Жоспары: Қазақ халқының қалыптасу тарихы, «Қазақ» этнонимі


Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы (ХІV соңы- ХV ғғ)



бет5/14
Дата07.02.2022
өлшемі51,51 Kb.
#94990
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының құрылуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері-1

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы (ХІV соңы- ХV ғғ),
Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңіХІV ғасырдың ортасы мен ХV ғасырдың ортасы аралығына сай келеді. Монғолдар үстемдігі дәуіріндегі этникалық дамулардың заңды қорытындысына монғолдық этноэлементтердің қыпшақтану процесінің аяқталуы, соның нәтижесінде жаңа этноқауымдастықтың қалыптасуы жатады. Ол этноқауымдастықтың «өзбек» деп аталғандығын жазба дерек мәліметтері дәлелдейді. Өзбек атауына байланысты әртүрлі пікірлер бар. Дешті Қыпшақ аумағындағы ХІV-ХV ғғ. этникалық дамулар барысы өзбек этноқауымдастығынан «көшпелі өзбектер» атты этнобірлестікті туғызса, ал одан өз кезегінде ХV ғасырдың ортасында жеке халық ретінде қазақ этносы бөлініп шығады. Қазақ этносының тарих мінберіне көтерілуі Қазақстан аумағындағы бірнеше мың жылға созылған этногенездің мәреге жеткендігін көрсетеді. ХV-ХVІ ғғ. қазақтардың этникалық тарихын зерттеуде ХV ғ. Өзбек ұлысындағы көшпелілердің ру-тайпалық құрамы туралы мәліметтер басты роль атқарады, - деп жазған болатын Т.И. Сұлтанов.


Жүз — қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет