Негізгі морфологиялық өзгегізінен бес жасқа дейінгі балалар ауырады. Бұл патологияның негізінде подоциттердің туа біткен ферментопатияға байланысты өзгерістер жатады.
Патологиялық анатомиясы. Липоидтық нефроздың морфологиясын тек электрондық микроскоппен ғана анық ажыратуға болады. Бұл жерде подоциттердің кіші өсінділері аяқшаларының бір біріне қосылып немесе бүтіндей жойылып кеткенін көреміз. Негізгі мембрана өзгермеген, ол жерде депозиттер жоқ. Негізгі морфологиялық өзгерістер бүйрек өзектерінде дамиды. Бүйрек өзектерінде майлы дистрофия, некробиоз, десквамация құбылыстары; өзек ішінде цилиндрлер табылады. Бүйректер едәуір ұлғаяды, олардың қыртысты қабаты қалыңдап, ақшыл сары түске енеді, ал оның пирамидалары керісінше қанмен толып, көкшіл қызыл болып көрінеді («үлкен ақ бүйректер»). Әдетте бұл синдромнан кейін бүйректерде еш өзгеріс қалмайды, тек кейбір жағдаларда ғана ошақты гломерулосклероз дамиды.