Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет8/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының
2-3--тапсырма, Бағалау, Бағалау, Анаэробты және аэробты тыныс алу
ІІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР.

1.1 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама.

"Даулет" жеке шаруа қожалығы Алматы обылысы, Көксу ауданы, Жарлы өзек ауылдық округінде орналасқан. Мұнда сүт - ет бағытындағы ірі қара, ет және жүн бағытындағы қой және жылқылар өсіріледі. Өзен бойында, сай - салада мойыл, қарақат, терек, ұшқат бұталары өседі. Шаруашылық топырағының басым көпшілігі сары топырақты және қызғылт қоңыр топырақты. Оңтүстік жақ бөлігі ылғалдылығы аз біркелкі қара топырақты. Шығыс жағы солтүстікке қарай бағытта қара топырақтың сілтілік мөлшері өте үлкен шамада. Бұл жерлер шабындыққа қолайлы. Шабындықтың түсімділігі 15-30 ц /га шөп.

Өсімдіктердің өсуі жер белестеріне байланысты әр түрлі айырмашылықта болады. Солтүстікте өсетін өсімдіктер: кәдімгі тарғақ шөп, қызғылт қылтанақсыз, мыңжапырақ, беде, қазтабан тағы басқалар.

Бұл өсімдіктердің өнімділігі құрғақ салмақта орташа мөлшері бір гектарына 15 центнер болады. Бұл жазда жайылым ретінде пайдаланылады. Аса ылғалданған топырақ қабаты бар төменгі аймақтарда жайылымдық өсімдіктер қалыптасқан. Мұнда келесі өсімдік түрлері кездеседі: мия, шалғынды қоңырбас, жатаған бидайық және т.б.

Бұл өсімдіктердің орташа биіктігі 20-60 см дейінгі аралықта. Арам шөптерден: мия, жусан, ошаған бар. Бұл зиянды өсімдіктерді малдар көбінесе жемейді. Олар мал басының өнімділігін, терісі мен жүнінің сапасын

төмендетеді. Өсімдіктер органикалық және минералдық заттарға бай болып келеді. Малдар кейбір иісі бар өсімдіктерді кепкен, әбден құрғаған кезде жақсы жейді.

Бұл, шаруашылық негізінен, ылғалы аздау аймаққа жатады. Мұнда ауа - райы құрғақ, әрі тез құбылмалы, жыл бойында тәуліктік температурасы күрт өзгеріп тұрады. Қыс айлары температура -20ºС, ал ыстықта -35ºС-ке жетеді. Жауын - шашын мөлшері 283 мм шамасында. Жыл бойы біркелкі жаумайды. Жылдың жылы уақыты шілде, тамыз айлары. Қысы өте суық емес. Қысқы күндері жауған қар мөлшерінің биіктігі 0,5-1 м. Топырақтың ылғалдылық алуға ең қолайлы мезеті - осы кез. Бұл жағдай көктемде өсімдіктердің өніп - өрбуіне қолайлы жағдай туғызады.

Жер бедері жоталы - жазықты. Жел көбіне оңтүстік - шығыс бағыттан соғады.


1.2 Шаруашылықтың эпизоотологиялық жағдайы.

«Даулет» шаруа қожалығы бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз болып саналады. Аурудың жіті түріне шалдыққан мал ет комбинатына өткізіледі. Дегенмен, бұл шара күткен нәтижеге әкелмеді – жыл сайын шаруашылықта бруцеллезге шалдыққан малдар саны шығып отырады. Қазіргі кезде шаруашылықты сауықтыру шаралары жүргізіліп жатыр. Екі рет теріс нәтиже алынғанға дейін малдардан міндетті түрде қан алынады, ауру малдарды табыннан бөліп алып, сояды. Қан алу жоспарлы түрде 6 айда 2 рет жүргізіледі.

№82 бруцелла абортустың әлсіз аглютиногенді штамынан ірі қара малының бруцеллезіне қарсы құрғақ тірі вакцинамен вакцинация жүргізіледі. Вакцинаны 4 айлық жасынан бастап енгізеді. Ұрғашы малды 2 рет егеді:бірінші рет 4-5 айлық жасында, екінші рет ұрықтандырғанға дейін 2-3 ай қалғанда, бірақ бірінші еккеннен кейін 10 ай толмай егілмеуі керек, сол құлақтың жоғарғы жиегіне егіледі. Бруцеллезге егілмеген құнажындарға күзгі зерттеу кезінде қанды ала отырып, вакциналайды. Зерттеуді жалпы мал басына 30 күн аралатып, 2 теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Оң реакция берген малдарды союға жібергеннен кейін, міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі. Түсік тастаған, уақытынан бұрын төлдеген, шуы кідірген мал тізімін қарастырады. Бруцеллезге «+» реакция берген, түсік тастап, клиникалық белгілері бар малды дереу оқшаулап, сол шаруашылықта сояды. Союды арнайы орында, яғни жеке профилактикалық қадағалауды және инфекцияның таралуына жол бермейтін жерде жүргізеді. Шаруашылықта дезинфекция ретінде құрамында 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісін қолданады. Сонымен қатар 1% каустикалық сода ерітіндісін қолданады.

Шаруашылық туберкулез бойынша қолайлы. Барлық шаралар шаруашылықты инфекция қоздырушысының таралуынан қорғауға бағытталған. Әкелінген малдарды 30 күн карантинге қойғаннан кейін туберкулезге тексереді. Туберкулезге шалдыққан малдарды дер кезінде анықтау мақсатында жылына 2 рет малдарға диагностикалық зерттеу жүргізеді. Зерттеуді 2 айлық жастан бастап жүргізеді. Шаруашылық жерінде тұрып жатқан азаматтардың ірі қара малдарын жылына 1 рет тексеруден өткізеді.

Инфекциялық аурулардан қысаға (трихофитоз бен микроспоридиоздың жиынтық атауы) кездеседі. Ауру қоздырушысының көзі – ауру мал болып саналады, дені сау малдарды тікелей немесе тікелей емес жанасу арқылы зақымдайды. Тасымалдаушы факторларға қора, төсеніш, құрал – жабдық, көң және т.б. жатады. Шаруашылықты трихофитийден сауықтыруға арнайы шаралар жүргізілмейді. Міндетті түрде барлық малдарға 10 күн сайын клиникалық тексеру жүргізу қажет. Ауру және күдік туған малдарды оқшаулап, ЛТП – 130 вакцинасының емдік дозасымен иммундейді. Әрбір ауру мал анықталғаннан кейін 5% формальдегид, 10% күкірткарболды қоспамен дезинфекциялайды.

Аталған шаруашылықта паразитарлық аурулардан вольфартиоз, гиподерматоз, кокцидиоз, мониезиоз кездеседі. Шыбын – шіркей, маса үлкен зиян әкеледі, олар малды тынышсыздандырып, мал өнімділігін төмендетеді. Жүргізілетін деларвациялық және дезинсекциялық жұмыстарға қарамастан шаруашылықта шыбын мен масалардың ұрық салған орындары табылады. Гельминтоздарыға, протозооздарға қарсы шаралар жүргізілмейтіндіктен, шаруашылықта гельминтоздармен зақымдалған малдар кездеседі. Қоршаған орта обьектілеріне дезинвазия мен капрологиялық зерттеу жүргізілмейді.

Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, төмендегілерді ұсынуға болады:


  1. Міндетті түрде капрологиялық зерттеу жүргізу;

  2. Қораның тұрақты тазалығын қамтамасыз ету;

  3. Гельминтозға шалдыққан малдарды бөліп алып, тәжірибеге жаңа препараттармен емдеуді енгізу.

Сонымен қатар, шаруашылыққа жұқпалы емес аурулар үлкен зиян келтіреді. Малдардың өнімділігі төмендейді, амалсыз сойылады, малдар өлім – жітімге ұшырайды, емдік – профилактикалық шараларға шығын кетеді.

Шаруашылықта малдарды азықтандыруға талдау жүргізілмейді. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, қора микроклиматына нақты бақылау жасалынбайды. Дені сау малдардың жағдайын бақылау үшін лабораториялық зерттеу жүргізілмейді.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, төмендегілерді ұсынуға болады:


  1. Қора микроклиматын міндетті түрде бақылау;

  2. Малдарда зат алмасу деңгейін зерттеу;

  3. Қыс мезгілінде төлдерді ультракүлгін сәулемен сәулелендіру;

  4. Витамин, концентрат, премикстерді қолдану;

  5. Рационның қоректік құндылығын бағалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет