Байланысты: Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері-1
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
Жоспары:
Қазақ халқының қалыптасу тарихы, «Қазақ» этнонимі.
Шаруашылық, материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасуы,
Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы (ХІV соңы- ХV ғғ),
Қазақ жүздерінің пайда болуындағы этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері, Жүздер-қазақтардың этностық территориялық бірлесуі. Ұлы, Орта, Кіші жүздердің пайда болуы
Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет:
Этностың негізгі этносаяси немесе тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауы.
Қазақ халқының қалыптасу үрдісін оқып-үйренген кезде Қазақстан жерін мекендеген ертедегі тайпалардың өмір тарихына көңіл аудару керек. Дәстүрлі түрде Қазақстан жерін мекендеген тайпаларды зерттеу қола дәуірінен басталады. Біздің заманымызға дейінгі 2-1 мыңжылдықтарда Қазақстан және оған шекаралас жерлерді мекендеген тайпаларды олардың мәдениетіне қарай андроновтықтар дейді. Андроновтықтар туралы толық мәлімет жоқ. Алайда ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады.