Жоспар Кіріспе І тарау


Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс -



бет12/18
Дата20.12.2021
өлшемі0,59 Mb.
#104111
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру

2.2 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің әдіс -

тәсілдері.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, адамнын жер бетіндегі тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Бұл -халықтың табиғатты қара басының пайдасынан жоғары ұстап, қадірлеп-қастерлейтін ұлттық мәдениеті.

Демек, адам мен табиғатты біртұтас деп тану - бүкіл әлем халықтарында қалыптасқан сана. Қазақ халқының бұл орайдағы философиясының ұлттық санасының басты арқауы - тұтастық туралы ұғым, яғни табиғатты қасиеттеу, қастерлеу - оның өмірінің салты екендігінде, оны субъект мәртебесінде қабылдауында, оған адамгершілік қатынас жасауында.



Қазақ ауызекі шығармашылығын зерттеуші М. Ғабдуллин: «Жазу-сызу болмаған ерте кезде-ақ, қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүниетанудағы көзқарасы, бала тәрбиесі, туған жерге деген қатынасы жайында неше түрлі өлең-жыр, әңгіме-ертегі, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан бұларды халықтың шығарған ауызекі шығармасы деп атайды» дей отырып, оның бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде, мәдениетін қалыптастыруда үлкен роль атқаратындығын атап өткен.

Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының ұлттық ойлауы, ұлттық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейңеленген. Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.

Қазақ халқының өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершілікті қарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.

А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1989 жылы құрылған қолжазба орталығында қазақ фольклорының ірілі ұсақты екі жүз мыңдай нұсқасы сақталуда.Бұл мұра жанр жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, “Жастарға ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесін жасап, іске асыруда пайдалану қажет”.

Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын алғашқылардың көш басында кемел зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.

Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.

Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік - қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және алаша тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары бізге олардың мән маңызын пайымдауды негізге алды.



К.Ж. Қожахметованың этникалық тәрбиеге берген анықтамалары бойынша жеке адам қазақтың салт-дәстүріндегі этникалық құндылықтармен этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды игереді. Автордың дайындауындағы қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық үлгісі, бізге қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтың табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлық нормаларын пайымдауға мүмкіндік береді.

Халық тәрбиесінде адам мен адамның, қоғам мен халықтың еңбекке, табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасы, имандылық идеясы жетекші орын алады. Қазақ ауызекі шығармашылығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, ырым-рәсімдері қазақ философиясын зерттеушілерге (А.Н. Ныранбаев, Р.П. Абсаттаров, К.Ш. Нұрланова, М. Орынбеков, О.А. Сегізбаев А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов т.б.) қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімін топшылауға, қазақтың ертедегі философиялық «даму элементтерінен бастап қазіргі философиялық теориясын жасауға мүмкіндік беріп» қазақ философиясының идеологиялық бастау бұлағы болды. Олай болатыны - “Халық эпостары, ертегілері, аңыздары, лирикалық-тұрмыстық поэмалары, мақал-мәтелдері адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып- білуінің куәгерлері” екендігінде .

Жоғарыда талдауға алынған пайымдаулар біздерге бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесін дамыту қазақ ауызекі шығармашылығында айшықталған халықтың ұлттық тәжірибесіне негізделуі тиіс екендігіне көз жеткізеді. Қазақ ауызекі шығармашылығы оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуда жан-жақты қызмет атқарады. Біздер С.А. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған еңбектерде берілген мазмұндық-функционалдық сипаттамаларға: халық ойындарының танымдық-тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру функциялары (А. Айтбаева); қазақ домбыра музыкасының қоғамдық жаңғырту-компенсаторлық, танымдық-эвристикалық, көркемдік- тұжырымдық, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, иландыру, эстетикалық, гедонистік (Е. Қозыбаев); қазақ этномәдениетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, ақпараттық-коммуникативтік, реттеушілік, әлеуметтендіру (Б. Қайырова); халық білімдерінің жалпы этникалық дүние мен күнделікті өмір жайлы түсініктерінің негізгі қызметін атқаруы; адамның өз іс-әрекетінің бағытын анықтаудағы бағдарлық ролі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі, этноәлеуметтік рольдердің мәнін айқындау және этнос субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, туыстық тегін тану сияқты функцияларына (К. Қожахметова ) сүйеніп, қазақ ауызекі, шығармашылығының келесі функцияларын анықтадық: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет