Аллергиялық балау әдiсi организмнiң баяу типтi сезiмталдығына негiзделген. Малды туберкулинмен жаппай тексергенде туберкулезге берiлетiн аллергиялық реакциямен қатар, парааллергиялық (6-кесте), яғни жалған реакция берiледі. Атипикалық микобактерияларға берiлетiн парааллергиялық реакцияны нақтылы туберкулез микобактериясына берiлетiн телiмдi аллергиялық реакциядан ажырату қиындық тудырады. Сондықтан аурудан мал шаруашылықтарында туберкулезге түбегейлi балау қою үшiн барлық әдiстер кешендi түрде қолданылуы қажет.