Жоспары: Қазақ халқының қалыптасу тарихы, «Қазақ» этнонимі



бет11/14
Дата07.02.2022
өлшемі51,51 Kb.
#94990
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері-1

Шанышқылы


Шанышқылы — Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шектескен аумағында орналасқан. Ұраны — Айырылмас.


Орта жүз тайпалары


Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):

  • арғын;

  • найман;

  • қыпшақ;

  • қоңырат;

  • керей;

  • уақ.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, моңғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған. Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.

Арғын


Арғындар батыста Торғай қыратынан бастап, шығыста Шыңғыстау мен Балқаштың терістік-батысына дейінгі аралықты жайлаған. Олар бұрынғы Павлодар, Ақмола,Қарқаралы уездерінде, Семей уезінде, Көкшетау уезінде, Торғай уезінде, Атбасаруезінде, Қостанай уезінде, Омбы уезінде орналасты. XIX—XX ғасырлар шегінде арғындардың жалпы саны 500 мыңға жуық болған. Ұраны — Ақжол.

Найман


Наймандар Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жеріндеАлтайдан Жоңғар Алатауына дейінгі тау бөктері мен жазықтықтарда орналасты. Наймандардың біраз бөлігі Сыр бойында да жайлады. Қазан төңкерісіне дейін наймандар мына уездерде таралды: Лепсі, Қапал, Өскемен, Зайсан, Атбасар, Семей, Павлодар, Перовск, т.б. Ұраны — Қаптағай.

Қыпшақ


Қыпшақтардың жайлаған өлкесі, негізінен, Орталық Қазақстан, оңтүстікте Сырдың орта, төменгі ағысынан Тобыл өзенінің сағасына дейін. Қыпшақтардың уездер бойынша орналасуы мынадай болды: Торғай, Қостанай, Перовск, Павлодар, Омбы уездерінде. Ұраны — Ойбас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет