Жоспар: I. Кіріспе бөлім


Теңестірілген (негізгі тағамдық заттардың неғұрлым үйлесімді арақатынасы) және физиологиялық жағынан құнды рациондар жасау болып табылады



бет2/8
Дата13.06.2023
өлшемі470,41 Kb.
#178724
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
емдік тамақтану
sro(20180641-280389)

Теңестірілген (негізгі тағамдық заттардың неғұрлым үйлесімді арақатынасы) және физиологиялық жағынан құнды рациондар жасау болып табылады.

Емдік тағамдарда сандық және сапалық тамақ өзгерістері қолданылады. Мұнымен ас қорыту мүшесін механикалық және химиялық бұзылудан сақтауға, ауру мүшеге қолайсыз әсер ететін заттың түсуін шектеуге немесе сырқат организмге өте қажет және оның қызметін жақсартуға әсер етіп, қалыпты жағдайға келуіне жәрдемдесетін химиялық заттарды толықтыруға болады. Емдік тағамдар диеталық талаптарға сай, әр сырқаттың талғамын қанағаттандыратындай әр түрлі болғаны дұрыс. Егер тағам шектелетін болса, сырқат организмі оны жеңіл көтеретін болуын қарастырған жөн.

Емдік тағам дайындау барысындағы кулинариялық өңдеудің ерекшеліктері

Емдік тағам дайындау азық-түлікті кулинариялық өңдеудің өзіндік ерекшеліктері бар:

  • жүрек, бауыр, бүйрек ауруларына тұзсыз диета белгілеу;
  • үгілген тағамдарды пайдалану (пісірлген көкеністерді үккіштен немесе елеуіштен өткізу, жармаларды ұнтақтап алу);
  • тамақты буға пісіру (асқазан және ішек аурулары, жұқпалы аурулар және т.б.).
  • тағам температурасы;
    • ыстық тағамдар үшін ең қолайлы температура 60°С,
    • салқын тағамдар үшін - 10°С.
  • Аса ыстық және өте суық тағамдар өңештің кілегейлі қабатын және асқазанды тітіркендіреді.

Кейбір ауруларға берілетін ем – дәмдер

№1 диета (1а, 1б) - асқазанның, он екі елі ішек жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда белгіленеді:

  • Тамақ су не буда пісіріледі де, көбінесе үгітілген күйінде беріледі;
  • дайын тамақ температурасы – 60°С;
  • тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет;
  • күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г., көмірсу - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
  • рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, тұздалған,сүрленген, маринадталған, ащы және қышқыл тамақтар, шикі көкөністер мен жемістер, ірі тартылған ұннан пісірілген нан, ашыған қамыр, құймақ, татымдылықтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары мен тұздықтар (соус), ақ қауданды мыңжапырақ, табиғи жидек пен жеміс шырындары, консервілер, оның ішінде үй жағдайында дайындалып консервіленген компоттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет