Әлімұлы
Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:
шекті;
шөмекей;
төртқара;
кете;
қаракесек,
қарасақал.
Әлімұлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем,Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген.
Жетіру
Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар:
табын;
тама;
кердері;
керейт;
телеу;
рамадан;
жағалбайлы.
Жетіру аталары қыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жазда солтүстікке қарай жылжып көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.
XIX ғасыр
1801 жылы патша өкіметі 5 мың қазақ шаңырағын Жайық пен Еділ өзендерінің арасына көшірді. Бұл жерде Бөкей ордасы құрылды, ол 1812 жылы Бөкей хандығы деп, ал 1845жылы Ішкі орда деп аталды. Осы Ішкі ордада XIX ғасырдың ортасына қарай адай, алаша, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ысық, қызылқұрт, кете, масқар, ноғай, жетіру, таз, тана, төлеңгіт, шеркеш руының адамдары тұрды.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақ халқы бүгінгі Қазақстан жерінің барлық аумағын алып жатты, тіпті одан тыс көршілес аймақтарда да таралды. Мысалы, Орта жүзқазақтарының кейбір топтары моңғолия, Жоңғария, Батыс Сібір және Орталық Азияжерлерінде де тұрды. Кіші жүз қазақтары оңтүстік-шығыс Еуропа жерлерінде, Орал тауы маңында, Орталық Азияда да тұрды. Ұлы жүз қазақтарының кей топтары Жоңғария, Шығыс Түркістан және Орталық Азия жерлерінде де өмір сүріп жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |