Жоспары: Қазақ халқының қалыптасу тарихы, «Қазақ» этнонимі



бет2/14
Дата07.02.2022
өлшемі51,51 Kb.
#94990
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері-1

«Қазақ» этнонимі туралы.
Қазақ халқының пайда болуын зерттеу нәтижесіндегі негізгі аспектілері лингвистикалық және антропологиялық. Осы тұрғыдан көне тарихты үндіевропалық және түркі кезеңдеріне бөлуге болады.
Біздің дәуірімізге дейінгі III-I мыңжылдықтарда Қазақстан өзінің шаруашылық, мәдени дәстүрі, лингвистикалық қатынасы бойынша индоевропалық топтың көне ирандық тармағына жатқан.
Археология, этнография, топонимика, палеоантропология зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қола және ерте темір дәуірінде қазақ тайпалары мен руларының мәдени дәстүрі, этникалық дамуы, лингвистикалық туыстығы негізінде Қазақ халқының, келешек тайпалар мен тайпалар одағының мәдени-тарихи ортақтастығының қалыптасу процесінің алғашқы патриархаттық базасы пайда болған. Біздің дәуіріміздегі 1 мыңжылдықтың басы Еуразияның көптеген бөлігі, оның ішінде Қазақстан, Орта Азия үшін түркі тілдес Көшпелі бірлестіктерден құрылған этногенетикалық дамудың жаңа сатысы болды.15-16 ғасырларда қазақ халқының қалыптасуы және этникалық территориясын анықтаудың көпғасырлық процесі аяқталды.Қазіргі заманғы қазақтарды сипаттайтын келбет автохондық европалық және монғолдық екі нәсілдің күрделі ықпалдасуы негізінде 14-15 ғасырларда қалыптасқан. Осының бәрі қазақ халқының антропологиялық құрамының біртұтастығын құрайды. «Қазақ» этнонимінің шығу тарихы көптеген аңыздарда сақталған, әлі күнге дейін пікірталас туғызады. «Қазақ» атауы қазақ этнонимі «қазақ» - «қас» деген сөзбен, яғни «нағыз» және «ақ» – «батыс» мағынасын білдіріп, «қас-ақ» - «нағыз батыстан шыққан» мағынада Күлтегін мен Білік қағандар кезінде шығыс түріктер «көк түрік» деп атала бастаған Шығыс және Батыс түрік қағанаты кезеңіне сәйкес келеді деген пікір бар. «Қасақ» - ақ қазбен, «қас» - қазу, «кез» - кезу, «қағ» - жүгіру, қашу сияқты көптеген түсіндірмелер келтірілген, бірақ дәйектелген нұсқасы 11 ғасыр шамасында қыпшақтар мекендеген аймақта пайда болған «еркін кезбе» нұсқасы, бұл сөз «өз халқынан бөлінген кісілер» деген мағынаны айқындап, әлеуметтік мінездеме береді. XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.
“Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет