Жоспар: Гармонизация және нені есте сақтау



Дата07.02.2022
өлшемі187,19 Kb.
#86980
Байланысты:
03.04.20. Гармония.


03.04.2020.
Пән: Элементерлық теория. Гармония
Топ: 38
Тақырып: Әуенді /мелодияны/ басты үшдыбыстылықпен гармонизациялау.
Жоспар:

  1. Гармонизация және нені есте сақтау.

  2. Гармонизацияда дыбыстардың жылжу процесы мысалдар: (жоғары, төмен, орынында қалу).

  3. Үйге тапсырма.



  1. сұрақ. Берілген дауысты гармонизациялау деп осы дауысқа үндесті түрде аккордтарды қосуды айтады.

Дауысты гармонизациялау үшін мыналарды еске сақтаған жөн:
а). T, S немесе Д үшдыбыстылықтарының әрбір дауысы әуеннің негізгі дыбысы болу керек.
в). Құрылымның бірініші және соңғы аккорды орнықты функция – тоника болады. Бірақ кейбір кездерде құрылу доминантадан басталады. Субдоминантадан басталуы сирек болады.
с). Куш түспейтін уақыттан келесі күш түсетін уақытқа дейін аккордтардың қайталануы орынсыз. Бұл күрделі тактілерде немесе жай тасымалданданған тактілерде және күш түсетін ширектерде болады.
д). Әрбір қос аккордтардың дұрыс қосылуын, яғни бірініші мен екінші, екінші мен үшінші т.с.с. тексеріп отыру керек.
е). Бас дауысты гармонизациялау жоғарғыдан төмен, төменнен жоғары алма – кезек болу керек те диапазоны 1 – 1,1/2 шекте болуы, тіпті болмаса екі октавадан аспауы керек.

2 – сұрақ. МЫСАЛДАРЫ:

Фортепианода мелодияны ойнағаннан кейін оның тональдігін анықтаймыз. Біздің мысалымызда тональдік C – dur, яғни ДО мажор. Жоғарыдағы сүрет бойынша берілген тональдіктің бастапқы дыбысы соль немесе доминанталық үшдыбыстылықтың негізгі дыбысы /соль – си - ре/ немесе тониканық квинтасы /до – ми - соль/. Бұл жағдайда бастапқы аккорд көбінесе тоника болады. Бұдан басқа әуендегі келесі дыбыс ля – субдоминантаның терциясы. Егер бірінші аккордта Д мәнін берсек, онда осыдан кейін субдоминанта келеді. Бірақ бұлай жасамауға тырысу керек, сондықтан – да соль – ді тоникалық үшдыбыстылықтың квинтасы деп есептейміз. Әуен төменгі регистрде берілгендіктен, оларды тығыз орналастырған жөн; осы есеп гармонизация аяқталғанға дейін сақталады:
Т
Әуендегі екінші дыбыс ля – субдоминантаның терциясы. Бастапқы тоникамен субдоминантаны қосуды гармониялық түрде жүргіземіз, тек осы жағдайда ғана дауысты жүргізу байсалды, бірқалыпты, жатымды болады.
Екінші тактіде соль дыбысы тониканың квинтасы немеседоминантаның негізгі дыбысы:

Т S
Егер, Т – ны алатын болсақ, онда соль дыбысын қайталау гармонияны өзгертуді керек етеді /әлсізден куш түсетін уақытқа ауысқанда/. Онда, үшінші тактінің куш түсетін уақытында доминанта болады; мелодияның барысында ФА дыбысы тек қана S болады.
Сонымен әуеннің берілген кесіндігісінде мынандай гармониялық жоспар туады:

Жоғарыда айтылғандан D – S – ның тізбегі ыңғайсыз, өйткені секундалық аккордтардың қатынастарын қосқанда, қарай журу керек, бас үш жоғарғы дауысқа қарама – қарсы жүру керек. (Өткен тақырыпты еске түсіріңдер). Біздің жағдайымыз бойнша бас үшінші тактідегі D – дан секундалық жүріспен S – ға көшеді. Демек жоғарғы дауыстар төменнен жоғары қарай журу керек, ал біздің мелодиямыз секундаға жоғарыдан төмен қарай жүреді. Бұл жағдайда D - S – ны мелодиялық дұрыс қосы\у мүмкін емес. Бұл талдаулардан кейін дұрыс гармониялық вариантты таңдап аламыз:
S – D – ны қосу екінші тактіде мелодиялық болып келеді де, бас бір сатыға жоғарылайды, үш жоғарғы дыбыс төмен қарай жүреді. (төменгі сүретке қараңыздар)

Т S D T S


Гармонизациялауды құру жоспарымыз бойнша D – T – ның гармониялық қосылуын аламыз /ортақ дыбыс соль – сопранада қалады/ (жоғарғы сүрет № 65).
Төртінші тактінің ре дыбысы доминатаның квинтасы /басқаша талдау мүмкін емес/. Демек алдыңғы субдоминантасымен қосылу – мелодиялық, және де бас пен үш жоғарғы дыбыстың қозғалысы қарама – қарсы, бұл үшдыбыстылықтың секундалық қатынасына тән: (жоғарғы сүрет №65)
Әуеннің екінші жартысында дәл осындай талдау жасап, оны гармониялық түрге келтіреміз:

Енді екінші вариантына көңіл аударайық, мұнда тоникалық үшдыбыстылық толық берілмеген /квинтасыз/, негізгі дыбыс үшеселенген. Бұл жағдайда квинтаның берілмеуі үшдыбыстылықтың тоникалық тазалығына ешқандай зиян келтірмейді және аккордтың толық дыбысталуына әсер етпейді. Қорытындылау кезіндегі толық үшдыбыстылықты қолданудың мәні кірме си дыбысын ортадағы тониканың примасы – до дыбысына шешу. Соңғы айналымдағы D – T толық емес Т, доминанталық квинтаның жоғарыдан төмен қарай қозғалуы заңды.


Осы әуеннің гармониясын кең түрде қарастырамыз. Көптеген сызықшалармен өте төменгі регистрді қолданбау үшін мелодияны бір октаваға көтереміз /төменгі сүрет № 67/
/екі сүретті № 66 – 67 салыстырыңдар, қай вариант дұрыс/

.



  1. Үй тапсырмасы:

  1. Гармонизация барысындағы дауыстардың журу процесін қайталау, есте сақтау.

  2. Берілген үзінділерді анықтамаларды пайдалана отырып талдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет