Жоспар: Темір



Дата10.03.2020
өлшемі15,55 Kb.
#59816
Байланысты:
Темір және оның қорытпалары
Ядролық және радиациялық қауіпсіздік
Темір және оның қорытпалары

 

Жоспар:



 

1. Темір;

2. Феррит;

3. Аустенит;

4. Цементит;

5. Графит;

6. Перлит;

7. Ледебурит.

 

1. Темір және оның қорытпалары – техникадағы, әсіресе машина жасау өндірісінде маңызды конструкцияқ материал болып саналады.



Темір (Fe) – Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің 8-ші тобының элементі, ол Fe, Co, Ni элементтерімен қатарлас орналасқан. Ол жер шарында оның 4,5%-тін құрайды. Бұл табиғатта көп кездесетін төртінші элементтің бірі.

Балқыту температурасы 1539°С (±5°С). 911°С төмен темір Fea (Көлемдік орталықтанған куб торы) формасында болады, 911°С жоғары темір Fev (Гексогональдық тығыз орналасқан тор) формасында болады, 1392°С жоғары қайтадан Fea формасында болады. Темірдің тығыздығы 7680 кг/м3, металдың созылу беріктігі 200...250 МПа, металдың салыстырмалы ұзарғыштығы 50...60%, қаттылығы 70... 80 НВ. Темір – көміртек жүйесінде келесі фазалардан тұрады: сұйық қорытпа, қатты ерітінді (феррит және аустенит), химиялық қосылыс (цементит) және графит түрінде бос көміртек. Бұдан басқа оның құрамына механикалық қосылыстар – перлит пен ледебурит кіреді.

2. Феррит - α-теміріндегі енгізілген көміртектің қатты ерітіңдісі. Онда көлемдік орталықтанған куб торы бар, сондықтан көміртектің ерітіндісі ферритте өте аз болады. Төменгі температуралы α-ферритте 0,02% көміртегі бар, жоғары температуралы α-ферритте (не болмаса б-ферритте) 0,1% көміртегі бар. Ферриттің жоғары созымдылығы (6 = 40...50 %) және жұмсақтылығы (80...120 НВ), сұйық күйінде қысым арқылы жақсы өңделеді.

3. Аустенит — γ-теміріндегі енгізілген көміртектің қатты ерітіндісі, құрамында көміртегі мөлшері 2,14%-ке дейін болады. Жоғары пластикалы, ферритке қарағанда қатты (160...200 НВ). Ол көміртегіден басқа элементтерді де ерітеді.

4. Цементит – FeС химиялық қосылысы, құрамында көміртек – 6,67% С. Ең қатты (800 НВ) және темір мен көміртектің қорытпасы морт сынғыш. Торлары күрделі ромб тәріздес, тығыз орналасқан. Балқу температурасы 1250°С. 210°С-ға дейін цементит магнитті болып келеді. Жоғары температурада графит пен аустенитке ауысады. Оның ішіндегі көміртегі бейметалдармен ауысады (оттегімен, азотпен), ал темір - металдармен (марганец, хром, вольфрам) ауысады. Қорытпалар цементит негізінде таза күйінде қолданбайды. Темір көміртекті қорытпада цементит көп болған сайын, қаттылығы жоғары болады.

5. Графит — көміртек пен гексогональды тордың аллотропиялық модификациясы және бетіндегі әлсіз байланысы. Графит жұмсақ, оның беріктігі өте төмен. Балқу температурасы 3800°С, тығыздығы 2500 кг/м3. Электр тоғын өткізеді және химиялық төзімді болып келеді.

6. Перлит — феррит пен цементиттің механикалық қосылысы, құрамында 0,83% көміртегі бар. Ол 723°C температурада қайта кристалдану нәтижесінде пайда болады. Бұлкезең эвтектоидты, ал перлит эвтектоид деп аталады. Перлиттің жоғары беріктігі (ов = 800 МПа), қаттылығы (200 НВ) және механикалық қасиеттерді жоғарылатады. Перлиттің құрылымы — феррит пен цементиттің ауыспалы пластинкасы.

7. Ледебурит аустенит пен цементиттің — механикалық қоспасы, қорытпа кристалдану кезінде 4,3 % көміртекпен t=1147°C температура кезінде пайда болады. 727°С төмен аустенит ледебуритте перлитке ауысады, суыған соң ледебурит перлит пен цементиттің қоспасын ұсынады. Ледебурит эвтектика. Ол қатты (700 НВ) болады, құрылысы не болмаса жүздік пластинкалық құрылысы барлық ақ шойындарда кездеседі.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет