Жоспар: I. Кіріспе бөлім



бет8/8
Дата13.06.2023
өлшемі470,41 Kb.
#178724
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
емдік тамақтану
sro(20180641-280389)

Егер науқастың өңешінен ас өтпей қалса, өңешке немесе өңештің асқазанға құяр жеріне операция жасалса, қоректік заттарды клизма арқылы тік ішекке жібереді. Тік ішек арқылы қоректік заттар жіберу үшін бір сағат бұрын тазалау клизмасын жасау қажет.

Клизма арқылы жіберетін қоректік заттар: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид ерітіндісін, амин қышқылы ерітіндісін 37-38°С жылытып, 300-500мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды. Осы тәртіппен тәулігіне 3 -4 рет жібереді. Қоректендіру клизмасын жиі пайдалануға болмайды, себебі одан тік ішек сфинктері тітіркеніп, жара пайда болуы мүмкін. Осындай асқынулар болмау үшін тік ішекті ұқыпты жуып тұру керек.


Ректальды немесе тамақты тік ішекке клизма арқылы жіберу

Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу

Асқазанға жасалған операциядан кейін, ісік болғанда ас қорыту жүйесіндегі аурулар кезінде парентералдық тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісі, белокты препараттарды, дәрумендерді, минеральды тұздарды, жүйе /система/ арқылы тамшы күйінде жібереді. Қоректік заттарды қанға құяр алдында 37-38˚C –қа дейін жылыту керек. Қоректік ерітінділерді қанға тамшылатып жібергенде оның тамшылар жылдамдығына мұқият қараған жөн. Мысалы, гидролизин, гидролизат казеин ақуызы, фибринсол, полиаминдерді алғашқы 30 минут ішінде минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызу керек, осы аралықта науқас тарапынан ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамызуға болады.

Полиамин ерітіндісін алғашқы 30 мин ішінде минутына 10-20 тамшы, содан соң 1 минутта 25-35 тамшыдан тамызады. Липофундин S /10% ерітінді/ алғашқы 10-15 минут ішінде минутына 15-20 тамшыдан тамызылады, ал науқас тарапынан ешқандай өзгеріс болмаса, бірте-бірте тамшы жылдамдығын көбейтеміз, минутына 60 тамшыға дейін жіберуге болады. Мысалы, 500мл ерітіндіні құю 3-5 сағатқа созылады.

Ақуызды препараттар қанға жылдам кетсе, онда науқастың екі беті қызарып, денесі ысып, тынысы тарылады. Сол себепті қоректік заттарды қан тамыры арқылы жібергенде өте мұқият болған жөн.


Қорытынды:
«Ас - адамның арқауы» немесе «Ауру - астан» дейді халық, олай болса, адам организмінің өсуіне, жетілуіне, зат алмасуына тамақ ауадай қажет. Өйткені біздің организмімізге керекті заттар осы тамақ арқылы шамадан тыс ретсіз қабылданса, оның организмге зиян келтіретінін де естен шығармауымыз керек. Қабылданған тамақ асқазанда, ішекте, қорытылып сіңген соң, ол жүрек, өкпе, бүйрек, нерв жүйесі сияқты адамның ішкі мүшелерінің қызметіне , дененің өсуіне жұмсалады. Адамның күнделікті тағамына белок, көміртегі, май, витаминдер, су және минералды заттар болғаны дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Диетология», под редакцией А.Ю.Барановского, 3-е издание, 2006г.
  • https://eda.wikireading.ru/131302
  • Статья: «Главное в лечебном питании», Бебишева Г.В.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет