Қазіргі кезде нефриттің барлық түрлерінің иммундық негізінде туындайтыны анықталған. Көптеген эксперименттерде нефриттің шығуы аллергиялық реакциялармен байланысты екені көрсетілген. Бүйрекке қарсы бағытталған антиденелер нефритпен ауырған адамдардың 70-80 % -де табылған , ең қызығы бүйректің басқа ауруларында бұлар кездеспейді.
Стрептококты инфекцияның нефрит дамуындағы ерекше рөлі нефрит туындатушы стрептококпен бүйректің негізгі мембранасының арасындағы антигендік ұқсастықта. Осыған байланысты, организмде стрептококты инфекцияға қарсы бағытталған антиденелер стрептококтармен қатар бүйректің негізгі мембранасын да бұзады.
В.В. Серовтың пікірінше, осы аймақта антиген-антдене реакциясы жүріп иммунды жиынтықтар шөгіп қалады. Осылайша зақымданған негізгі мембрана кейін организм үшін аутоантиген рөлін атқарып, оған қарсы аутоантидене түзіледі.

Антиденелер негізгі мембранаға шөгіп қалып осы жердегі комплементті активтендіреді, осыған байланысты және сол жерде топталып қалған моноцит, нейтрофил ферменттері әсерімен негізгі мембрана бұзылып, енді осы мембранаға қарсы антидене түзіледі.
Демек нефриттер:
Демек нефриттер:
1) антиденелер әсерінде (антиденелік нефрит)
2) иммунды жиынтықтарға байланысты (иммунды – комплекстік нефрит) дамиды.
Бүйрек шумақшаларындағы морфологиялық өзгерістердің жайғасқан орнына қарап гломерулонефриттің: капилляр ішінде (интракапиллярлы) және капилляр сыртында дамитын (экстракапиллярлы) түрлерін ажыратады. Ал қабыну түрлері бойынша эксудативті және пролеферативті болып тағыда екіге бөлінеді.
Капилляр ішінде дамитын гломерулонефрит деп патологиялық өзгерістерден бүйрек капиллярлары ішінде немесе арасында болуын айтады. Осы жерде лейкоциттер топталып қалса эксудативті, егер де эндотелий немесе мезангий клеткалар саны көбейіп кетсе пролеферативті капилляр іші нефриті дейді.

Капилляр сыртында дамитын нефрит те екіге бөлінеді. Оның эксудативті түрінде Шумлянский-Боумен қуысына сарысулы, фибринозды немесе геморрагиялық экссудат шықса, пролеферативті түрінде нефротелий клеткалары көбейіп “жарты ай” көрінісін түзеді.