Жоспар: І. Кіріспе. ІІ. Ғылыми әдебиеттерге шолу



бет5/16
Дата15.05.2020
өлшемі1,32 Mb.
#68725
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Туберкулез ауруының

1.3 Індеттік ерекшеліктері. Туберкулезге 50-ден астам үй және жабайы хайуандар, 20-дан астам құстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі құнды аңдардан - күзен тұрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі (табиғи жолмен жұққанда сирек, қолдан жұққанда жиі ауырады), ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы және мысық жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.

Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны, қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды. Сондықтан қоздырушының берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады.

Аурудың жұғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады, сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жұғады. Жайылымда аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де егер жаз салқын және жауынды болса, туберкулез жайылымдағы малға да жаппай жұғады.

Микобактериялар сау малдың денесіне ас қорыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ересек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жүғады. Шошқа мен қысқа негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.



Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады. Егер оларды қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрт төмендеп, туберкулезге бейімділігі артады. Қорада ұстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды, егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып тұрса, онда мал жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.

Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып келеді, дегенімен Бестужев тұқымы төзімді, керісінше қара ала сиырлар бейімірек. Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да, жаппай жұғу үшін бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы және ауырған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.

Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды. Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бұдырмағы - туберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы қапсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік заттар келмеген соң және микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады.



Егер бастапқы туберкулез бұдырмағы тек қана қоздырушы енген жерде (өкпеде, ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ бастапқы эффект деп аталады. Одан қоздырушы әдетте сөл арқылы маңындағы сөл түйініне барады да, онда да дерттік өзгерістер өршиді. Ағза мен оның маңындағы сөл түйінің бір мезгілде зақымдануын алғашқы толық кешен деп атайды. Егер өзгеріске тек қана маңындағы сөл түйіні ұшыраса, онда процесс толық емес алғашқы кешен деп аталады.

Ауру әілсіз өрбігенде бастапқы ошақ әктеніп қатаяды да, оның сырты дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалып, инфекция процесінің одан әрі өршуі шектеледі. Төзімділігі нашарлаған организмде қоздырушының бастапқы ошақта капсуламен қоршалуы әлсіз болады. Дәнекер ұлпаның жеткіліксіз мөлшердегі регенерациясының нәтижесінде туберкулез бұдырмағының қабы ыдырайды да, микобактериялар сау ұлпаға түседі. Оның нәтижесінде көптеген ұсақ, жартылай мөлдір бұдырмақтар пайда болады (милиарлық туберкулез). Ұсақ туберкулалар бір-бірімен қосылып, ірі туберкулез фокустарын түзеді. Бұл фокустардан микобактериялар қанға өтуі мүмкін. Ондай жағдайда дерт бойды жайлап (генерализация) әр түрлі ағзаларда (бауыр, көк бауыр. бүйрек, т.б) үлкендігі әр қилы туберкулез ошақтары пайда болады. Дерт өкпені ұзақ жайлағанда үлкен түберкулез ошақтарымен каверналар (қуыстар) пайда болады, олардың үлкендігі кейде жұдырықтай болады. Олардың айналасында тығыз дәнекер ұлпалы қапшық жетіледі. Туберкулез каверналары бір-бірімен бронхалар арқылы байланысуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың ішіндегі іріміктер жөтелген кезде қақырықпен сыртқа шығады. Тубер- кулез бойды жайлағанда өкпедегі ауқымды зақымның нәтижесінде газ алмасу бұзылады, эритроцит түзілуі тежеледі, анемия өрбиді, малдың күйі кетіп , өнімі азаяды, арықтап, ақыры өледі.

Өтуі ж әне симптомдары . Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакцияны бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбіне көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге әсіресе, аурудың бастапқы кезеңінде ауырған малдың сау жануарлардан еш айырмашылығы болмайды . Ауырған малды тек аллергиялы қ немесе серо л огиялық тексеру арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.



Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен қатар желіннің, сірі қабықтарының зақымдануы (меруерттену), генитальдік және денені жайлаған (генериялиза- цияланған) түрі кездеседі.

Шартты түрде туберкулездің ашық немесе белсенді және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырудшысы нәжіспен, несеппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да, жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін, жатыр зақымданған кезде туберкулез процесі әрқашан да ашық болып есептеледі.



Ірі қараның түберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі, оқтын-оқтын қатты ж өтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қақырық түсуі байқалмайды десе де болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген сораны мал жұтып қояды немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Ауру мал ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қоңдылығымен өнімділігі төмендейді. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымданған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп, жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі.

Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып, қатаяды, беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған, ауырсынбайтын балшекер сезіледі, зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп, бір жағына қисаяды. Сауып көргенде сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп, қысыр қалады, ал бұқаларда орхит кездеседі.

Бойды жайлаған туберкулез кезінде тысқары орналасқан сөл бездері (жақ астындағы, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі) ұлғайып, қозғалысы шектеледі.

Шо ш қ а да туберкулез байқаусыз өтеді. , Кейде жақ астындағы және жұтқыншақ артындағы сөл түйіндері ұлғаяды.Зақымданған түйіндерде абцессалар пайда болып, олар тесілгеннен кейін іріңді ірімік бөлініп шығады. Өкпе ауқымды түрде зақымданса жөтел пайда болып, құсып, тыныс тарылады.

Қой мен ешкі туберкулезбен сирек және байқаусыз ауырады. Ауру қатты өткен кезде ірі қарамен ұқсастығы аңғарылады.



Құстарда туберкулез созылмалы, клиникалық белгілері айқын емес түрде өтеді. Бойға жайылған түрі кезінде әлсіздік, жұмыртқаларының азаюы, арықтау (кеуде етінің солуы) байқалады. Ішек зақымданғанда іші өтіп, бауыры зақымданғанда кілегейлі қабықтары мен терісі сарғыш тартады. Кейде аяғы ақсап, табанында ісік пайда болады.

Терісі құнды аңдардың (түлкі, күзен, сазқұндыз) негізінен туберкулезбен күшіктері ауырады. Ауырған аң әлсіреп, шегіне жете жүдейді, өкпе зақымданған түрі кезінде жөтеліп, ентігеді. Ішегі зақымданғанда іші өтіп, бауыры зақымданса кілегейлі қабықтары сарғыш тартады. Түлкіде кей кезде терісінде ұзақ уақыт жазылмайтын ойылым пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет