Оңғақ (лат. Tіnca tіnca) – тұқытәрізділер отрядына жататын тұщы су балығы.
Сипаттамасы
Денесі жалпақ, жуан, тығыз ұсақ қабыршақтармен қапталған. Ұзындығы 32 см-дей. Екі езуінде қысқа мұртшалары болады. Балықтың сыртқы түрі негізінен қоңыр түсті, алтын сияқты жылтыраған рең байқалады. Судан шығарғанда түсі оңып кетеді, балықтың аты осыған байланысты қойылған. Аталықтарының құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтары едәуір жуан, сол белгісімен аналықтарынан оңай ажыратылады. Оңғақ жыныстық жағынан 3 – 4 жылда жетіледі, уылдырығын (320 мыңдай) тұңғиық және шылау өскен жерлерге мамыр айынан бастап 3 – 4 ай бөліп-бөліп шашады. Оңғақ балдырлармен, бентостық организмдермен (әсіресе хирономидтер мен біркүндіктер) қоректенеді. Еті үшін көп ауланады. Кәсіпшілік және өсіру балықтары.
Табан балықтар (Abramis) — тұқы балықтар тұқымдастарына жатады.
Тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары ұзын. Еуразия су қоймаларында 3 түрі таралған: бентофаг табан балық, ақкөз балық және планктонофаг көктыран. Ең кең таралғаны табан балық. Дене ұзындығы 50 см, сапмағы 5 кг дейін. Солтүстік, Балтық, Ақ Баренц, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері бассейінін тұрғылықты және өтпелі түрлерін құрайды. Бағалы кәсіпшілік балықтар.
Ақ қайран (лат. Leucіsсus іdus) — Қауырсын қанаттылар класының Тұқытәрізділер отрядының Тұқылар тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда кең тараған.
Дене тұрқы 60 – 70 см-ге жуық, салмағы 2,5 – 4 кг-ға жетеді. 4 – 6 жасында жыныстық жағынан толысып, наурыз – сәуір айларында тасқа, су өсімдіктеріне уылдырық (114 мыңға дейін) шашады. Шабақтары 3 – 4 жылда толысады. Жәндіктермен, ұлулармен және су өсімдіктерімен қоректенеді.
Торта (қаракөз) (Rutіlus rutіlus) – тұқытәрізділерге жататын жартылай өткінші балықтар.
Торта Еуропада, Батыс және Солтүстік Азияда таралған. Қазақстанның су айдындарында кең тараған, негізінен тұщы суларда болады. 5 түр тармағы (кәдімгі, Сібір, Арал, Каспий және Шалқар торталары) бар. Соңғы деректер бойынша Каспий тортасы (R. caspіcus) жеке түр ретінде қарастырылады.
Тортаның ұзындығы 50 см, салмағы 1500 г. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (2,5 – 147 мыңдай) сәуір – мамыр айларында шашады. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді.
Торта кәсіптік маңызы бар балық, әуесқойлық жолмен де ауланады
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |