Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу


Материалдар және зерттеу әдістері



бет10/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

1.4 Материалдар және зерттеу әдістері.

Курстық жұмыс Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылы «Даулет» шаруа қожалықтарында, Көксу аудандық ауыл округтерінен әкелінген сынамалар зерттелінді. Зертханалық зерттеулер Көксу аудандық ветеринарлық лабораториясында жүргізілді. Сынамалар жыл маусымдарының әр кездерінде, әр түрлі жастағы малдардан әкелінді.

Біз зерттеп отырған Алматы облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылы «Даулет» шаруа қожалықтарындағы туберкулезді балау әдістеріне қысқаша сипаттама беріп кетейік. Туберкулез созылмалы турде жасырын өтетiн жұқпалы ауру болғандықтан оған қарсы қолданылатын күрес шараларының iшiндегi негiзгiсi – ауруға шалдыққан малды дер уақытында анықтап, оны табыннан оқшаулап, етке өткiзу. Көп жылдардан берi туберкулездi балау үшiн ауыл шаруашылық жануарлары жаппай аллергиялық әдiспен тексерiлiп келедi. Бiрақ соңғы жылдарда аллергиялық әдiс басқа да өкпе ауруларына және туберкулездiң қоздырушысы емес, яғни атипикалық микробактерияларға жалған және парааллергиялық реакция беретiнi, сонымен қатар нақтылы туберкулезге шалдыққан малдың туберкулинге аллергиялық реакция көрсететiн қабiлетiнiң төмендейтiндiгi (әсiресе аллергендi көзге тамызғанда) байқалып жүр. Осы себептерге байланысты, қазiргi кезде туберкулезден мал шаруашылықтарында ауруды дауалау мақсатымен малды және құсты аллергиялық әдiспен тексеру кезiнде туберкулинге оң реакция бергендерiн балаудың толық жүйесiмен (iндеттанулық, клиникалық, ажыратып балауға ұсынылған аллергендермен қосымша аллергиялық, серологиялық, патанатомиялық, бактериологиялық әдiстер) тексередi. Солардың нәтижесi бойынша туберкулезге түбегейлi балау қояды.

Туберкулезге iндеттанулық талдау жүргiзгенде алдымен шаруашылыққа сырттан малдың қабылданғаны, қабылданған жағдайда олардың карантиндiк мерзiмде ұсталғаны және мал алынған шаруашылықтардың туберкулезден iндет ахуалы анықталады.Карантиндiк мерзiмдегi бiр қабат аллергиялық тексеруде ауру малдың толық анықталмайтыны ескерiлiп, сырттан алынған мал қайталанып, мұқият түрде тексерiлудi қажет етедi. Туберкулез микобактериясы фермада iстейтiн адамдардың жеке меншiгiндегi малы, құсы, сонымен қатар сүт өңдеу мекемелерiнен алынатын көк сүт арқылы жұғуы ықтимал. Ауруды қоздырушы микобактерия ақырғы жолмен таралғанда, туберкулез алдымен төл арасында бой көрсетедi. Туберкулез микобактериясының адам мен сиырға тән типтерi, осы ауруға шалдыққан адамдар арқылы да таралатыны ескерiлiп, мал фермаларында ғана емес сонымен қатар шаруашылық орналасқан мекендердегi адамдар арасындағы туберкулездiң эпидемиялық ахуалы анықталады. Осы өңiрде туберкулез емханасы немесе санаториясы болса, оның тазалық жағдайына мән берiлiп, маңынан жем-шөптiң дайындалғандығын және ол жерлерге мал өрiсiнiң, суатының қатынасын бiлу қажет. Туберкулезден арылған мал шаруашылықтарында 2-4 жыл өткеннен кейін, ауру әсiресе сол жылдары алынған төлдерден құралған табында қайталайтыны, практикада байқалып жүр.

Сондықтан ауруға iндеттанулық талдау жасағанда, аудандық мал – дәрiгерлiгi станциясындағы iндеттi тiркеу журналынан шаруашылықтың туберкулезден өткен жылдардағы iндеттiк ахуалымен танысып, сол жылдары жүргiзiлген дауалау шараларының құжаттарын қарап, әсiресе аллергиялық тексерулердiң уақтылы, жоспарлы түрде жүргiзiлгендiгiн, оған барлық малдың қамтылғандығын анықтаған жөн.

Клиникалық балау. Туберкулезге тән клиникалық белгiлер (өкпенiң, iшектiң, желiннiң зақымдалуы) қазiргi кезде өте сирек кездеседi. Көбiнесе ауруға шалдыққан малдың арықтап, күйiнiң төмендегенi байқалады. Мұндай жағдай көбiнесе туберкулездiң ашық түрiмен ауырған малда болады. Арықтаған малдың туберкулинге аллергиялық реакция бермеуi де мүмкiн. Осыған байланысты туберкулезден таза табындарда арықтап, жем – шөп бойына жұқпай жүрген малды толық клиникалық тексеруден өткiзiп, олардың сүтiн (сауын сиыр болса), кеңiрдегiнен жағынды алып, қажет болса несебiн, нәжiсiн бактериологиялық зерттеуден өткiзiп отырған жөн. Клиникалық әдiс арқылы көбiнесе көбiнесе туберкулездiң ашық, жұғымтал түрiмен ауыратын мал анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет