Қортынды:
1. Біз зерттеу жүргізген Алматы обылысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты «Даулет» шаруа қожалығындағы әр жастағы ірі қарадан Туберкулез ауруының қоздырғышы анықталды.
2. Туберкулездің қоздырушысы M ycobacterium туыстығы- на жатады. Бүл туыстыстықта ауру коздыратын микробтын негізгі үш түрі бар: M .tuberculosis (адамды ауыртады), M .bovis (ірі қараны), M .avium (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі - M .piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бүл микробтьщ 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қо- ректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшёуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
3. Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін талдау, аллергиялық, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады.
4. Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақыттылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың мг/кг дозада бұлшық етке 0,5% новокаин ертіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн бойы күн сайын 3-5 мг/кг мөлшерінде бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы организмде 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий пермангаңатын жіберу дерттің бәсең- деуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |