Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет11/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

Патанатомиялық балау. Туберкулезден мал шаруашылықтарында аллергиялық тексеру кезiнде туберкулинге оң реакция берген мал арнайы сойылып, патанатомиялық зерттеу жүргiзiледi. Егер туберкулинге оң аллергиялық реакция берген малдың саны көп болса, союға клиникалық белгiлерi туберкулезге тән малды алу қажет.

Патанатомиялық зерттеу. Малдың терiсiн сыпырғаннан бастап көзге көрiнетiн өзгерiстерге мән берiледi. Алдымен бастағы: жақ, жұтқыншақ сонан кейiн кеңiрдек, өкпеаралық (алдыңғы, ортаңғы, артқы) лимфа түйiндерi және өкпе ағзасы тiлiнiп қаралады. Құрсақ қуысын жарғанда: шажырқай, лимфа түйiндерi, бауыр, көк бауыр, аш iшектер, көк ет, ал желiндi тексергенде желiн үстi, сыртқы шап түйiндерi қаралады. Сонымен қатар көкiрек пердесi, жауырын алды, қабырға аралық, шап еттерiнiң арасындағы лимфа түйiндерi тексерiледi. Тексеру барысында өзгерiске ұшыраған ағзалардан бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге сынамалар алынады. Егерде тексерiлген ағзаларда туберкулезге тән ошақтар анықталмаса, онда өзгерiске жиi ұшырайтын: жұтқыншақ, кеңiрдек, өкпеаралық шажырқай, лимфа түйiндерi, өкпенiң ортаңғы бөлiгiн алуға болады. Материал арнайы шыны ыдыстарға салынып, жолдама қағазбен бiрге тез арада малдәрiгерлiк лабораториясына жiберiлуi тиiс.

Гистологиялық зерттеуге алынған материал iшiнде 10% - ды формалин ерiтiндiсi (10 см3 40% - ды формальдегид және 90 см3 су) бар ауызы нығыз тығынмен жабылған шыны ыдысқа салынады. Ыдыстағы формалин ерiтiндiсi алынған материалдан 10 есе көп болуы керек. Лаборатория шалғай жерлерде орналасқан жағдайда, бактериологиялық зерттеуге алынған материал 30%-ды глицериннiң ерiтiндiсiмен консервацияланады. Туберкулезден мал шаруашылықтарында туберкулинге оң реакция берiп арнайы сойылған малға патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргiзгенде туберкулезге тән ошақтар анықтамасы, онда жоғарыда көрсетiлген ағзалардан лабораториялық зерттеуге материал алынады. Алынған материал бактериологиялық әдiстiң толық жүйесiмен тексерiлiп, туберкулез микобактериясының бар жоғы анықталады.

Патанатомиялық тексеру барысында iшкi ағзаларда туберкулезге тән ошақ табылса, онда лабораториялық зерттеу микобактерияның түрiн анықтау мақсатымен жүргiзiледi. Туберкулездiң түбегейлi балауы қоректiк ортада өсiрiлiп, одан бөлiнiп алынған туберкулез микобактериясының таза өсiндiсiн алу немесе биологиялық әдiстiң оң нәтижесi (теңiз тышқаны патматериалды жұқтырғанда туберкулезге тән белгiлер берсе) арқылы анықталады. Сонымен қатар туберкулездiң түпкiлiктi балауы патанатомиялық зерттеу кезiнде iшкi ағзаларда туберкулезге тән ошақтардың табылуымен де расталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет