12 айға дейін созылып, аурулардың 5-10% де жиі кездеседі. Өлікті жарып қарағанда бүйректер азырақ үлкейіп, қанмен толған болады. Бүйрек капсуласы астында және бүйрек кесінділерінде майда қызыл немесе сұр көмескілеу “нүктелерді” көреміз. Бүйректің қыртыс қабаты қоңыр-сұр, ал пирамидалары қызыл түсті болады. Бұл көрініске “шұбар бүйрек деген ат берілген”.
Нәтижесі
Аурулардың 80-90% -ті бүтіндей сауығып кетіп, бүйректерінде ешқандай морфологиялық белгі қалмайды. Бірақта кейбір жағдайларда осы өзгерістер әрі қарай дамып жітілеу немесе созылмалы нефритке өтеді. Жіті нефритте ауру бүйрек қызметінің жедел нашарлауы нәтижесінде өледі.
Жітілеу гломерулонефрит
Аурулардың 1-4% кездеседі. Нефриттің бұл түрі жіті нефриттен кейін, Гудпасчер синдромында, жүйелі қызыл волчанкада, түйінді периартеритте, кейбір қатерлі ісіктерде дамиды. Сырқат белгілері алғаш білінгеннен кейін 1-1,5 айдан соң кейде 4-6 айда ауру уремиядан өледі.
Бұл гломерулонефритте бүйректер едәуір үлкейіп, олардың қыртысының қабаты қалыңдайды. Егер бүйрек қанмен біркелкі толып, қып-қызыл болса оның “үлкен қызыл” бүйрек дейді. Кейде оның қыртысты қабығы кеңіп, бозғылт-сары, күңгірт түске кіріп, пирамидалары қанмен толып қып-қызыл болып “үлкен шұбар” бүйрек түрінде көрінеді.