Жоспар Кіріспе I тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына құлық тәрбиесін беруде Абай шығармаларының алатын ролі



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,6 Mb.
#5056
түріОқулық
1   2   3

2..1Орта мектепте ана тілі оқу сабағында Абай шыѓармаларын ќолдану арќылы ќұлыќтыќ тєрбиені жүзеге асырудыњ өзіндік ерекшеліктері.

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің басты міндеті — оқушылардың бойындағы поэзияға, лирикаға, көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар ерекше әсершіл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту өте пайдалы.

Әдетте кімнің де болмасын шыѓармаларын оқып үйренбес б±рын, сол шығарма иесінің өмірімен танысу керек. Б±л әдісті Абай шығармаларын өткенде өте ±тымды пайдалану қажет. Олай дейтініміз, Абай — қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше т±лға. Сондықтан да өзім ақынның шыѓармаларын оқытпас б±рын, ақынның өмірімен таныстырып кеткенді жөн көрдім. Ондағы мақсатым — оќушылар ақынның шығармаларын шын ықыласпен оқып-үйреніп, ақынның өзін қ±рмет т±тып, үлгі аларлық дәрежеде тәрбиеленуі керек. Әрі қарай сабақты түрлендіре отырып, оқушыларға Абайды әр қырынан таныстыруға тырыстым.

Мысалы: Абай және табиғат, Абай — аудармашы, Абай — сөз зергері деп алып, оның табиғат тақырыбына жазған өлеңдерін, аударған мысалдарын, адамгершілік тақырыбына жазған өлеңдері мен қара сөздерін оқыттым.

Б±л сабақтарымды таным сабағы ситуациялық сабақ және іздендіру сабағы деп атадым.

М±ғалім қиялына ќанат бітірер дәстүрлі емес сабақ түрлерін Абай шығармаларын оқытуда пайдаланудың берері мол.

Алдымен Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өмірбаянымен таныстыру қажет.

"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге".

-деп С±лтанмахмұт Торайғыров айтқандай келешек ±рпақќа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшаң-теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз ж±ртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай армандаған, әсер ±рпақ бойынан кµргісі келетін тамаша қасиеттерді шєкірт жүрегіне ±ялата алса, ор ±стаз еңбегінің жанғаны. "Адамдықтың ең жаманы -талапсыздық" - деп ақын өзі айтқандай, қазір не ғылымға, не еңбекке, не өнерге талаптана алмайтын өмірге икемсіз жандар өмірде кездесіп жатады. Сондықтан да ±стаздар жүгі ауырлап, адамға өмір сүру міндеті қиындап келе жатқан жағдайлар байқалады.

Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын көрсете оқытудың маңызы зор.

Абайдың өнегелі өмірін естіп өскен шәкірттен ешқандай жамандық күтуге болмайды. Тек соны жеткізе білу, оқушылардың санасына ±ялату мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының бірі. Сондықтан да бастауыш сыныптарда Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өнегелі өмірімен таныстырудың пайдасы зор.

Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол — керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулықќа өң, рух беріп отырды.

Мысалы: "Күз" деген өлеңінде Абай:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ б±рынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш-қ±рай.

Сидиған, көркінен айырылған ағаш-ќ±райды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал-кемпірге ±ќсатады. Немесе:

Ќар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, т±тќан айналасы,

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы -деп, күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем н±ры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сұрт б±лт пен дымқыл т±ман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге күт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.

Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. Сонда ғана ақынның осы өлең арқылы не айтқысы келетінін түсінесің.

Абай өзінің - "Жаз" өлеңінде табиғаттың ең тамаша көріністерін суреттейді. Жер ана жасыл күйге еніп, қырда бәйшешектер өседі. Өзеннің жанына ауылдар көшіп келіп, мәре-сәре болып жатќанын, ат, айғырлар, биелер көк шөпке тойып бүйірлері шығып, тойынғанын суреттесе, көлдерде үйрек-қазылардың жоғары-төмен ұшып жүргенін өте тамаша суреттейді. Бұдан біз жаз мезгілі тек адамдарға ғана емес, жан-жануарларға да, к±старға да көңілді екенін білеміз. Мысалы:

"Жазды күні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бөйшешек.

¦зарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатќан өзенге,

Кешіп ауыл қонғанда; - деп ақын жырлайды.

Абай өзінің б±л өлеңін өзінің досы Көкбаймен ‰әделесіп шығарған. Досы оған осы табиғаттың тамаша көрінісін суреттеп жіберші деп ±сыныс жасайды. Сонда ақын, айналасында болып жатқан табиғат құбылыстарын осылайша өлеңге айналдырады. Досы оған разы болып, міне сен тамаша ақынсың, деп ќуанды.

Сонымен бірге ақын өзінің "Қыс" өлеңінде табиғаттың ќатал да, қаһарлы көріністерін адам мінезімен алмастыра шебер суреттеген.

Абай бұл өлендерін өз ойынан шығармаған. Ол өмір шындығы. Абай толғана отырып осы өмірде болып жатқан келеңсіз ќұбылыстарды жырға қосты. Ол ќара халықтың ќамын ойлады. Байлардың әділетсіз кедейлерге көрсетіп жүрген қысымшылығын, табиғаттың қатал мінезімен салыстыра жырлады.

Абай қысты ақ киімді денелі, ақ сақалды байға теңейді. Оны түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау т±лғада сипаттайды. Мысалы:

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылќау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Баскдн жері сықырлап келіп ќалды.

Сонымсн бірге ақын қысты тойымсыз, с±раншақ қ±даға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып, µлењ салған кдһарлы,/ кайырымсыз қонақтың келгені сияқты деп суреттейді. Тынымсыз жауған ќар, бұрқ-сарқ етіп соќќан боран адамдардың мазасын алған. Мұндай боранға шыдай алмаған малшылардың жай-күйі мәз емес. Ішерге тамақ, киерге киім жоқ, байға жалынышты кедейлердің көрген күні күн емес. Міне, осылардың бәрін көрген Абай өзінің өлең жырлары арқылы үстем тап өкілдерімен күреседі.

Ал енді "Жазғытұрым" өлеңінде бәрі керісінше, қаһарлы қыстың кетіп, жердің жүзі масатыдай ќ±лпырып, күннің көзі өзінің шуағын төгіп, дүниені н±рландырады. Адамзатпен бірге, жан-жануарлар да ќуанып, өздерінше мәз-мейрам болады. Оны мынадай өлең жолдарынан көруге болады:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен қ±стар да сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбыр қағып, б±рањдап ағады су.

Міне, осылайша ақын табиғатты жырға қосты. Біз Абайдың б±л өлендерінен көретініміз, адамның мінезі сияқты жыл мезгілдерінің де ќ±былыстары бар екен. Табиғат та қуана да, ренжи де біледі. Тек оны жүрегіңмен түсініп, аялай біл. Сонда ғана сен табиғатты сүйе білесің, оны түсіне білесің.

Абай м±расы туралы сөз қозғасақ, данышпандық, көрегендік, ±лылық ±ғымдар қоса жүреді. Сондықтан да біз Абай м±расын мєңгілік өнеге мектебі дейміз. Бүгінде жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей доулет жоқ екенін парасаттамайтын, "±рлық псн қ±лықты қызық кµретін" жастарды жақсы мінез-қ±лық пен имандылықќа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол н±сқайтын асыл - Абай м±расы.

Абай ќара сөздерді терең оймен күрделі пікірге қ±рылған Абай шығармаларындағы терең ойды м±ғалім өзі түсінгенде ғана баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Мектеп бағдарламасында Абайдың бесінші, жетінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма бесінші және отыз бірінші ќара сөздерін береді. Ал екінші, қырық бірінші, он төртінші, он сегізінші сөздерін факультативтік сабақѓа оқыту көзделген.

Бірінші қара сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. ¦лы ойшылдың айтпақ ойының өміршендігі мен біріңгі заманмен үндестігіне таң қаласыз. "... ақыры ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді ќағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен


керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым" - дейді. ~ Абай барлық қара сөзінде де бейне бір оќушысымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оѓан жауап береді.

Абайдың бесінші сөзінде:

"Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды қ±ртып я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: "Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр" - деп тілек тілегенін көзім көрді. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті болып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсыз: "Әуелі - түстік өмірің болса, күндік мал жи:, "Өзінде жоқ болса, єкењде жат.", "Мал адамның бауыр еті".

Абай м±ны айтқанда дүниеқоңыздық,, ±ятсыздық сияқты адам аздыратын қылықтардан жирендіруді мақсат етеді.

Жетінші, отыз бірінші сөздерінде Абай оќу, өнер білім мәселесі төңірегінде ой қозғайды.

Жетінші сөзінде "Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Б±лар -тәннің құмары, б±лар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен дегендік, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса оған қызығып, аузына салып, дәмін татып, қарап, тамағына, бетіне басып ќарап сырнай, керней болса, даусына ±мтылып, ол немене? ", бұл немене?" деп ол неге үйтеді? " құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді" - дейді.

Абай ќазына байлықтың бар асылы білім деген ойын тереңдете отыра өз заманы үшін де халқының бүгіні мен ертеңі үшін де ќажет нәрсе не екеніне көпшілік көзін жеткізуге тырысады.

Халқын жан-тәнімен сүйгендіктен сол халық бойынан өзі көрген сорақылықты жаны ауыра отырып айтады. Мақсаты айқын туған халқының болашағы.

Кезінде әдебиетші ғалым А. Н±рқатов Абай өлеңдерінен халық өмірінің кең көрінстерін ғана байқап қоймаймыз, сонымен қатар оның арманы мен үмітін танимыз, қайрат пен жігерге, ашу-ызаға, ќасиетті м±ңға толы үнін естиміз.

Абайдың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, онынышы, он төртінші, жиырма үшінші, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші қара сөздері тақырып жағынан біріне-бірі жақын, бұларда Абай халық, елі мінезі жөнінде толғап ой түйеді.

"Надан ел ќ±анбас нєрсеге ќ±анады және ќ±анғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастықќа кез болып келеді. Жєне ±ялмас нәрседен ұялады. ¦яларлық нәрседен ұялмайды. Б±ны бєрі - надандық, ақымақтықтың әсері" - деп оқырманына ой салады ±лы ақын.

Қазаққа тән осы бір оғаш мінез-құлыққа тәрбие боларлық жауапты тағы да сол Абайдың сөзінен табамыз. "Тегніде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады." - дейді ±лы ғұлама.

Абайдың адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы.

"Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — ж±мыстың жоқтығы" - дейді Абай атамыз.

"Еңбек туралы Абай көп жазған, - дейді профессор К. Жумалиев. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі керек. Ғылымға қол жетуде әлеумет өміріне пайдалы ж±мыс істеу де еңбекпен байланысты. " ¦лы данышпан қырық төртінші сөзінде "Өмірде ең қызық нәрсе адамның сүюшілігі, одан өзге нәрсе жоқ" -деп адамдар арасындағы жылы пейіл, ыстық ықылас, жарасымды ќарым-қатынасты үлгілі етіп ±сынады. Дүниеде жалғыз қалған адам, адамның өлгені деп ойын дәлелдей түседі.

Бүгінгі болашағын болжауды, оның түп тамырларына үңілуден бастап, ±стаз Абай м±расының тәлім-тәрбиелік ж±мыстарға ендірілуінің тарихына шолу жасап, ондағы жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді саралайды.

Абай шығармалары тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолдану, күнделік өмірде пайдалану үшін жазылғандығын түсіну керек.

Мектептегі тәрбиелік ж±мыстарды ±йымдастыруда Абай м±расын қолданудың әдістемелік сипатын, өсіп келе жатқан буындардың көзқарасы, ақыл парасаты, іс-әрекеті, мінез-қ±лқы жүріс-т±рысына іс жүзіне ыќпал етуінде екендігі ашық көрсетілген.

¦лы Абайдың қара сөздері мен өлендерінің бүгінгі күнделікті өмірге қажетті тұжырымдардың оқушылар санасына жету жолдарын зерделеп, құнды н±скалар берген.

Ақынның ақыл, ќайрат, жүректі жетілдіру т±жырымымен байланыстырған.

Бастауыш сынып оќушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жастайынан әдеттеніп дағдыланатын іс-әрекеттері мен мінез-құлық ережелерін, ќағидаларын талдап алуға ұмтылады.

Осы жастағы балалардың "білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" деген жан құмарын қанағаттандыру көзделген. Б±л ретте, ақынның отыз екінші ќара сөзіндегі пікірді арқау етіп, окушылардың оқудағы мақсат, білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген көргенін, естігенін, көңілге түйіп тағы да білмегендерін білу үшін пайдалану керек екенін ±ғындыру. Ал б±ның шарты оќушыны көңіл қойып тыңдау, мұғалімнің айтқандарын түсінуге ұмтылдыру екендігіне иландыру.

Оқушылармен тәрбиелік ж±мыстар Абай шығармаларын пайдалану тәртіпке бойұсынуға тәрбиелеумен ќатар еңбектену дағдысын қалыптастыру. Бұл жастағы балаларға оқу, білім алуға әрекеттену, білу үшін намысының барынша ±мтылудың өзі еңбек екендігін түсіндіру.

Алдыңғы сыныптардағы єдеп-дағдыларды пысықтай отырып, жаңа сатыға көтеру. Мұнда оќу ғылым төртіп тақырыбы жалғасумен қатар, оқушылардың өзіне сенімін ныѓайту, өз күшіне сенуге тәрбиелеу.

Ақынның:
"Өзіңе сен, өзіњді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап"

- деген т±жырымын арќау етіп алу арқылы, өзіне сену деген не, ақыл деген не, қандай адамды ақылды дейміз деген сұрақтарға жауап беруде ақынның басќа шығармаларымен қатар 13-ші кдра сөзіне ерекше мән беру көзделген.

Оку - ғылым тақырыбы жалғасады. Сонымен бірге б±л сыныпта өзін-өзі танып білу мәселесі тәрбиенің ісінің аркауы етіп алынуда.

Абай шығармаларындағы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі адамгершілікке тәрбиелік тақырыбында жазылған. Осы өлең бала бойына жақсы мінез-құлықты және жаман мінез-құлықтан арылту адамгершілік істерін қалыптастыру жағы кеңінен қозғалады.

Бес асыл іс:

1. талапболашақќа талпыну;

2. еңбек - ерінбей еңбек ету;

3. терең ой - ақыл ой, сµз нсгізі - ми мен ақыл;

4. қанаѓат - барға риза болу;

5. рахым - адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі.
Бес дүшпан:


  1. өсек біреуді сырттан кінәлау, жала жабу, сөз тасығыштық;

  2. өтірік - өтірік сөзді шын деп ант еткен, азған адамды жатқызады;

  3. мақтаншақ - даңғойлық, жаман қылықтардың бірі;

  4. еріншекталапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық;

  5. бекер мал шашпақ - қолда бар қаржы мен мүлкін пайдалана алмау, өз пайдасын білмеу, сырт көзге жомарт болып көрінуге тырысатын мақтаншақ.

Б±л өлењде Абай атамыз жаман ќасиеттерден аулаќ болып, жақсы ќаситтерді бойымызға сіңіруді, болашақга Отанын сүйетін азаматы болуына шақырады.

Абайдың әнінің бірі "Желсіз түнде жарық ай." Бүл өленде табиғатќа деген сүйіспеншілігін суреттейді, сол арқылы бала бойына табиғатты аялауға деген мінез-кұлқын тәрбиелейді.

Үлы ақынның табиғат туралы "Күз" өлеңінде "сүрт бүлт", "дымқыл түман" табиғат құбылысы айтылады.

"Сүр бүлт" — ауаның түнек сияқгы болуын айтады, бүл өлеңнің астарында адам мінезінің өзгерістерін байкдуға болады. Осы өлең арқылы балаларды адамгершілікке, табиғат күбылыстарына ерекше көзқарасын айтуға болады.

Бағдарламасының негізінде Абай шығармаларының жолдануы жөнінде үсынысым мынандай:

— Болашақга бағдарламасының өзгеруіне байланысты оку жоспарына Абай мұраларын көптеп енгізу.



  • Каншалықты орта мектебінде жүмыс істеуіме байланысты Абай шығармаларын бағдарламаға енгізу;

  • Қазақстанда омір сүргендігінен, білім алғандыктан біздің балаларымыз кдзақ жазушыларын, ақындары соның ішінде Абай өлендерін білуі тиіс.

- Бағдарламаға сәйкес "Қыс", "Күз" өлендері және
"Желсіз түнде жарық ай" әнін енгізу.

Халқымыз тәуелсіздікке жеткізісімен окушыларға құлықгық тәрбие беруге жан сала кірісу уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз.

Білім туралы заңца осы саладағы қоғамдық кдтынастарды болашағымыздың мемлекеттік саясатының негізгі принциптері берілуі карастырлады. Бұл занда балаларды мінез-құлық тәрбиелеуде, балаларды жаман әдеттен арылту, оқу сабақгарда кұқық бұзушылықгы болдырмауды қаматамасыз ету көзделеді.

Қазіргі қиын кезеңге қарамастан бастауыш сыныпта жан-жақгы тәрбие, білім берудің бірден-бір мекемесі мектеп болып отыр.

Ќай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше.

Білім негізі бастауыш мектепте қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып м±ғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор. Күнде өзгеріс болып жатќан бүгінгі танда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мүраларымызды біліп, ќастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі ќайнарына айналдыру, өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.

Бүгін мектеп қабырғасындағы әрбір өскелең ұрпақ - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқтудың алғашқы сатысынан бастап оќушыларға сапалы білім мсн сапалы тєрбис беру, халықтық псдагогиканың норлі қайнарымен сусындату болашақ ±стаз білуі тиіс.

Осы аталған тақырып бойынша курстық ж±мысымдағы мақсатым: Адамгершілікке, ±қыптылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканың жаңа оқыту тәсілдерін дамыту мен қалыптастыру жолдарын пайдалана отырып, балаларды ата-бабамыздың нақыл сөздерімен таныстыру, адамгершілік пен адамзаттыққа тәрбиел.еу. Абай Қ±нанбаев туралы білімдерін дамыту.

Еліміз егемендікке ие болып Қазақстан өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан-жаққа жетіп отыр.

Еліміздің елдігін танытатын біздің болашақ балаларымыз.

"Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы... Ал біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек қана осы мектептерде" - деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, бүгінгі мектептерден де қоғамның үміті зор.

Бастауыш білім беру жүйесінің алғашқы басшысы екенін ескере отырып, оќушыға белгілі бір көлемдегі білім білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қаситеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

А.С.Макаренко баланың мінез-қ±лқы бес жасқа дейін қалыптасады, ал американың психолог - ғалымы Білім 7-8 жасқа дейін қалыптасады дейді.

Әрине әр баланың табиғаты әр түрлі. Бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, ал екіншісінің ойлау қабілеті зор, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған.

Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталған. Сондықган соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға

Балаларды адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор.

Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-қ±лқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сыныптардың балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға сезімді, өзінше қорытынды жасауға тырысады.

Атақты орыс ғалымы Пирогов Н.И. "пайдалы азамат болуға дайындалған адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиіс" - деп жазады. Бүл тұрғыдан Ы. Алтынсариннің, Л.Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні ерекше.

Балалар б±л тамаша педагог жазушылардың шығармаларын беріле оқиды.

"Жақсыдан үйрен" (Ы.Алтынсарин), "Таза бұлақ". Абайдың "адам болам десеңіз", "Әке арманы" (М.Әуезов), Шерхан М±ртазаның "Қызыл жебе" ,т.б.

Оқулықтағы тақырыпты түсіндіргенде, көркем шығармаларды оќуға ±сынғанда оның авторы туралы мағл±мат беру кажет. Олар өз ±стазына еліктеп, мєнерлеп оќуға, жатќа өлең айтуға ±мтылады.

Б±л кезсњдс балалар оте єрекетшіл, көп қимылдағыш, тынымсыз, мазасыз, сабырсыз, білуге қ±мар, төңірегіндегі адамдардың іс-әрекетін бақылағыш, өзін єр нөрседен сынағыш, көз ќарасы т±рақсыз, сезімтал, бірақ бойындағы қасиетті қабілеттерін, тәрбиелеуге бейімделгіш.

Сондықтан б±л кезедегі тәрбиенің бағыты, қабілеті, қаситеттерін, мінезін дүрыс қалыптастыру бағытта болу керек.

Абай шығармалары арқылы мүны жүзеге асыруға болады.

"Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ сабыр - сол. " Оқушылардың өз іс-әрекетін санаға салып отыру, пікірін игертуге күш салу, оларды өзін тәрбиелеуге бейімдейді. Абай өлендері арқылы адамгершілік қаситеттерді дәріптеп жат қылықгардан жирендіріп, балаларға үлкен ой салады.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдаланғанда педагог-ғалымдар мен психологтардың жас ерекшелігі туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену іс-шаралардың нәтижелі болуының кепілі.

Бұл орайда біздің пікіріміз бойынша Абай шығармалары тәрбиелік мақсатқа қол жеткізудің кұралы ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс-шараның мазмұны емес, керісінше тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын құрал болуы керек.

2.2. Ана тілі оқу сабағында Абай еңбектерін негізге ала отырып, өз іс-тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәртіпке бойынсүну ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігін Абай Құнанбаев шығармалары арқылы ұғындыру мүмкіндігі мол. Отыз екінші қара сөзінен мынандай үзінділер оќушыларға жаттатып, әр кез ескеруді үйрету пайдалы әдет дағдылар қалыптастыру кепілі:


  1. Бір ғана білмектің өзін дәулет біл.

2. Білмегенді берік ±стап, білмегеніңді білсем екен деп үміттен.

3.Әрбір естігеніңді, көргенінді жақсы ±ғып ал.


19- ќара сөзінен:


  1. Істеген жақсы нәрселерінді ескер, жаманнан сақтан.

  2. Естігеніңці ќайта с±рап ал.

  3. Естігеніңді ±ғайын деп ±мтыл.

Осы бағыттағы оќушылардың бойында тәртіпке бойынсүну сезімдері мен дағдыларын ќалыптастыруда, Абай шығармаларынан көптеген материал тауып пайдалануға болады.

Бастауыш сыныпта жүргізілетін оқушылармен тәрбиелік ж±мыста Абай шығармаларын пайдалануда, тәртіпке бойыс±нуға тәрбиелеуді жалғастырумен қатар еңбекгену дағдыларын кдлыптастыру аркау алынады. Б±л жастағы оќушыларға ең адцымен оќу, білім алуға өрекеттену, білу үшін шамасының жеткенінше ±мтылудың өзі еңбек екендігін түсіндіру.

Абай шығармаларындай еңбек тәрбиесіне қатысты тәрбиелік іс-шараларын жүзеге асыруда пайдалану мүмкіндігі көптен бері айтылып келе жатқандықтан ол ұстаздарға таныс. Мысал:

Түбінде баянды еңбек салған,

Жасында оқу оқып, білім алған,

Би болған, болыс болған єнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Мұғалімдерге Абай өлеңдерінің жолдарын жаттатып ќазіргі заман тұрғысынан түсіндіру, бұл басты мақсат.

Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің арқауы:

"Өзіңе сен, өзінді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап..."

етіп осыларға сүйене отырып, әркім өзіне сенімді болуы үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі болатын өтірік, ±рлық, мақтаншақгық тағы басќа жаман ќылықтардан аулақ болса ғана өзіне сенімді бола алатынын ұғындыру.

Мысалы Абайдың:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Өсек , өтірік, мақганшақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дүшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рахым, ойдап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

"Бес нәрсенің әрқайсысының мәнін ашып, маңызын түсіндіру - өзіне сеніп, пікірін оқушыларға жеткізуді талап етуде. Мүғалім әр оқушыға "мен қандаймын деген сүраққа өте кең болмаса да жауап берулерін үйымдастыруда.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет