбиешіге ұсыныс 

1. Бала, балабақшаға емес, балабақша бала үшін жұмыс істейді 
2. Баға құнды емес, бала құнды. 
3. Кісіге күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. 
4. Әр баланың өмірі мен тіршілігі өзінше бір тағдыр. Бала тағдырына ойланып қара. 
5. Баланың ықыласын оята біл, қолынан келетініне сендіре біл. 
6. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу таң қалудан басталады. 
7. Баланың кемшілігін емес, жемісін ізде. Кемшілігін көргіш болсаң ықыласын қайырасың. 
8. Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла. 
9. Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. 
10. Тәртіпке көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет