Жоспар: Ароматты көмірсутектер (арендер)



бет3/10
Дата25.05.2020
өлшемі192,43 Kb.
#70974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары»

Байланыс

Қосылыс

Е, кДж/моль

C - H

C2H6

410

C - F

C2H5F

510

C - Cl

C2H5Cl

392

C - Br

C2H5Br

328

C - I

C2H5I

265

Халықаралық атаулар жүйесі бойынша галогеналкандарды атау үшін көмірсутек тізбегі галоген жақын орналасқан жағынан бастап нөмірленеді. Галоген байланысып тұрған көміртектің нөмірі, галоген және көмірсутек аталады. Рационалды атау бойынша галогеналкилдердің аты көмірсутек радикалы мен галогеннен тұрады:



Галогеналкандардың изомерленуі көміртек қаңқасының құрылысы мен галогеннің орнына байланысты болады. Сондықтан бұлардың изомерлерінің саны сәйкес көмірсутектердің изомерлерінен көп болады. Изомерлену алкандарда С4 — бутаннан басталса, галогеналкилдердің изомерленуі С3-тен басталатынын келтірілген мысалдан көрдіңдер. Бромбутанның төрт изомері болады.

Галогеналкандардың физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары алкандардың физикалық қасиеттерінің заңдылықтарына ұксас. Алкил радикал мен галогеннің массасы өскенде, галогеналкилдердің қайнау температуралары артады. Сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысатындығына тағы да көз жеткіздіңдер. Галогеналкандардың бастапқы мүшелері газ тектес, ортаңғылары сұйық заттар. Өздеріне тән тәттілеу иістері болады. Галогеналкилдер суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.

Галогеналкилдер орынбасу, айырылу, тотығу реакцияларына түсе алады. Галогеналкилдердің галоген атомдарын басқа атом топтарына ауыстыруы, олардың маңызды реакциясы болып табылады. Осы реакциялар арқылы органикалық қосылыстардың басқа кластарына өтуге болады. Галогеналкил сілтінің судағы ерітіндісімен әрекеттескенде спирт түзіледі:

С2Н5Сl + NaOH --> С2Н5ОН + NaCl

Айырылу (ыдырау)реакциялары. Галогеналкилдерге сілтілердің спирттегі ерітінділерімен әсер еткенде, галогенсутек бөлініп, қанықпаған көмірсутектер түзіледі:

а) егер галогеналкилдің құрамында галогеннің бір атомы болса, алкен түзіледі. Бұл реакция теңдеуін алкеннен галогеналкилдерді алу әдісімен салыстырып, реакцияның қайтымдылығы жөнінде қорытынды жасаңдар. Қандай жағдайлар тепе-теңдікті этиленнің түзілу жағына карай ығыстыратынын айтыңдар. Мысалы:

Н3С - СН2Сl + NaOH -спирт-> Н2С=СН2 + NaCl + Н2O

ә) егер сілтінің спирттегі ерітіндісімен дигалогентуындылар әрекеттеесе, ацетилен қатарының көмірсутектері түзіледі:

СНСl2 - CH3 + 2КОН -спирт-> НС=СН + 2KCl + 2Н2O

Вюрц реакциясы металл натрий қатысында жүреді, реакция нәтижесінде алкандардың көміртек саны көбірек гомологтарын алуға болады.

Галогеналкилдер жоғарғы алкандарды, қанықпаған көмірсутектерді және спирттерді алғанда, аралық заттар ретінде кеңінен қолданылады.

Органикалық заттардың хлортуындылары улы химикаттар болып табылады. Өсімдіктер мен жануарлар зиянкестерімен күресуге қолданылатын заттарды пестицидтер деп атайды. Олардың ішінде инсектицидтер деп өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайтын заттарды, гербицидтер деп арамшөптермен күресте қолданылатын заттарды, ал фунгицидтер деп саңырауқұлақ ауруларымен күресетін заттарды атайды. Мысалы, гексахлорбензол С6Н6Сl6 дәнді дақылдарды зиянкестерден қорғауға пайдаланылады.

Кейбір хлорорганикалық заттар коршаған ортада ондаған жылдар бойы бұзылмай сақталуы мүмкін. Олар сумен араласып, қоршаған ортаға таралады. Суда нашар ерігенмен, майда жақсы еритіндіктен, жануарлар (балық, құс, т.б.) организмдеріне жиналады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет