Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет7/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

Иммунитет туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Иммунитеттің сақталуына туберкулез қоздырушысының сүзілетін түрінің (L-форма) айрықша маңызы бар екені дәлелденді. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы күзенді егеді. Аурудан сау емес аң фермасында туғанынан соң 20-30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. Егілген аңда иммунитет 6-8 ай сақталады.

1.4 Алдын алу шаралары. Туберкулезбен күресу шаралары сау шаруашылықтарды сырттан ауру әкелуден қорғауды, ауырған малды уақытында анықтау үшін жүйелі түрде диагностикалық тексеру жүргізуді сау емес шаруашылықты сауықтыру үшін ауру малды сойып, сау төлді жеке бөліп өсіруді, сыртқы ортада ауру қоздырушысын жоюға және сау малды қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларын іске асыруды және адамға ауру жұқтырмау жолдарын қарастырады.

Сау шаруашылықтардағы барлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын әкелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруашылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күндік карантин кезінде туберкулезге тексереді. Жемшөпті туберкулезден сау шаруашылықтардан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора жайларды оқтын-оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып отырады. Асыл -тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда торфты төсеніш ретінде қолдануға және жемшөпке қосуға рұқсат етілмейді. Өйткені торфта болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге парааллергиялық реакция береді.

Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты шарты - аурудың шығуын уақытылы анықтау ол үшін ретті түрде тексеру жүргізіп тұру қажет. Міндетті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл тұқымды шаруашылықтарда, мал кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орындарына, демалыс үйлеріне және сауда жүйесіне тіқелей сүт беретін шаруашылықтарда және туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас болған жағдайда жылына 2 рет тексереді.

Асыл тұқымды шошқа фермаларында және шошқаны өсімге беретін (репродукциялық) шаруашылықтарда мегежіндерді торайларын бөлген соң, ал қабандарын жылына 2 рет тексереді. Басқа шаруашылықтарда мегежіндерді, қабандарды, қажет болғанда 2 айдан асқан торайларды жылына бір рет тексереді.

Құс және терісі бағалы аңдарды өсіретін щаруашылықтарда туберкулезге бақылау негізінен сойылған немесе өлген жануарларды патологоанатомиялык жолмен тексерудің туберкулезді дер кезінде байқау үшін маңызы аса зор.

Туберкулез шыққан жағдайда шаруашылықты (ферманы) сау емес дегі тауып, карангин қояды да, сауықтыру шараларын іске асырады.

Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 күңнің ішіңде етке өткізеді. Ауру малдан туған төлді оқшау жағдайда бордақылап етке өткізеді. Туберкулезге реакция бермеген қалғая жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан 2 peт бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейін туберкулезге тексереді. Бұдан кейін тағы да 3 ай үзіліспен 2 рет бақылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтиже алған жағдайда, егер туберкулезге күдік туғызатындай негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді. Сау емес фермадағы туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бұзауларды оқшау жағдайда өсіреді. Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсыздандырылған сүтті (көк сүтті) ішкізеді, екі айға толғанда туберкулинмен тексереді, оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақыланған соң етке өткізеді. Реакция бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағы да 2 рет, одан кейін 3 ай өткен соң тексереді. Бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алынса, оларды сау деп тауып, шаруашылықтың өз ішінде ғана малданады.

Құс өсіретін шаруашылықтарда барлық туберкулезбен ауырған және күйі кеткен құстарды жедел оқшаулап, сояды да қалған басты түгелдей жемдегеннен кейін етке өткізеді.

Аурудан сау емес құс фермасынан алынған жұмыртқаны нан-тоқаш тағамдарын пісіруге пайдаланады. Шошқа фермаларында туберкулинге реакция беретін хайуандарды оқшаулап, бірден немесе бордақылап етке өткізеді. Қалған шошқаларды 2 айға толғанынан бастап түгелдей әрбір 30-45 күн сайын туберкулезге тексеріп, бүкіл табын бойынша 2 рет қатарынан теріс нәтиже алғаннан соң оларды сау деп есептейді.

Жылқыны егер ол туберкулинге реакция берсе, оқшаулайды да 45-50 күннен соң қайта тексереді, тағы да реакция берсе етке өткізеді. Қалған басты 45-60 күн сайын туберкулиндейді де, бір рет түгелдей теріс нәтиже алғаннан соң сау деп есептейді.

Қой мен еиікінің оң реакция бергенін сояды да, қалған отарды 45-60 күн сайын бір рет теріс нәтиже алғанға дейін тексереді.

Аң өсіретін шаруашылықтарда, егер бір өндіріс айналымында (күшіктегеннен терісін алғанға дейін) өлген және сойылған жануарлардың ағзаларында туберкулезге тән өзгерістер табылмаса, онда аурудан сауықтырылды деп есептеледі.

Түйені туберкулезге қарайтын мезгілдің алдында, ал ботасын 12 айға толғанда тексереді. Әрбір 60 күнен кейін бүкіл табын бойынша екі рет қатарынан теріс нәтиже алғанға дейін туберкулиндейді. Бұдан соң тағы да 3 ай үзілістен соң 2 мәрте бақылау ретінде тексереді де, ауру табылмаса шаруашылық сауықтандырылған болып есептелінеді.

Марал, теңбіл ж әне солтүстік бұгысын қараша-желтоқсан айларында, ал аталықтарын қосымша шілде мен тамызда тексереді. Туберкулинге оң реакция байқалса, жануарларды әрбір 30-45 күн сайын тексереді. Теріс реакция алғанан соң аталықтарына 2-4 айдан соң бақылау тексерісін жүргізеді, ал басқа жануарларды 8 айдан кейін тексереді.

Туберкулезге көп мал шықса ондай табынды ары қарай тексермей түгелдей етке өткізу аурудан сауықтырудың ең тиімді жолы болып табылады. Мұндай жағдайда қорытынды ветеринариялық-санитариялық шараларды мұқият іске асырып, жаңадан сау мал әкелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет