Жоспар: 1 Мектеп жиһаздары



бет3/3
Дата20.10.2023
өлшемі1,5 Mb.
#186934
1   2   3
Байланысты:
ВФШ БӨЖ 2

Мектеп оқулықтары

  • Мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар олардағы текст пен суреттерді көзбен көріп қабылдау процесін жеңілдетеді, сол арқылы кітапты немесе оқулықты оқыған кездегі көру анализаторының қызметін жеңілдетуді мақсат етеді. Нашар қағазға, атап айтқанда, жұқа жылтыр қағазға, ұсақ шрифтермен немесе анық емес етіп басылған оқулықтардан балалар мен жасөспірімдер тез шаршайды, ол көз ішілік қысымның артуына, көрудің нашарлауына және бас ауруына себепкер болады. Ұқыпсыз қапталған кітаптар оңай тозады және пайдалану басында тез кірлейді.

Оқу жабдықтары

  • Мектеп дәптері ақ, тығыз, тегіс, жарық өткізбейтін және ұқыпты түрде желімденген, сия жайылып кетпейтін жылтыр емес қағаздан жасалуға тиіс.
  • Қалам және қарандаш ұзындығы, диаметрі және салмағы мектеп оқушылардың сүйек-ет системасның жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Мектеп оқушыларының партада, оқушылар столына дұрыс отыруға үйретудің ерекше маңызы бар.

  • Мектеп оқушысы басын алға қарай болар-болмас қана еңкейтіп, тік отырса, көзінен кітапқа немесе дәптерге дейінгі аралық 35 см-дей болса, дұрыс отырған болып саналады. Бұл жағдайда оқушының белі міндетті түрде қосымша сүйенішке тиіп тұруы керек. Оқушының көкірегі мен парта шетінің арасында алақанның еніндей қашықтық қалуы керек. Иықтарды стол қақпағының шетіне параллель етіп ұстаған жөн: шынтақтың екеуі де партаның қақпағында жатуы тиіс. Оқушының аяқтары тік бұрыш жасай немесе біраз доғалдау бұрыш (110-1000) жасай бүгіліп, табандары еденге немесе партаның баспалдығына түгел тиіп отыруы тиіс. Бұлайша отыру ең ыңғайлы, ең аз шаршататын отырыс болып саналады; ол оқушының оқу материалын көзбен дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ омыртқаның қисаю мүмкіндігін болдырмау. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруының бұзылуы ұзаққа созылған, оның үстіне бір сарынды оқу жұмыстарын орындаудың нәтижесінде шаршаған кезде болады. Талығуды жою үшін немесе жұмыс қабілеттілігін ішінара қалпына келтіру үшін жұмыстың түрін өзгерту немесе дене шынықтыру үзілісін өткізу жеткілікті.
  • 1-4 сыныптарда тақта еденнен 85 см биітікке, ал 5 және одан жоғарғы сыныптарда 95 см биіктікте орнатылады. Мектеп дене шынықтыру, лабораториялар, шеберхана жабдықтары мектеп жасындағы балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуге және ол жабдықты пайдаланған кезде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
  • Мектеп дәрігерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың дәрігерлері мектептегі жазу-сызуға керекті құралдарын және оқулықтарының санитарлық-гигиеналық күйін қадағалау қажет.

Бас пен дененің кеуде бөлігінің алға қарай біраз еңкіш болып келгені дұрыс. Дененің еңкіштігі аздаған немесе орташа болып келеді. Аздап еңкіштік кеуде бөлігінің, белге қарағандағы бұрышы 1700-қа жуық, ал орташа болғанда бұл бұрыш 1600-қа жуық болып келеді. Статикалық және биомеханикалық тұрғыдан дене тұлғасының аздаған еңкіштігі, ауырлық орталығының амплитудасын онша көп ауыстырмайтындықтан дұрыс болып саналады.
Орташа және одан көбірек еңкіштік ауырлық ортасының алға қарай ауысып, оның қозғалу амплитудасын кеңейтіп жібереді. Мұндай жағдайда арқа, мойын бұлшық еттеріне жүктеме түсетіндіктен, тыныс алу қозғалыстарының амплитудасы тарылып, пульс жиілігін біршама жоғарылатып, көз көруін нашарлатып, веналық қан тамырлардың қызметін төмендетіп, омыртқа аралық шеміршектердің алдыңғы жағының жаншылуына әкелетіндіктен бірқатар патологиялық өзгерістер туғызуы мүмкін.
Балалардың сабақ кезіндегі дене тұлғасының дұрыстығын анықтау үшін дене кейіпінің жағдайына әсер ететін бірнеше мағлұматтарды ескеру қажет және осыған байланысты физиологиялық, патофизиологиялық, психофизиологиялық белгілерді бөліп қарауға болады.
1.Дене тұлғасының жағдайына баға беруге арналған физиологиялық белгілерге дене қалпын сақтауға қатысатын бұлшық еттердің белсенділігінің дәрежесі жатады. Дене тұлғаның дұрыстығы қан айналуы мен тыныс алу реакцияларымен де анықталады.
2.Түрегеліп тұрғаннан көрі, отырған жағдайдағы дене тұлғасы энергия шығыны тұрғысынан алғанда біршама қолайлы болып келеді: тірек аудунының кеңдігімен, ауырлық орталығының біршама төмендеу келетіндігімен, соған сәйкес дене тұрақтылығы гемодинамикалық ыңғайлылығымен сипатталады.
3.Психофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының құймшақ маңайы және санның артқы бөлігімен субъективті байланысы, ұзақ уақыт мазасыздыққа, көру жұмысы кезінде көзден жұмыс бетіне дейінгі қолайлылық жпғдайына баға беру жатады. Оқу процесінде техникалық оқу құралдарын пайдалануға байланысты психофиологиялық белгілердің маңызы арта бастады.
4.Патофизиологиялық белгілерге дене тұлғасының ассиметриясы және соған сәйкес бұлшық ет белсенділігінің ассиметриясы мен партаға отырған кезде немесе верстакта жұмыс істеген кезде дененің кеуде бөлігінің еңкіштігі жатады.
5.Сүйек-бұлшық ет жүйесінің шартты түрдегі ыңғайсыздығы организмде қажу дамуын жеделдетіп, соған байланысты әр түрлі өзгерістерге (дене тұлғаның еңкіштігі, сколиоздар, иық пен жауырынның ассиметриясы т.с.с.) дамуына әкеліп соғады.
6.Дененің тепе-теңдігі мықты, жүрек, қан-тамыр, тыныс алу, ас қорыту, есту және көру анализаторларының қызметі жақсы болған жағдайдағы дене тұлғасы дұрыс деп саналады.
  • Дифференция - столдың артқы қырынан (тігінен алғандағы) орындыққа дейінгі ара қашықтық. Бұл аралық иықтың шынтаққа дейінгі ұзындығына 5-6см қосқанға тең болуы керек. Дифференцияның 2см өзгеруі мүмкін. Одан жоғары болуы оқушы жазу жазғанда оң жақ иығы көтеріліп тұруына, соған байланысты дене ассиметриясы дамып, омыртқа бағанының қисаюына жағдай жасайды. Одан төмен болуы дененің еңкіштенуіне, көздің дәптер немесе кітаптан дұрыс ара қашықтығының бұзылуына әкеліп соғады.

Орындық арқалығының ара қашықтығы жоғары болса оқушы орындықтың арқалығын, қосымша тірек ретінде пайдалана алмайтындықтан ауырлық орталығы алдыға қарай ауысады, төмен болса стол беті көкірек қуысына тіреліп,
тыныс алуы бұзылады
қан айналу қызметі бұзылады
жұмыстағы дене тұлғасы қолайсыз болады
қажудың басталуы жеделдейді
қызмет қабілеті төмендейді

Қорытынды

  • Балалардың дене тұлғасының дұрыстығын гигиеналық негіздеу. Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор.
  • Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің негізгі бөлмелерінің жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар, антропомерия, гигиена, физиология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет