Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет4/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

1.2 Қ о зд ы р у ш ы сы . Туберкулездің қоздырушысы Mycobacterium туыстығына жатады. Бұл туыстыстықта ауру коздыратын микробтын негізгі үш түрі бар: M .tuberculosis (адамды ауыртады), M .bovis (ірі қараны), M .avium (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі - M .piscium балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробты 31 түрі бар деп есептейді. Олардың 18-і қоректік ортада баяу өседі, 10-ы жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.

Микобактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микобактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньоннын жіктемесі бойынша M .avium атиптік микобактерияларға жатады.

Микобактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе коктар тәрізді дөңгеленген бөлшектері болады. Грам әдісімен нашар боялса да, грам оң болып есептеледі. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтижесі. Циль-Нильсен әдісімен бояудың зор диагностикалық мәні бар. Бұл әдіс бойынша микобактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасыбағалы микробтарға жата-

ды. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельбергтің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. М икобактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі 20-30 күн өткен соң, сиырға тән түрі 20-60, құсқа тән түрі 11-15 күннен соң өсін береді.



Т өзім д іл ігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі. Қақырықта 5-6 ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда 12 ай, қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M .avium . Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет