1 – үлгі: 5 – сынып оқушыларын қатыстырып өткізген тіл сабағы
|
Тақырып: Үй жануарлары
Ι. Оқыту нақтыдай абстрактіге қарай жүреді.
а) үй тапсырмасы
ә) сабақты жұмыс
Нақты: үйреншікті жағдайда жануарлардың өмірін бақылау.
Абстрактілік - әртұрлі жануарлардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын табу үй жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.
|
А) Оқушыларға үй жануарларын, олардың қалалықтарын, не жейтінін, оларды күту жұмыстарын бақылау тапсырылады. Оқушылардан шағын әңгіме жазу, бақылау материалдарына сүйеніп тақпақ шығару сұралады.
Ә) Мұғалім оқушылар жинаған ақпараттарды жинақтайды және талқы барысында олардың үй жануары туралы дұрыс түсінігін қалыптастырады.
|
ΙΙ. Жеке факті, оқиға төңірегіне шоғырланатын негізгі идеяны меңгеру.
Негізгі идея – Жануарлар өмірімен танысу, жаңа лекциканы меңгеру.
|
А) Оқушыларға жануарлардың тізімі беріледі, оқушылар одан барлық үй жануарларын бөліп, өз таңдауын негіздейді. Жолбарыс; мысық сиыр, қоян, ит, ат, кірпі, тасбақа, арыстан.
Ә) Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қайда мекендейтін туралы әңгімелеу.
|
ΙΙΙ. Жалпы дидактикалық іскерлікті, атап айтсақ негізгіні бөлу, оқулықпен жұмыс, оқығанын өз сөзімен айту, мәселелі жағдайаттарды шешу іскерліктертерді қалыптастыратын материял.
|
Сынып шағын топтарға бөлінеді, әрқайсысы үй жануарлары туралы шағын мәтін алады.
Міндеттер:
1. Мәтінге тақырып беру
2. Мәтінді айтып беру, құрастыру
3. Суретке қарап мәтінің жалғасын ойлап табу.
Менің Лулу деген итім бар. Құйрығы ақ, бірақ өзі қап – қара. Ол ет пен нанды жақсы көреді. Итіміз екеуіміз доп ойнаймыз. Итім қатты жүгіреді. Есік алдында ұйықтайды. Бірде:
|
ΙV. Өзін - өзі тексеруге арналған материялдар.
Үй тапсырмасы, оқушы тексереді:
1. Лексикалық білімін
2. Логикалық ойлау іскерлігін.
|
Кроссворд.
|
V – VI. Өздік жұмыс ( өз бетімен, шығармашылық, абстрактілі ойлауды дамыту.)
|
Тапсырма: суреттер (7)
1. Суреттерді ретімен орналастыру.
2. Суретке қарап әңгіме, шағын шығарма жазу.
3. Суреттерді ретімен қойғанын дәлелдеу.
|
VII. Пәнаралық байланыс.
|
Биология - Білім «Сүтқоректілер» тақырыбында қолданылады.
География - түрлі елдерде қандай үй жануарлары бар?
Орыс тілі немесе қазақ тілі – сөздерін дұрыс айтылуы.
Математика – жануарлар өмірі туралы есеп.
|
VIII. Білімді оқу пәнімен тыс жерде қолдану өмірмен байланыс (сыныптан тыс жұмыс).
|
1. Үй жануарларын күту.
2. Ит (мысық) көрмесіне бару.
|